Созылмалы панкреатит ауруы кезінде пациент және оның туыстарын оқыту



бет5/6
Дата12.02.2024
өлшемі1.04 Mb.
#491639
1   2   3   4   5   6
Тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет;
күндізгі ас үлесі: ақуыз - 100 г., май - 100 г. (оның үштен бір бөлігі өсімдік майы), көмірсу - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г.
Рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, шошқа, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар, ми, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкен, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық консервілері, тұздығы және майлы тұздығы бар тамақтар; өт жолына тас байланған жағдайда бұларға қосымша қант қайнатпа, бал және кондитер өнімдерін шектеген дұрыс.

1. Жылына неше рет бақылауда болу қажет?


Оқыту нәтижесінің тиімділігін бағалау

1. Жылына неше рет бақылауда болу қажет?

2. Қандай дәрігердің қарауында болады?

3. Қандай диеталық стол тағайындалады?

4. Қандай тамақтарды шектеу керек?

5. Күніне неше рет тамақтану қажет?


Сұрақтар

Жауаптары

1. Жылына 5-6 рет бақылауда болу қажет.

2. Терапевт дәрігердің қарауында болады.

3. №5 диеталық стол тағайындалады.

4. Майлы, қуырылған тамақтарды шектеу керек.

5. күніне 4-5 рет тамақтану қажет.

Тест

1. Панкреатит –

  • Өт қабының қабынуы
  • Ұйқы безінің қабынуы
  • Бүйрек тостағаншаларының қабынуы
  • Асқазанның шырышты қабатының қабынуы
  • 2. Панкреатиттің дамуына негізгі себепші фактор?

  • Ішімдік ішу
  • Ащы тағамдарды көп қолдану
  • Ас тұзын көп қолдану
  • Семіздік
  • 3. Панкретиттің негізгі белгісі

  • диарея
  • Сол жақ қабырға асты және эпигастрий аймағының ауырсынуы
  • Артериялық қан қысымының жоғарылауы
  • Оң жақ мықын аймағының ауырсынуы
  • 4. Панкреатит кезіндегі емдік диеталық стол-

  • 15
  • 4
  • 5
  • 7
  • 5. Панкреатит кезіндегі шектелетін тағамдар?

  • тұзды және ащы тағамдар
  • Жеміс-жидектер
  • Көкөністер
  • Асылған және буға пісірілген тағамдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет