Соз ауруы деген не?



жүктеу 33.12 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі33.12 Kb.
Соз ауруы, емдеу және алдын алу

Соз ауруы деген не?


СОЗ АУРУЫ – жалпы халық арасында соз не перелой деп аталатын кең таралған жұқпалы ауру. Қоздырғышы – гонококка арқылы туындайды. Көбінесе жыныстық жолмен беріледі. Негізінен, несептік жыныс органдарының шырышты қабықшасын зақымдайды.

Жоғарыда атап өтілгендей, соз ауруын жұқтыру, оральды және анальды сексті қамтитын, жыныстық жол арқылы болады. Кейбір кезде соз ауруы бар науқаспен алдын ала біле тұра жыныстық қатынас жасаған адамның бойында ешқандай аурудың белгілері көрініс бермейді. Бұл – оның ауруды жұқтырмады деген сөз емес. Оған міндетті түрде зерттеу жасау керек. Симптомсыз өтуі деп аталатын соз ауруы сырқаттанған адамға да, сонымен бірге онымен байланыс жасаған адамға да қауіпті болады. Ал, егер жұқтырылу тіпті болмаған болса (бұл туралы тек маман ғана талдаманың нәтижелері бойынша тұжырымдай алады), онда кездейсоқ жыныстық байланыс деп аталатынның алдын алу - адамның дені сау күйінде қалуы мен емделуді болдырмауы болып табылады.


Соз ауруының симптомдары


Еркектерде соз ауруы өтуінің жасырын кезеңі 2-15 тәулікке созылады. Соз ауруының алғашқы симптомдары, науқас серіктеспен жыныстық қатынас жасағаннан кейін 2-5 күннен кейін пайда болады.Созбен ауыратын науқаста алдымен несеп шығару жолында қолайсыздық сезіледі, бірнеше сағаттан кейін дуылдап қышу, күйдіру және сарғылт-жасыл түсті іріңді бөлініс пайда болады.

 Әйелдерде соз ауруы өтуінің жасырын кезеңі 1-3 аптаға созылады және әдетте симптомсыз өтеді. Әйелдерде соз ауруының симптомсыз өтуі пайызының көп болуы, аурудың ерте сатысында осы аурудың сирек анықталуына әкелмек, және соның салдарынан құйымшақ органдарының қабыну ауруы түрінде асқынудың ( 40% дейін) жоғары жиілігіне әкелмек.


Соз ауруының қаупі қандай?


Аурудың ұзақ уақыт өтуі кезінде әйелдерге соз ауруы қауіпті болады, микроағзалар құйымшақ органдарына таралады, қосарлары- аналық-жұмырқалары мен аналық- түтікшелерінің қабынуын (аднексит, сальпингит), туғызады, бұл түпкі нәтижесінде бедеулікке әкелмек. Нәрестелерде көзінің зақымдануы жиі байқалады, бұл соқыр болып қалуға әкелуі мүмкін. Аурудың ұзақ уақыт өтуі кезінде еркектерде ені мен оның қосарлары (орхит, эпидидимит) зақымданады, бұл –бедеулікке әкелуі мүмкін.

Соз ауруының диагностикасы


Соз ауруының диагностикасы: науқастың шағымын зерттеуге, жыныстық мүшесін және несеп шығаратын жолының сыртқы тесігін, шоманы мен ендерін қарап тексеруге пальпациялауға,несептік бездерін, ұрықтарын зерттеуге, несептік-нәжістік жолдардан (несеп шығару жолынан) алынған бөліністер мен жұқпаларды зерттеуге негізделген.

Соз ауруын емдеу


Соңғы кездері соз ауруын емдеу тәсілі елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл негізінен алғанда, бұрындары соз ауруын емдеудің негізін құрайтын, пенициллин қатарындағы антибиотиктерге гонококктер төзімділігінің дамуына байланысты болып отыр.Соз ауруын емдеу кезінде гонококка бактерицидті және бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер басты маңызға ие. Жаңадан болған қатты соз ауруы кезінде, емдеу тиімділігін алу үшін этиотропты емдеу жүргізу жеткілікті болады. Асқынған, торпидті және созылмалы түрдегі созбен ауыратын науқастарға кешенді этиологиялық және патогенетикалық емдеу көрсетіледі. Соз ауруын емдеу дәрігердің қатаң бақылауында жүргізілуге тиіс. Соз ауруын табысты жүргізілген емдеудің дәлелі, зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелері бойынша, клиникалық симптомдарының жоғалуы мен гонококктар бөлінуінің жоқтығы болып табылады. Емделушілер соз ауруын емдету кезінде жыныстық қатынас жасамауға, диетаны сақтауға (ащы, майлы, қақталған тамақтарды, бифидодақылы бар йогурттерді ішуді шектеуге) тиіс. Соз ауруын науқастың өзін-өзі емдеуі ауыр асқынуына әкелуі мүмкін. 
Соз ауруының алдын алу қағидаттары
1. Жыныстық қатынас жасайтын серіктесіңді мұқият таңдап алу.Ең тазасы –

жұбайлығына адалдығын сақтау нұсқасы болып табылады. Жыныстық қатынас жасалмаған жағдайда, қол алысып амандасу, немесе бассейінге түсу кезінде осы инфекция берілмейтіндігіне сеніңіз (бұл теріс пікірдің дәлелі).
2. Кездейсоқ жыныстық қатынас жағдайында мүшеқапты пайдалану. Осы шара көптеген жағдайда жұқтыруды болдырмайды (қорғаныш құралдарын қолдану жағдайында).
3. Венериялық ауруға шалдығудың жоғары ықтималдығы бар серіктеспен жыныстық қатынас жасау орын алған кезде, жекелей кеңес алуға мүмкіндігінше тез арада венерологқа хабарласу қажет.

4. Жыныстық қатынас жасағаннан кейін, гигиеналық құралдарды пайдалану арқылы шоманды және несеп шығару басын жуу, жұқтырудың қауіп-қатерін 50% төмендетудің деректері бар.
ЖИТС ОО ДК мейірбикесі Г.Е. Рахманова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет