Созылмалы миелолейкоздың диагностикасында және болжауында цитогенетикалық маркердің маңызы



Дата03.07.2016
өлшемі36.12 Kb.
#175815
СОЗЫЛМАЛЫ МИЕЛОЛЕЙКОЗДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫНДА ЖӘНЕ БОЛЖАУЫНДА ЦИТОГЕНЕТИКАЛЫҚ МАРКЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Д.К. Жумажанова, Ж.С.Талдықбаев

Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті, Қазақстан
Созылмалы миелолейкоз - ерте гемопоэтикалық ізашарларда қатерлі транформация нәтижесінде миелопролифератифті клональді процесс түзеді. СМЛ-дің цитогенетикалық маркері иеленген хромосомдық транслокациясы t(9;22), ол филадельфиялық хромосома (Ph+) атауын иеленген. Филадельфиялық хромосома 9 және 22 t(9;22) хромосомаларының генетикалық материалдарының айырбасталу нәтижесінде түзіледі. Генетикалық материалдың 9-дан 22-ші хромосомаға ауысуы нәтижесінде біріккен ген BCR-ABL, ақуызы р210 жоғары белсенді тирозинкиназа оның азығы болып табылады. р210 ақуызы жасушаның өсуінде, сигналдардың реттелуінде маңызды рөл атқарады. BCR-ABL тирозинкиназасының гемопоэтикалық ізашарларда пайда болуы қалыпты жасушалардың қызмет істеуіне және қатерлі трансформацияға әкеліп соғады. Патологиялық р210 ақуыз құрамы, уақыт өте келе қалыпты бағаналы жасушаларды шығарып тастайды. Диагнозды анықтау кезінде Ph+ хромосома СМЛ ауруымен ауыратын адамдардың жілік майының жасушаларында 100% анықталады. СМЛ ағымында 3 фазаны анықтайды: созылмалы, өтпелі (акселерация фазасы) және терминальді фаза. Бұл ауру өзінің барлық кезеңінің ағымында бірінші рет диагностика жасалуы да мүмкін [1].

СМЛ-дың созылмалы фазасы диагноз қою уақытында 85% ауруларда анықталады. Кей жағдайда диагноз қою уақытында мөлшерлі қан аздық, тромбоцитопения немесе керісінше тробоцит мөлшерінің көбеюі анықталады. Өйткені СМЛ-дің созылмалы фазасы спецификалық емес, қойылған диагноз гематологиялық көрсеткіштерге негізделеді және міндетті түрде жілік майын зерттеу кезінде морфологиялық және цитогенетикалық әдістермен бекітіледі.

СМЛ-дың акселерация фазасы жүргізілген монотерапия және лейкоз ауруының белгілерінің пайда болуымен және ауру адамда резистентті жетілуі мына белгілердің ең болмаса біреуінің болуымен анықталады:


  • перифериялық қанда/жілік майында бластты жасушалардың 10-29%-ға дейін болуы;

  • бластты және промиелоциті мөлшері ≥30%;

  • қанда базофил мөлшері ≥20%;

  • тромбоцитопения ˂100х109/л терапиямен байланысты емес;

  • терапия барысында көкбауырдың мөлшерінің ұлғаюы (10 см-ден артық);

  • қосымша хромосомдық аномалиялар (қосымша Рһ-хромосомасы, 8-ші жұптың трисомиясы, 17 изохромосомасы т.б.) [2].

Бластты криз диагнозы перифериялық қанда немесе жілік майында бластты жасушалардың 30%-дан көп болуымен анықталады.

СМЛ емінің мақсаты гематологиялық ремиссиясы, цитогенетика және молекулярлы жауап алу болып табылады. Емдеудің жоғары ерекшелігі цитогенетикалық және молекулярлық әдістерді қолдануды талап етеді Осы зерттеудің мақсаты СМЛ-дің цитогенетикалық маркері мен болжамында маңыздылығына баға беру.

Жілік майы жасушаларын өсіру кезінде стандартты әдісті қолданған [3].

Жілік майын ішінде RPMI-1640 қоректік орта және 1,5 мл ІММ сарысуы бар стерильденген сауытқа тамызады. Өсу уақыты t=37С болатын термостат ішінде 24-48 сағат аралығы. Гипотониясы KCL ерітіндісімен жасалынады, одан кейін метанол және сірке қышқылы (3:1) қоспасымен бекітіледі. Шыныларды термостатқа бір тәулікке дейін қойып, соңынан G-әдісі бойынша трипсин қосып бояған. Зерттеу барысында әр жағдай 20 жасушадан кем болмауы тиіс. Кариотиптеу халықаралық ISCN (2009) номенклатурасы бойынша жүзеге асады [4].

СМЛ диагнозы жағдайдың 100% (40 науқас) цитогенетикалық әдіспен реципрокті транслокацияның t(9;22) бар болуымен анықталған. СМЛ емінің жетістігі клиникалық практикаға интерферон альфа кейінірек иматиниб мезилат препараттарын енгізуі болып табылады, олар патологиялық филадельфиялық хромосоманың жағымды клонын едәуір басылуын шақырады. Иматиниб препаратын клиникалық зерттеу жасағанда оның СМЛ емінде тиімділігі жоғары екенін анықтады. Жиналған тәжірибе өте үміттендіруші болып табылады, өйткені иматиниб препаратымен емдеу СМЛ-дің өршу екпінін бәсеңдетіні белгілі болған.

Толық цитогенетилалық жауап, бұл жағдайда науқастарда қалыпты кариотипі қалпына келетіні анықталған және Рһ хромосома анықталмайды осы жағдай СМЛ науқастарының емделуінде қалыпты өлшемі болып табылады. Осы зертттеуде иматиниб препаратымен емдеу нәтижесінің 6 айлық бақылауында 50 % жағдайда СМЛ-дің толық цитогенетикалық жауабы анықталған, қалған 50 % науқастар цитогенетикалық жауаптың жылдамдығымен ерекшеленеді: 60% цитогенетикалық жауап болмаған, 20% ең аз цитогенетикалық жауап (Рһ+67%) байқалған және қалған 20% шағын цитогенетикалық жауап (Рһ+60%) байқалған

Осылайша, өзіне тән ерекшелігі бар цитогенетикалық маркер созылмалы миелолейкозды анықтауда, емдеу әдісін әзірлеуде, сондай ақ болжау жасауда анықтаушы рөл атқаратыны белгілі болды.

Созылмалы миелолейкоздың цитогенетикалық маркерлері зерттелді. Цитогенетикалық көрсеткіштер бойынша СМЛ-да емнің тиімділігі зерттелген және емге цитогенетикалық жауап шығарылған. Созылмалы миелолейкозды болжауда және диагностика жасауда цитогенетикалық әдістің ақпараттылығы орын алған.


Әдебиеттер

1. Богданов К.В., Фролова О.И., Маринец О.В. и др. Клиническое значение вариантов хромосомной транслокации t (9;22) у больных хроническими миелолейкозами //Гематол. и трансфузиол.-2003.-№3.-С.3-9.

2. Kantarjian H., Talpaz M., Giles F., O'Brien S., Cortes J. New Insights into the Pathophysiology of Chronic Myeloid Leukemia and Imatinib Resistance //Ann Intern Med. - 2006. - N 145. - P. 913-923.

3. Hungerford D.A. Leikocytes cultured from small inocula in whole blood and the preparation of metaphase chromosomes by treatment with hypotonic KCl //Stain Technology. - 1965. - V 40.- № 6.- P. 333-338.



4. ISCN, An International System for Human Cytogenetic Nomenclature/ Ed. Mitelman F. Basel.-2009.-138 p.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет