3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
Көлемі 20 беттен кем емес, А4 форматында, шрифті - 14 Times New Roman немесе 12 Arial KZ, интервалы 1,0.
Титулдық бетте рефераттың тақырыбы мен студенттің аты –жөні көрсетіледі. Рефераттың жазылуының жылы мен орны астыңғы жақта ортасында болады.Рефератпен жұмыс жасаған кезде ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сонымен қоса оларды дұрыс ресімдеу керек.
Сілтемені:
- дәйексөздерде
- сандарды, деректерді, атауларды көрсеткенде
- ұйғарымдарды анықтаған кезде жазу керек.
Сілтемелер түрлі тәсілдермен ресімделеді. Мысалы: жолма-жол әр беттегі келтірілген сандар мен дәйексөздер "1-ден бастап әрі қарай" сандармен белгіленеді немесе саны артатын "жұлдызшалармен" белгіленеді, мәтіннің төменгі жағындағы әр беттік сілтеме негізгі бөліктен 3-4 см. сызықпен бөлінеді, сызықтың астында сілтеменің номері мен библиографиялық сипаттама көрсетіледі.
4. Рефератты қорғау
Сіз рефератты қарап шығуға мерзімінен бірнеше күн бұрын ұсынуыңыз керек. Қорғау кезінде оның негізгі бөлігін айтудың қажеті жоқ. Сол кездің өзінде рефератты қорғау сұрақ-жауап кешіне айналмауы керек, ол бәрін айтып шығуға мүмкіндік бермейді. Өз жауабыңызды сауатпен және қисынмен негіздеңіз. 5-15 мин ішінде рефераттың өзектілігі жайлы, қойылған мақсат пен міндеттер туралы, зерттелген материал, негізгі бөлімнің құрылымы жөнінде, жұмыс барысында жасалған тұжырымдарыңызды айтып үлергеніңіз маңызды.
Нәтижесінде реферат бірнеше мәселе бойынша бағаланады:
- рефератқа қойылатын ресімді талаптардың сақталуы;
- тақырыпты сауатты ашу;
- ұсынылған реферат туралы айқын айта білу;
- қойылатын сұрақтарды түсіну қабілеті мен оларға нақты жауаптар таба білу.
Достарыңызбен бөлісу: |