Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады.
Етістікті сөз тіркестері:
а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев));
ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті. (Ғ. Мүсірепов)) болып екі салаға бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысы өз ішінен бірнеше топқа таралады.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері: үстеулі сөз тіркестері, еліктеуіш сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері. сан есімді сөз тіркестері, зат есімді сөз тіркестері сияқты 6 топтан тұрады.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері: табыс жалғаулы сөз тіркестері, барыс жалғаулы сөз тіркестері, шығыс жалғаулы сөз тіркестері, жатыс жалғаулы сөз тіркестері, көмектес жалғаулы сөз тіркестері, шылау сөзді тіркестер сияқты 6 топтан тұрады.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%82%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA%D1%82%D1%96_%D1%81%D3%A9%D0%B7_%D1%82%D1%96%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96
https://www.soyle.kz/article/view?id=613
Қазақ тіл білімінің мəселелері ф.ғ.д. Ғ. Əнес, К. Шаймерденова. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014.
Күрделі сөз тіркесі
Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.
Күрделі сөз тіркестері қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркі тілдерінде проблемалы мəселенің бірі болып келе жатыр. Түркі тілдеріндегі күрделі сөз тіркестері туралы осы уақытқа дейін бір ғана Н.Базарбаевтың кандидаттық диссертациясы жазылуы мəселенің əлі зерттелмей, жеке қарастырылмай келе жатқанын дəлелдесе керек. Əзірге сөз тіркестерінің құрылымдық белгілері мен түрлері жайлы зерттеулер жүріп жатыр да, олардың күрделену тəсілдері мен жолдары əзір шешімін таппаған. Тіпті күрделі сөз тіркестері деп қандай синтаксистік топты айтамыз дейтін сұраққа айқын, дəл жауап беру көп ретте мүмкін бола бермейді. Қазіргі түркі тілдеріндегі еңбектерде сөз тіркесінің сөзден, əсіресе күрделі, т.б. сөздерден айырмашылығы да айқын емес. Н.П. Прокопович соңғы жылдары кеңес тіл білімінде сөз тіркестерінің зерттелуіне баса назар аударылып отырғанымен, кейбір мəселелердің əлі де болса жеткілікті қарастырылмай келе жатқандығын айтады. Ғалым ондай проблемалардың қатарына күрделі сөз тіркесінің көлемі мен шегі жайындағы мəселені
жатқызады [27, 25]. Бұл пікірді қолдай келіп Н.И. Филичева сөз тіркесі құрылысының күрделену шегін айқындау керектігін баса айтады.
Жай сөз тіркестері кемінде толық мағыналы екі сөзден құралады, олардың
əрбір сыңары жеке-жеке бір сөзден ғана болады. Ал күрделі сөз тіркестерінің құралуы əртүрлі болып отырады. Бірде басыңқы мүше, бірде бағыныңқы мүше күрделі болады. Сол сияқты мұндай кезде сөз тіркестерінің əрбір сыңарлары да күрделі бола береді. Сонда олардың əрбір мүшесінің күрделі болуы, біріншіден, сөз тіркесінің құрылысына, екіншіден, жалпы өзара сөз тіркесін құрай алуына əсерін тигізе ме?
Сөз тіркесінің əрбір сыңарлары күрделі болғанда, олар екі-үш мүшеден құрала отырып, өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Өйткені оның біреуі негізгі мағынаға ие болады да, ал қалғандары оған қосымшалық қызмет атқаруы тиіс. Сөз тіркестерінің əрбір мүшесінің күрделі болуы оның құрылысын кеңейте түседі. Олардың құрылысын кеңейтуге түрлі көмекші етістіктер, шылау, т.б. əсер етеді.
Сонымен бірге күрделі сөз тіркесінің əрбір сыңарының күрделі сөз, қос сөз, біріккен сөздерден, т.б. айырмашылығы да айқындалады. Өйткені күрделі сөздерді біліп алмай, күрделі сөз тіркестерінің əрбір сыңарының жалаң немесе күрделі екендігін білу де қиын. Сондықтан күрделі сөз тіркестерінің жасалу ерекшелігін анықтау күрделі сөздердің жасалу жолдарын айқындау-
ды қажет етеді. Оның үстіне сөз тіркестері синтаксистік қызметі жағынан да айқындалатыны белгілі. Жалпы күрделі сөз бар да сөйлем мүшесі бар. Екеуі де синтаксистің объектісі болғанымен, бірде сөз тіркесінің, енді бірде сөйлем мүшесінің ыңғайында қарастырылады. Сонда күрделі сөзді құрайтын элементтердің барлығы да бірдей бір-ақ күрделі сөйлем мүшесі бола ма, жоқ па деген мəселе келіп шығады. Өйткені синтаксистік қызмет жай жəне күрделі сөз тіркестерінің əрбір сыңарына тəн. Сөйлем мүшелеріне талдауда жай сөз тіркестері онша қиындық тудырмайды. Ал күрделі сөз тіркестерінің күрделі сөйлем мүшелерімен синтаксистік қызметін айқындауда өзіндік қиыншылықтар байқалады.Сондықтан да олардың синтаксистік қызметін анықтау үшін лдымен күрделі сөз тіркестерінің өзіндік жігін, оны құрайтын элементтерді білу – басты шарт.
Сонымен, күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастығы олардың жасалу жолында емес, сөз санының көлемінде. Саны жағынан екеуі де екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Ал сыңарларының өзіндік ерекшеліктері тұрғысынан оларда ұқсастық жоқ. Өйткені сөз тіркесінің əрбір сыңары толық мағыналы, синтаксистік қызметі бар, біріне-бірі бағыныңқы-басыңқы қызметте жұмсалуға тиісті сөздер болса, күрделі сөздердің сыңарлары кейде толық мағыналы, кейде дербес мағынасы жоқ сөздер де болады, олардың арасында сөз тіркесіндегідей толық грамматикалық байланыс жоқ. Сол тобымен бір-ақ сөз табы қызметінде жұмсалады.
Жасалу жағынан келгенде алғашқы академиялық грамматикада күрделі сөз тіркестері бірнеше сөзден келгенімен, оларды іштей бірнеше байланысу формаларына қарай жіктемейді. Екінші академиялық грамматикада, керісінше, бір күрделі сөз тіркесінің өзінде қиысу мен қабысу, қиысу мен қиысу, меңгеру мен қабысу, əртүрлі формадағы қабысу сияқты іштей бірнеше байланысу формаларына жіктейтін сөздер тобы шыға береді. Бірақ екі академиялық грамматикада да сөз тіркесінің күрделі түрлері мен толық мағыналы сөздердің ыңғайында жасалатындығы айтылады. Бұған қарағанда сөз тіркесінің құрылысы жайлы мəселе орыс тіл білімінің өзінде толық шешілді деп айту əлі ертерек сияқты. Сөз тіркесі құрылысын зерттеудің теориялық та, практикалық та мəні зор. Оның өзі жай жəне күрделі сөз тіркестеріне де тəн. Əрбір сөз тіркесінің кез келген сыңарын білу үшін, ең алдымен, оны құрайтын элементтерін білу қажет. Ал оның құрамында дербес мағыналы жəне дербес мағынасы жоқ сөздер де болуы мүмкін. Дербес мағыналы сөз таптары ғана (көбіне) жай сөз тіркестерін құрай алады. Сонымен бірге, бұл сөз таптары – күрделі сөз тіркесін жасаудың негізгі материалы. Яғни күрделі сөз тіркесін жасауда əр сөз табының өздеріне тəн ерекшеліктері айрықша қызмет атқарады.
Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. - Алматы, 1981
Достарыңызбен бөлісу: |