СоөЖ №12 Қандастарымыздың Қазақстанның тарихи отанына оралуы


Екінші кезең - 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - қоғамды жұмылдыру кезеңі деп саналады



бет3/3
Дата02.11.2023
өлшемі25.06 Kb.
#482204
1   2   3
СОӨЖ №12

Екінші кезең - 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - қоғамды жұмылдыру кезеңі деп саналады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ел экономикасының қайта түлеп, тұрақты даму қарқынына ілесуі, қоғамды демократияландыру үдерістерінің жедел дамуы кезеңінде маңызды қоғамдық-саяси мәселелерді шешуде алдыңғы қатардан көрінді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік дамудың көптеген мәселелеріне араласуы этностық негізде партиялар құру, этносаралық қатынастар саласын саясаттандырудан сақтауға негіз болды.
Аталған кезеңде орта мерзімге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Стратегиясы, Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Қоғамды жұмылдыру идеясы - Қазақстан дамуының шарты ретінде» Концепциясы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Қоғамның этностық ресурсы ел экономикасын дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу және Қазақстан қоғамының рухани мүмкіндіктерін дамытуға бағытталып отыр.
2007 жылы жүргізілген конституциялық реформалардың арқасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа конституциялық мәртебеге ие болып, еліміздің бас заң шығарушы органына өз өкілдерін сайлау құқығын иеленді. Аталған жылы Ассамблея атынан Парламент Мәжілісіне 9 депутат сайланып, депутаттар еліміздегі этносаралық қатынастарды нығайтуда нәтижелі еңбек етуде: 60-қа жуық заң жобасын әзірлеуге қатысты; азаматтар көтерген мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға 361 хат жолдады; Ассамблея туралы заңнамалық құжаттың жобасын әзірледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін 2008 жыл өте маңызды, нәтижелі жыл болды - Ассамблеяның бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы рөлін нормативті-құқықтық тұрғыда үйлестіретін «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Аталған заңнамалық құжат елдің әрбір азаматын халық үшін аянбай қызмет етуге, осы елдің патриоты болуға шақырып, нақты іс-қимыл бағыттарын ұсынады. Мемлекеттік және өзге этнос тілдерін, салт-дәстүр, мәдениетті өркендетуге толықтай мүмкіндік береді. Сонымен қатар елдің әрбір азаматы Қазақстанның болашағы, егемендік негізі - мемлекеттік тілді дамытып, нағыз іс жүзінде патриотқа айналып, Отан үшін қызмет ету, аталған қасиеттерді жас ұрпақ бойына егу бағыты нақтыланған.
Атқарылған жұмыстар Ассамблеяны мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы қоғамдық институт ретінде танытты. 
Қазіргі таңда елімізде 600-ден астам этномәдени бірлестік, 4 ұлттық театр, Достық үйлері және 195 жексенбілік мектеп қызмет етіп, этнос тілдерінде 35 газет, журналдар жарыққа шығады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынас саласының барлық мәселесіне ден қойып, мемлекеттік органдармен белсенді қарым-қатынаста жұмыс істеп отыр. Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктерімен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, Мәдениет және ақпарат, Сыртқы істер, Әділет министрліктерімен бірқатар бағыттар бойынша нақты шаралар атқарылуда. Ұлттық академиялық кітапхана жанынан Ассамблеяға арналған депозитарий ашылды.
Президенттің Ассамблеяны нығайту бағытындағы тапсырмаларына сәйкес, тұрақты әрекет етуші Ғылыми-сараптық кеңес құрылды. Аталған кеңес этносаралық қатынастар саласындағы өткір мәселелерді ашық талқылап, сараланған, зерделенген шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кеңес жұмысына еліміздегі беделді ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері тартылып, нақты жұмыстар атқарылуда.
Ассамблея жанынан дүниеге келген келесі ірі жоба - Қоғамдық қор. Аталған Қор еліміздегі тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған әр түрлі жобаларды қаржыландырумен айналысуды көздеп отыр.
Аймақтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен мемлекеттік саясат пен еліміздің қоғам бірлігін нығайту бағытындағы мақсат-міндеттерін халыққа түсіндірумен айналысатын арнайы ақпараттық-насихат топтары құрылып, нәтижелі еңбек етуде. Бүгінгі таңда 400-ден астам адам ел ішінде насихаттау жұмысын жүргізіп отыр.
ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымына кіретін Ассамблея Хатшылығының құрамы кеңейтіліп, Бейбітшілік және келісім сарайына Алматы қаласынан 10 этномәәдени бірлестік көшірілді. Ассамблеяның арнайы веб-порталы ашылып, бұл ұйым туралы ақпарат таратуға жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық салада жетістік болмайды деген қағиданы тарих әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан Қазақстан халқының бірлігін бұдан әрі жетілдіру міндеті мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналып отыр.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Жолдауында аймақтардағы жұмысты күшейтіп, халыққа жан-жақты жәрдем көрсетуді қатаң тапсырды. Дағдарыс жағдайында тұрғындарға көмек көрсету бағытында мемлекеттік билік орындары нақты шараларды атқарып, халықты жұмыспен қамту, оларға әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарына ауқымды қаражат бөліп отыр. Дағдарысты жеңу бағдарламасының басым бағыттарының бірі аграрлық секторды қолдау, яғни әлеуметтік аз қамтылған ауыл тұрғындарын көтеру болып табылады. Аталған бағытқа мемлекет қоржынынан қомақты қаражат бөлініп, ауыл тұрғындарына нақты көмек қолы созылды.
Қазақстанның экономикалық дамуы, этносаралық қатынастардың әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы ең алдымен қазақ ұлтының еншісі екендігі анық.
Елді жұмылдырушы маңызды фактордың бірі қазақ халқы, оның дәстүрлік, тілдік және мәдени құндылықтары болып табылады. Кез келген мемлекеттің бірігуінің, ортақ мақсатқа ұйысуының негізі халықтың жаппай мемлекеттік тілді қолдануына байланысты.
Мемлекеттік тіл мен қазақ ұлты - Қазақстан қоғамын жұмылдырушы басты күш, Қазақстан халқының тұрақтылығы мен еліміздегі бейбітшіліктің кепілі.
Халық бірлігі - мемлекеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы: мүмкіндігімізді пайдаланып, халықты біріктірудегі жүйені дамыту.
Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеялары
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы (ҚХА) 14 облыстық және Астана мен Алматы қалаларының, жалпы 16 кіші Ассамблеялармен өзара қарым қатынаста жұмыс істейді. Бұл кіші Ассамблеялар ұлттық-мәдени бірлестіктердің, ардагерлер кеңестерінің, жергілікті мәслихаттардың, жастар ұйымдарының өкілдерінен, творчестволық интеллигенцияның көрнекті қайраткерлерінен және дінбасылардан құрылған әрі облыс әкімдерінің жанындағы ... орган қызметін атқарады. Кіші Ассамблеяларды Астана, Алматы қалаларының және облыс әкімдері басқарады. Олар кіші ассамблеялардың құрамын бекітеді, өз қызметтерінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, ел Президентінің актілерін, ҚХА сессияларының шешімдерін, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Стратегиясын және ҚХА туралы Ережені басшылыққа алады. Қазақстан халықтары Ассамблеясының ұлттық құрамы 35 ұлт өкілдерінен тұрады. Қазіргі кезеңде (ҚХА) құрамына 450 ұлттық мәдени орталық кірсе, олардың 23-і республикалық және аймақтық мәртебеге ие.
«Ассамблея – бұрын-соңды ешбір елде болмаған бірегей құрылым. Басқа мемлекеттер де біздің үлгіміз бойынша түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын осындай ұйым құруды бастады. Бүкіл қоғамды ұйыстырып, ырыс-ынтымағымызды арттыру – аса өзекті мәселе. Біз әрқашан «Береке басы – бірлікте» деген қастерлі қағиданы ұстандық. Қазақстан отыз жыл ішінде халқы тату, жері тыныш, қоғамы тұрақты мемлекетке айналды. Бұл – шын мәнінде, мақтан тұтарлық жетістік. Сан түрлі ұлыстың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыру – оңай шаруа емес. Бұл – табандылықты талап ететін күрделі жұмыс. Біз сыйластық пен келісімнің, бауырмалдық пен өзара құрметтің негізінде еңселі, өркениетті ел болып отырмыз», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы» мәртебесін беру туралы ұсынысын ұйымның барлық мүшесі бірауыздан қолдады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет