құқығының түсінігі.
Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің
25-бабында қылмыстық іс жүргізу заңында ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайтыны көрсетілген.Ол мына принциптерге негізделінген:
-іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді, заттай айғақтарды соттың, прокурордың ,тергеушінің, анықтаушының еркін бағалауы;
-соттың өз тұжырымдамаларында қылмыстық ізге түсу органдарының бағалау пікірлері мен байланысты болмауы;
Қылмыстық іс жүргізуде заттай айғақтар дәлелдеме қатарына жатқызылған.Сондықтан да заттай айғақтар дәлелдеме міндеттерін атқаратыны айқын болып табылады.
Кінәсіздік презумпциясы принципі бойынша кінәлінің айыбын құқық қорғау органдарының қызметкерлері заттай дәлелдемелер арқылы заңдылықты сақтай отырып дәлелдеуге тиіс.
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
а) тектік сипаттағы философиялық ұғым;
ә) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынасындағы "дәлелдеме" қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен затгарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Тар мағынасында бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:
а) дәлелдеме-шындықты анықтаудың процесі не әдісі;
ә) дәлелдеме-тану мен бағалаудың статистикалық объектісі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінші мағынасы тән, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі "дәлелдеу" терминімен белгіленеді.
"Дәлелдеме" ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А. И. Трусов былай деп жазды: "...Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі нақты фактілермен жұмыс істейді".
А. И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:
а) соттық дөлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
б) жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;
в) соттық дәлелдемелер арқылы занда көзделген қылмыстық іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме — қылмыстық іс жүргізу қүқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға кұқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК-нің 115-бабында былай деп жазылған: "Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәледдемелер болып табылады".
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
а)дәлелдемелердің ҚІЖК-сінде көрсетілген ережелерге сәйкес алынуы;
б)дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
в)дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
д)мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;
е)жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не кінөсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына:
- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің жауаптары;
-сарапшы қорытындысы;
-заттай айғақтар;
-іс жүргізудің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |