3.3. Рәсімделуі:
- Студенттің курс жұмысының рәсімделу стандарттарына сай болуы керек (№ 1 қосымшада).
- Курс жұмысы қолжазба күйінде не компьютерде терілген күйінде қорғауға ұсынылады.
4. Студенттің өзіндік жұмысын қорғау
4.1. Студенттің өзіндік жұмысы кестеге сәйкес семинарларында қорғалады.
4.2. Студенттің өзіндік жұмысын пән оқытушысы бағалайды.
Студенттің өзіндік жұмысын бағалаудың негізгі критерийлері:
- орындалған жұмыстың ғылыми мамандануына сәйкестілігі;
- орындалған жұмыстың мақсаты мен міндетінің негізделуі;
- зерттеудің қазіргі жаңа ғылыми әдістерін пайдалануы;
- жұмыстың жүйелі, сауатты, нақты жазылуы;
- пайдаланылған ғылыми әдебиеттердің жаңалығы;
- алынған нәтижелермен қорытындының дәйектілігі;
- ғылыми, практикалық мәні;
- жұмыстың рәсімделу сапасы;
- студенттің өзіндік жұмысын қорғауы, (қысқа, нақты, анық, жүйелі баяндауы, кәсіби сөйлей білу деңгейі, қорғауға көрнекілік пайдалануы сияқты);
- қорғау барысында қойылған сұрақтарға жауап беруі.
Достарыңызбен бөлісу: |