Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдеудің субъектілері болып тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар болады,яғни тараптар дегенде, талапкер мен жауапкерді түсінеміз. Негізінен, дәлелдеуден босатудың негіздері Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 71-бабының нормаларымен реттеледі. Яғни, - 1.Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.
- 2.Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамадар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
- 3.Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қараған сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша,сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.
- 4.Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.
5.Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
- Осы заманғы ғылымда,техникада,өнерде,кәсіпшілікте жалпы қабылданбаған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
- Олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.
2. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып танылады.
Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен,заттай дәлелдемелермен,сарапшылардың қорытындылармен,іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде,материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
- Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
- Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.
- Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу,оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.
- Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді Азаматтық процестік кодексінде белгіленген ережелер бойынша судья жүргізеді.
- Істің сотта туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді заңдармен көзделген тәртіппен сотта нотариустар немесе консулдық мекемелердің лауазымды адамадры жүргізеді.Өтініш беруші және іске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарауға кедергі болып табылмайды.
- Хаттамалар және дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен жиналған нәрсеніңі іске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып,істі қараушы сотқа береді.
Достарыңызбен бөлісу: |