Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет27/58
Дата10.10.2023
өлшемі1.41 Mb.
#480274
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
 
Арифметикалық орта мәнді табу 
1. Бір бұтадан 3 кг қарақат терілді, екіншідей - 2 кг, ал үшіншіден - 4 кг. Бір 
бұтадан орташа есеппен қанша килограмм қарақат теріп алынды? 
2.Бір ағаштан 12 кг алма теріп алынды, екіншіден - 8 кг, ал үшіншіден - 7 
кг. Бір ағаштан орташа есеппен қанша килограмм алма жиналды? 
3.Бір қорапта 11 қарындаш болды, екіншіде 9, ал үшіңшіде - 13 қарындаш. 
Әр қорапта бірдей 
І 
көлемде болу үшін қанша қарындаштан қою керек? 


95 
4. Бірінші күні балалар көрмеге 23 сурет салды,. екіншіде - 12ал үшіншіде 
- екіншіге қарағанда 2 суретке аз. Бір күнде баладар орта есеппен қанша 
сурет салды? 
5. Балалар бірінші күні мектеп бақшасынан 76.кг картоп жинады. Екінші 
күні біріншіге қарағанда 24 кг көп, ал үшінші күні - 100 кг. Күніне жиналған 
картоптың арифметикалық орта мәнін тап. 
6. Мотоциклші бірінші сағатта 60 км/сағ жылдамдықпен, екінші сағатта - 70 
км/сағ жылдамдықпен, ал үшіншіде 20 км/сағ жүрді. Мотоциклшінің 
орташа жылдамдығы қандай? 
7. Мотоциклші бірінші сағатта - 60 км/сағ жылдамдықпен, екінші сағатта — 
70 км/сағ жылдамдықпен, ал үшіншіде екінші сағатқа қарағанда 20 км/сағ 
аз жылдамдықпен жүрді. Үш сағатта мотоциклшінің орташа жылдамдығы 
қандай? 
8. Мотоциклші бірінші сағатта — 60 км/сағ, екінші сағатта біріншіге 
қарағанда - 10 км/сағ аз, ал үшінші сағатта екінші сағатқа қарағанда 20 
км/сағ аз жылдамдықпен жүріп келе жатты. Үш сағаттағы мотоциклшінің 
орташа жылдамдығы кдндай? 
9. Бірінші тобатаида - 12 литр сүт, екіншіде 2 есе аз, ал үшіншіде, біріншіге 
қарағанда 3 есе аз. Үш тобатай ішіндегінің арифметикалық орта мәнін тап. 
 
10. Бір бригада бір күнде 107 м жолды жөндеді, екінші бригада -108 м 
жолды, ал үшінші бригада екі бригаданы бірге алғанда 70 метрге аз. Үш 
бригада жұмысының арифметикалық орта мәнін тап. 
11. Бір бригада бір күнде 107 м жолды жөндеді, екінші бригада - 7 м аз, ал 
үшінші бригада болса, екі бригаданы бірге алғандағыдай. Үш бригада 
жұмысының арифметикалық орта мәнін тап. 
12. Бірінші жәшікте 24 кг алма болды, екіншіде - 14 кг аз, ал үшіншіде -
екіншіге қарағанда 2 есе көп. Бірдей болу үшін әрбір жәшікке қанша кг 
алмадан салу керек? 
13. Бірінші жәшікте 24 кг алма болды, екіншіде біріншіге қараганда 12 кг 
көп, ал үшіншіде екіншіге қарағанда 2 есе аз. Бірдей болу үшін әрбір 
жәшікке қанша кг алмадан салу керек? 
 


96 
14. Бірінші жәшікте 34 кг алма болды, екіншіде -14 кг аз, ал үшіншіде 
екіншіге қарағанда 19 кг көп. Бірдей болу үшін, әрбір жәшікке қанша кг 
алмадан салу керек? 
15. *Егер салмағы 35 кг бірінші жәшіктен 5 кг алма алса, онда екінші 
жәшікте сонша болады, ал егер 5 кг алма қосса, онда үшінші жәшіктегідей 
болады. Үш жәшіктің арифметикалық орта мәнін тап. 
16. ! Бір бөренені тоқарамен 12 минут кесті, екіншісін 3 минутқа артық, ал 
үшіншісін бірінші мен екіншіні бірге алғандағыдан - 3 есе аз. Егер жұмыс 
жылдамдығы бес есе азайса, бір бөренені қоларамен кесуге қанша минут 
қажет болады? 
17. ! Үш балықшы 75 алабұға ұстап алып, балық сорпасын жасады. Бірінші 
балықшы үшіншіге қарағанда екі есе көп алабұға берді, ал екінші біріншіге 
қарағанда - 4 есе аз. Қалған балықты олар өзара теңдей бөліп алғанда, 
оларда 18 балықтан бодцы. Балық сорпасына әрбір балықшы қанша 
балықтан берді? 
18. Кассада бірінші сағатта Астанаға 340 билет сатылды, екінші сағатта - 
320 билет, ап үшінші сағатта - 330 билет. Кассада сағатына орташа есеппен 
қанша билет сатылды? (310, 320, 330, 340 билет) 
19. © Бірінші сынып оқушысы жүз метрді 24 «секундта, екінші сынып 
оқушысы 15 секундта жүгіріп өтеді. Ал Ғалым иттен қашып, 3 секундта 
жүгіріп өтті. Үш оқушы уақытының арифметикалық орта мәнін тап. 
20. © Қанатта 384 жабыстырма болды, Болатта Қанатқа қарағанда 2 
жабыстырмаға көп, ал Ринатта Қанат пен Болаттағыны бірге алғандағыдан 
541 жабыстырмаға аз. Егер олар бөліссе, Қанат, Болат және Ринат қанша 
жабыстырмадан алады? 
21. Ең үлкен піл тасбақасының салмағы 400 кг, жайман тасбақасы одан 10 
есе кем, ал теңіз тасбақасы кайман тасбақасынан 30 кг кем. Осы үш 
тасбақаның орташа салмағы қанша? 
22. Үш африкалық піл тәулігіне - 360 кг азық, ал бес үндістандық 750 кг 
азық жейді. Пілдер рационының орташа арифметикалық мәнін тап. 
23. Бамбуктың бір түрі аптасына 3 м 50 см, ал екінші түрі 4 м 90 см өсті. Екі 
бамбук түрінің бір күнде өсуінің орташа арифметикалык мәнін тап. 


97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет