Солярлық символика: Ұлттық таным және әдеби дәСТҮрдегі фольклоризм ғылыми жетекшісі


І КІРІСПЕ Ғылыми жұмыстың өзектілігі



бет2/9
Дата02.01.2022
өлшемі61.29 Kb.
#452070
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Гиниятова А. НИРС- 2020

І КІРІСПЕ

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Ұлттық дүниетанымдағы солярлық мифологияның жан-жақты қарастырылуы, ғылыми тұрғыда талдануы – өзекті мәселелердің бірі. Күн туралы таным мен түсінік космогониялық мифтер құрамында жеткілікті зерделенсе де, солярлық миф ретінде жекелей жіті зерттелген еңбектер өте аз. Ғылыми әдебиетте, әсіресе, ХІХ ғасырдағы мифологиялық мектептің өкілі В. Манхардт, және т.б. ғалымдар еңбектерінде солярлық сын-сипатқа ие кейіпкер, яғни, күннің қасиеттерін сіңірген мифологиялық қаһарман туралы сюжеттер де солярлық мифтерге жатқызылады. Сондай-ақ халқымыздың өзінің өткенін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетінің бастауларын жаңаша тануға бетбұрыстар жасауы, жаңа көзқарас, ғылымдағы жетістіктер әдебиеттану мен фольклортану ғылымдарының да алдына жаңа міндеттер қояды. Бұл ретте «күн» бейнесінің әдебиеттегі қолданысын сараптап, әдеби-фольклорлық интеграцияның болмысын тануға болады. Фольклор мұраларын, соның ішінде мифологиялық сюжеттер жүйесін дүниежүзілік аренаға шығарып, әлемдік деңгейде қадір-қасиетін бағамдап, құндылығын арттырамыз десек, алдымен ұлттық мифологиямыздың бар болмысына жаңаша үңіліп, қыр-сырына ден қойып, ғылыми салмағын сараптай білуіміз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет