Сөз мерген сайысы



бет1/3
Дата01.04.2024
өлшемі54.5 Kb.
#497174
  1   2   3
Сөз мерген

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы

Покатилов жобб мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Урынгалиева Гульбаршин Шинбаевна

Сөз мерген сайысы (5-9сынып оқушылары арасында)


Жүргізуші: Құрметті жиналған оқушылар, бүгін мектебімізде жоспарланған сыныптан тыс іс-шара тіл айлығында өткелі тұрған тіл білгірі сайысысына Қош келдіңіздер!
Армысыздар,алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы –«СӨЗ МЕРГЕН»!
Бүгінгі –«СӨЗ МЕРГЕН»сайысына 3топ қатысады.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де,жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де,жылағанды жұбатып,күлгенді жылатанды да-осы тіл. Ең ащы да-тіл,ең тәтті де –тіл.Қазақ тілі-дүние жүзіндегі бай,бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал-мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.
Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен шақырайық қол соғып.
1-топ «Алғырлар»
2-топ «Білгірлер»
3-топ «Жүйріктер»
Ал енді осы топтың қайсысы оза шабатынын,қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ-қазыларымызбен танысайық.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бегежанова К.Ж.
Математика пәні мұғалімі: Амангалиева А.С.
Ағылшын пәні мұғалімі: Жалмуканова М.С.
I кезең «Сәлем-сөздің атасы»
Үш топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек.
Сөз кезегін қатысушыларымызға береміз.
II кезең «Мықты болсаң тауып көр».
Бұл кезеңде мықтылықтырынды көрсетесіңдер

Тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар..


1)Құлын,ат,тай,жылқы.(таңба басқандай) алыс
2)Жылқы,қой,түйе,сиыр.(аузынан шөп алмас) момын
3.Сүйек, қаңқа, ит,ет.(терісін басына қаптау) ұрысу
4.Ит,төбет, күшік, қасқыр ( өлген жер) алыс
5.Жақ, құлақ,тіл, айыз (алғыш) қарамақарсы сөз тіл азар
6.Колқа, көмекей, өңіш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу
7.Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты
8. Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз
9. Ұлдың, қыздың,ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем, көрікті
10. Көз,сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады.

III кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Жасырылып тұрған сөзді тауып,сол табылған сөзді орысшаға аударып айту.
Бірлігі жарасқан * * бұзылмас. (ел- страна)
Татулық табылмас * * * * *. Бақыт-счастье)
* * * -ұлы қару. (сөз-слова)
Адамды * * * * үйретеді. (өмір-жизнь)
Еңбек-таптырмас * * * * *. (байлық-богатство)
Тәрбие басы-* * *. (тіл-язык)  
IV-сайыс. «Ойлы болсаң, тауып көр»
бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет