Спорт және өнер факультеті


Дене дамыту даярлық мазмұны



бет2/3
Дата27.10.2023
өлшемі71.5 Kb.
#481716
1   2   3
рома ҚР ҚК әскери қызметшілерінің тәрбие жұмысының әдістемесі

2. Дене дамыту даярлық мазмұны
Дене даярлық міндеттерін тиімді шешу үшін жаттығулар талап етілген деңгейде дене және арнайы сапаларды,әскери-қолданбалы дағдыларды қолдау және дамыту бағыттарына сәйкес қолданылады.
Дене сапалары - бұл қозғалыс іс-әрекетін қамтамасыз ететін ағза қасиеті. Әскери қызметкерлердің негізгі дене сапаларына жатқызылады: шыдамдылық, күш, шапшаңдық пен ептілік.
Шыдамдылық деп жұмысты оның тиімділігін төмендетпестен ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде орындау қабілеті түсіндіріледі. Шыдамдылық жалпы және арнайы болуы мүмкін. Ол ағзаның физиологиялық мүмкіндіктеріне негізделеді. Шыдамдылықты дамыту құралдары болып саналады: қозғалысты жылдамдату, шаңғымен жүру, кедергілерді жою, жүзу, спорттық және қозғалыс ойындары.
Күш деп сыртқы қарсыласуды жою немесе бұлшық ет күштері есебінен оларға қарсы тұру қабілеті түсіндіріледі. Күшті дамытуға әртүрлі тартылулар көмегімен бұлшық ет қуаттылық деңгейін ұлғайтуға әсер ететін дене жаттығуларын қолдану арқылы қол жеткізіледі. Осы мақсатта салмақты көтеру және тасымалдауға дене жаттығулары, гимнастикалық снарядтар мен тренажерлардағы күш жаттығулары, жеке салмақпен жаттығу жасаулар қолданылады.
Шапшаңдық деп ең аз уақыт ішінде қозғалыс әрекеттерін жүзеге асыру қабілеті түсіндіріледі. Шапшаңдықты дамыту жылдам қозғалыстық реакциялар және қозғалыстың жоғары жылдамдығын талап ететін дене жаттығуларының көмегі арқылы жүзеге асады. Осы мақсатта әртүрлі жылдамдықты және жылдамдық-күш жаттығулары (қысқа аралыққа жүгіру, секіру, айналу және т.с.с.), сонымен бірге жағдаяттың аяқ асты және динимикалық өзгеруін сипаттайтын жаттығулар (спорттық және қозғалыс ойындары кедергілер жолындағы жаттығулар және т.с.с.) қолданылады.
Ептілік деп қозғалысты біріктіру, мақсатты түрде үйлестіру, оларды біртұтас ретінде ұйымдастыру, меңгерілген әрекетті есепке ала отырып қозғалысты бағдарлау немесе өзгермелі шарттармен сәйкес оларды қайта қосу қабілеті түсіндіріледі.
Ептілікті дамыту екі жолы арқылы жүзеге асырылады. Біріншісі әскери қызметкерлердің қозғалыс тәжірибесін жүйелі түрде қозғалыстың жаңа формаларымен толтыру, екіншісі - аяқ асты өзгермелі жағдаяттар шарттарында пайда болған координациялық қиыншылықтарды жеңумен байланысты.
Бірінші жол қозғалыс іскерліктерінің қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде пайда болатын ауытқуларды жеңу және қозғалыстарды үйлестіру қажет ететін жаңа дене жаттығуларының үйрену үрдісінде қол жеткізіледі.
Екінші жол әдеттегі дене жаттығуларына қозғалыс координациясына қосымша талаптар қоятын әдеттегіден тыс фактор енгізу арқылы жүзеге асады. Осы мақсатта гимнастика тарауынан, кедергілерді жеңу, қол күресі, спорттық және қозғалыс ойындарынан алынған дене жаттығулары қолданылады.
Гимнастика және атлетикалық даярлық.
Гимнастика және атлетикалық даярлық сабақтары ептілікті, күш және күш жыдамдылығын, икемділік, теңселу және жүк көбеюге деген тұрақтылықты, кеңістік бағдарды, қолданбалы қазғалыс дағдыларын дамытуға, батылдық пен шешім табуға тәрбиелеуге, сымбаттылықты, тартылымдылықты жетілдіруге бағытталған. Гимнастика сабақтары кезінде оқушылар бойында қозғалыс біліктері мен дағдыларын сапалы қалыптастыру үшін қажетті шарттар құрылады.
Сабақта гимнастикалық аландар мен қалашықтарда, спорт залдарында немесе арнайы жабдықталған ғимараттарда, машықтану комплекстерінде, сонымен бірге жергілікті жерлерде өткізіледі.
Қол күресі
Қол күрес сабақтары қарсыласты жою, оны қатардан шығару немесе тұтқындау, оның шабуылынан өзіндік қорғану, сонымен бірге батылдықты, өз күшіне сенуге тәрбиелеуге бағытталған.
Қол күрес сабақтары өткізіледі:

  • Қаруды қолданатын күрес тәсілдерін оқыту кезінде – стационарлы және көшпелі тұлып, нысандары (тоқыма шарбақтары), көшпелі кедіргілері (қабырғалар, шарбақтар, аз байқалатын кедергілер және т.с.с.), баспалдақты алаң қайлар, терезесі бар үйлер фасадымен, тактикалық аландар, қарауыл қалашықтар мен кедергілермен жабдықталған арнайы алаңқайларда;

  • Қаруы жоқ күрес тәсілдерін оқыту кезінде – ұнтақ және құмы бар арнайы дайындалған тегіс шөпті алаңқайларда немесе спорт залдарында (мақтасы бар кілемшелерде).

Кедергілерді жеңу
Кедергілерді жеңу сабақтары қолдан жасалған және табиғи кедергілерді жеңу дағдыларын қалыптастыру және жеңуге, арнайы тәсілдер мен әрекеттерді орындауға, шапшаңдық және жылдамдық – күш шыдамдылығын дамытуға, зор дене жүктемелері фонындағы ұжымдық әрекеттердегі дағдыларды жетілдіру, өз күшіне сенуіне, батылдық пен шешім табуға тәрбиелеуге бағытталған.
Кедергілерді жою жеке шынайы (қолдан жасалған) кедергілермен жабдықталған жергіліктерде немесе әскери киім формасын киіп, кедергілердің арнайы құрылған жолақтарында өткізіледі.
Жеделдетілген қозғалыс және жеңіл атлетика 
Жеделдетілген қозғалыс сабақтары шыдамдылықты, шапшаңдықты, жылдамдық – күш сапаларын дамытуға, тегіс және қиылыстырылған жергіліктер бойынша жүру, жүгірудегі дағдыларды жетілдіруге, еріктік сапаларды тәрбиелеуге бағытталған. Сабақтар стадионда немесе тегіс алаңқайда (спорт залда), сонымен бірге жол және жолдан тыс бойынша ойлы-қырлы жергіліктерде өткізіледі.
Шаңғы даярлығы
Шаңғы даярлық сабақтары шаңғыда қозғалу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіруге, шыдамдылықты дамытуға, ерік сапаларын тәрбиелеуге, ағзаны шынықтыруға бағытталған. Сабақтар ереже бойынша екі оқу сағаттарында фронтальды немесе поток әдісі ұзақтылығымен жүргізіледі.
Әскери-қолданбалы жүзу
Әскери-қолданбалы жүзу сабақтары әскери-қолданбалы жүзудегі дағдыларды қалыптастыруға, суда өзін-өзі игеру және шындауға тәрбиелеу, жалпы төзімділікті дамытуға бағытталған.
Сабақтар жүзу техникасын жақсы меңгерген және оқыту әдістемесін жетік білетіндер сонынан көмекші бөлінген әскери қызметкер – тек бөлімше командирінің жетекшілігімен жүргізіледі.
Спорттық және қозғалыстық ойындар
Спорттық және қозғалыстық ойындар сабақтары шапшаңдықты, ептілікті, жалпы және жылдам шыдамдылықты, кеңістік бағдарды дамытуға, ұжымдық іс-әрекеттердегі дағдыларды қалыптастыруға, тұрақтылық, шешім табушылық, инциатива және тапқырлыққа тәрбиелеуге, ақыл-ой және дене жұмыс қабілеттілігін қолдауға, оқу – күрес іс-әрекет эмоционалды күшін басуға бағытталған.
Спорттық және қозғалыс ойындар сабақтар ашық ауада және спорт залдарында ұйымдастырылады. Дайындық және сабақтың қорытынды бөлімдері саптың құрамында, негізгі бөлімі – саптың құрамында немесе бөлімшелерде (командалар бойынша) өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет