Қорытынды
Қорыта айтқанда, сөздердi семантика-құрылымдық топтарға бөлудiң күрделi теориялық iлiм ретiнде қазақ тiл бiлiмiнде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Ежелгi дәуiр лингвистикасында философиялық және филологиялық кезеңнiң болғандығы, дәуiрдiң көрнектi өкiлдерi сөздердi логикалық негiзде жiктеп, есiм, етiстiк, жалғауыш деп ажыратты. Филология деп алататын кезеңде Грамматистердiң Александриялық мектебi қалыптасып, грамматика iлiмiн дамытудың жоғарғы сатысына көтерушiлер – Аристрах, оның шәкiртi Дионсий Фракийский, Аполони Дискол болды.
Орта ғасыр – әртүрлi дiндердiң туып, дүниежүзiлiк дiндерге айналуымен ерекшелене отырып, дүниежүзi ғылымы мен мәдениетiнiң дамуына елеулi үлес қосқан араб ғалымдары жарыққа шығарған еңбектерiмен толықты. Бұл жерде сөздердi тапқа бөлуде көрнектi ғалым – Сибавейхидiң 796 жылы жазылған «Ал Китоб» деп аталатын еңбегiнiң маңызы зор.
XV-XVI ғасырлар арасын қамтитын қайта өркендеу дәуiрi – орта ғасырларда жөндi мән берiлмеген ежелгi грек, рим жазба нұсқаларын тауып, жариялау оларға филологиялық талдау жасаумен ерекшелендi. Бұл тұста атап өтер еңбектiң қатарына 1757 жылы жарық көрген М.В.Ломоносовтың «Россия грамматикасы» атты еңбегiн жатқызамыз.
Салыстырмалы-тарихи әдiспен тiл бiлiмiнiң қалыптасуының алғашқы басқышы болған ХІХ ғасыр лингвистикасы. Бұл дәуiр тiлдi – дамып, өзгерiп отыратын тарихи құбылыс деп танумен ерекшелендi. Бұл ғасыр лингвистикада бiрнеше ағымдар мен мектептер, сондай-ақ, салыстырмалы-тарихи әдiс негiзiнде жазылған еңбектердiң дүниеге келуiмен және «Жас грамматистер бағыты» деп аталатын көзқарастың қалыптасуымен ерекшелендi.
«Жас грамматистерге» қарсы күресте туып қалыптасқан лингвистика – ХХ ғасыр тiл бiлiмi. Бұл дәуiр лингвистикалық ой-пiкiрдiң дамуының жаңа кезеңi болып саналады.
Қазақ тiл бiлiмiндегi сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгiнгi жайы да сөз етiле отырып, оның жетiстiгi мен кемшiлiк тұстары да айқындалды. Қазақ тiл бiлiмiнiң бүгiнгi жетiстiгi тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистiк принциптерiне анықтама берiлдi. Бұл принциптер әр ғалым еңбектерiнде әртүрлi дәрежеде негiзге алына отырып, сөздердi таптастырудың бiртiндеп даму сатысынан өткендiгi айқындалды.
Орыс тiл бiлiмiнде Л.В.Щербадан, түркiтанымда А.К.Боровковтан, қазақ тiл бiлiмiнде Қ.Жұбанов бастаған жаңа лек-буынның келуiмен бұл үш принцип негiзге алына отырып, сөздердi таптастырудың теориялық принципi қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |