3. Әскери-спорттық кешен жаттығуларын өткізу әдістемесі
Гимнастика және жеңіл атлетика сабақтары ептілікті, күш және күш шыдамдылығын, икемділікті, кеңістік бағдары, қолданбалы қозғалыс дағдыларын дамытуға, батылдық пен шешім таба білуге тәрбиелеуге, тұлға және тартымдылықты жетілдіруге бағытталған. Гимнастика сабақтарында оқушылар бойында әдістемелік біліктер мен дағдыларды сапалы қалыптастыру үшін шарттар құралады.
Сабақтар гимнастикалық аландар мен қалашықтарда, спорт залдар немесе арнайы жабдықталған ғимараттарда, машықтандыру комплекстерінде, сонымен бірге жергіліктерде жүргізіледі.
Даярлық бөліміне қатардағы тәсілдер мен назар бөлу жаттығулары, жүру мен жүгіру жаттығулары, бір орында орындалатын жалпы дамытушы жаттығулар, ерікті жаттығулар комплесі,екеуге арналған жаттығулар, сонымен бірге «секіріп-міну» және «секіріп-түсу» жағдайын жетілдіруге арналған жаттығулар, арнайы және секіру жаттығулары енеді. Даярлық бөліміндегі жалпы дамытушы жаттығулар әуен қолдана отырып немесе оны қолданбастан, гимнастикалық қабырғада, гимнастикалық орындық, доп, таяқ, гантелдермен (дене жаттықтырушылар жатығып ойнайтын екі басы шоқпар ортасы тұтқалы кірлер) орындалуы мүмкін.
Сабақтың негізгі бөліміне көпір ағаштағы, брустағы (астында тірегі бар қатар орнатылған жарыспалы екі ағаш гимнастика аспабы) дене жаттығулары, тіректік және тірексіз секірулер мен комплекстік жаттығулар, кірлермен орындалатын жаттығулар, салмақ тереңдігінде, өрмелеу, қозғалысты ойындар және эстафеталар енеді.
Кірлер қолданылатын жаттығулар, жаттығулардың гимнастикалық снарядтарындағы дене жаттығулары даярлық жаттығуларының көмегін қолдана отырып тұтасымен және бөлшектер бойынша үйретіледі, ал ерікті жаттығулар комплекстері – бөлімделіп үйретіледі.
Гимнастикалық жаттығулардағы машықтандыру оларды көп қайталаумен бекітіледі. Күрделі дене жаттығулары алдымен бөлшектеліп, кейін тұтасымен жетілдіріледі.
Дене жүктемесін және интенсивтілікті жоғарлату үшін барлық әскери қызметкерлердің қатысуымен бір уақытта, кезектесіп, сапта, колонналармен, бір-бірімен немесе бірнеше адам ағымдарымен, бір-біріне көмектескен күйі жұпатсып өткізілетін гимнастикалық жаттығулар қолданылуы мүмкін.
Гимнастикалық жаттығуларды орныдау үшін саптан шығу мысалы: «Қатардағы сұлтан» бастапқы жағдайға адымда (жүгір) бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Өз тегін естіген әскери қызметкер саптық тік тұруды қабыл алып, «Мен» - деп, жауабын береді, орындау бұйрығы бойынша «Құп болады» жауабын береді, осыдан кейін снарядтың оң жағында саптық жүріс немесе жүгірумен бастапқы жағдайға ие болады және гимнастикалық тік тұруды қабыл алады (оң аяқ жарты қадамға қалдырылады, қолдар арт жақта біріккен, дене салмағы екі аяққа тең бөлінеді).
«Снарядқа» бұйрығы бойынша («Алға»-секірулерін орындау кезінде) оқушы саптық тік тұруды қабыл алып, снарядқа жақындайды, дене жаттығуларын орындайды, маттан түсіп, сабақ жүргізуші жетекшіге тік бұрылады. Гимнастикалық жаттығулар «секіріп-міну» және «секіріп-түсу» жағдайын қысқа уақыттың фиксациялаумен басталады және аяқталады.
«Снарядқа»(«Алға») бұйрығы бойынша кезекті оқушы бастапқы жағдайға көшеді, ол жаттығуды орындап болған соң – сапқа тұрады.
«Снарядқа» («Алға») бұйрығынан кейінгі тексеруде әскери қызметкер саптық тік тұруды қабыл алады да, тексеруші жағына басын бұрып, әскери лауазымын және тегін баяндайды.
Дене жаттығуларын бір уақытта орындау үшін әскери қызметкерлер «Бөлім бастапқы қалыпқа адымда (жүгір) бұйрығы бойынша саптын шығады. «Снарядқа» немесе «Алға» бұйрықтары бойынша оқушы дене жаттығуларын орындап, жетекшіге бетімен бұрылады да, оның бұйрығы бойынша сапқа қайта оралады.
Жұптасқан күйде дене джаттығуларын орындау үшін әскери қызметкерлер «бірінші» және «екінші» саналады да, мысалы «Бөлім, снарядқа екеуден, солға алшақтан » бұйрығы бойынша ажыратылады. Осыдан кейін «бірінші нөмірлер бастапқы жағдайға, екінші нөмірлер – сақтандыру және көмек көрсету үшін, адымда », бұл бұйрық бойынша оқушылардың бірі бастапқы жағдайдан шығады, ал екіншілері саптық тік тұру жағдайында снарядтың оң жағындағы орынды қабылдайды. «Снарядқа» бұйрығы берілгенде бірінші нөмірлер дене жаттығуларын орныдайды, оны аяқтағаннан кейін жетекшіге бұрылады, екіншілері көмек көрсете отырып, бастапқы жағдайды қабылдайды.
Сапқа оралу реті бойынша алдын-ала бұйрықтар берілгеннен кейін жаттығуларын потокпен орындау үшін тәсілдер және қайталау санына, айталық, «Потокпен – Снарядқа» немесе «Потокпен – Алға» командалары беріледі.
Қажет болған жағдайда оқушылар арасындағы ара қашықтық көрсетіледі: «Бөлімше, ара қашықтығы бес қадам, потокпен-Алға»
Тренажерларда (машықтандыруларда) комплекетік машықтандыруды ұйымдастыру үшін күш және күш шыдамдылығын дамытуға арналған дене жаттығулары орындалатын сабақ өткізудің бірнеше орындары тағайындалады.Салмақ тарту,қайталау саны, жұмыс және демалыс уақыты бойынша дене жүктемесінің дозалауына кейін әскери қызметкерлер жетекші бұйрығы бойынша көрсетілген тренажерларға жақындап,тоқтайды да, оларға қарай бетімен бұрылады.Жаттығулар «Снарядқа» бұйрығы бойынша басталып, «Жаттығуды - Аяқтап» - бұйрығы бойынша аяқталады.Осыдан кейін оқушылар бұрылады және шеңбер бойынша орындарды ауыстыру жүзеге асырылады.
Травматизімді алдын-алу қамтамасыз етіледі:
-Снарядта дене жаттығулары және секірулерді орындау кезіндегі сақтандыру және сенімді көмекпен;
-Снарядтардың ( босауы, карабиндері, стопырлық құрылымдар және т.с.с.) техникалық жағдайларын тексерумен;
-Арнайы снарядтарда дене жаттығуларын орындау кезіндегі қол және аяқ тіреушіктер сенімділігін тексеру.
Түркістан 2023
Достарыңызбен бөлісу: |