3. Дәлелдемелердің түрлеріне келетін болсақ, оларға: тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәнің айғақтары, жазбаша дәлелдемелер,заттай дәлелдемелер,сарапшылардың қорытындылары және өзге де құжаттар болып табылады.
Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы,егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп табылмайды. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады.
Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілермен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айырықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды.
Сарапшының қорытындысы- бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.
4. Іске қатысушы адамдар – дәлелдемелерді жинау мақсатында, сондай-ақ сот оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруы мүмкін. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар: - заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы келмесе;
- ғылымилығы жарамды болса;
- іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;
- қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |