Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы


жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Жоғары спорт



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі462.5 Kb.
#131410
1   2   3   4   5

жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Жоғары спорт
шеберлігі мектептері қызметінің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің (бұдан әрі – ЖСШМ) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
      2. ЖСШМ республикалық, облыстық және қалалық (аудандық) мәртебесі болуы мүмкін.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) спорт түрлері бойынша бөлімшесінің аға жаттықтырушы–жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты (толық жүктемесі бар үштен кем емес жаттықтырушылар-оқытушы) iске асыратын және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;
      2) спорттық жетiлдiру топтары – оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
      спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – 1-спорттық разряд;
      спорттың басқа түрлерiнен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;
      3) жоғары спорт шеберлiгi топтары – спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
      спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;
      спорттың басқа түрлерiнен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберi»;
      4) тұрақты құрам – ЖСШМ-де тұрақты түрде жаттықтырылатын және директордың бұйрығымен ЖСШМ-ның контингентіне қабылданған спортшылар;
      5) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиына және жарыстарға шақырылатын, және ЖСШМ штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылармен тұрақты түрде шұғылданатын спортшылар.
      4. ЖСШМ құру үшін мына міндетті талаптар болуы керек:
      1) ғылымның және тәжірибиенің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға және сапалы өткізуге қабілетті білікті жаттықтырушы-оқытушы құрам (бірінші біліктілік санатынан төмен емес);
      2) спортшыларға оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерді, қалпына келтіру іс-шараларын спортшылардың тиімді демалысын және рационалды тамақтануын, толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін спорттың түрі (түрлері) бойынша материалдық-техникалық база (жеке немесе жалға алынған);
      3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарындағы спорт мектептерінің спортшыларына қойылатын талапқа сай жасы және дайындық деңгейі бойынша спортшылар;
      4) спортшыларды спорттық-әдістемелік (ғылым) және медициналық қамтамасыз ету.

2. Мақсаттары мен міндеттері

      5. ЖСШМ-ның негізгі мақсаты спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады.
      6. ЖСШМ-ның негізгі міндеттері:
      1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу және дайындау;
      2) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесін, физикалық сапасының жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін өсіруді талдауды жүзеге асыру;
      3) спортшылардың жарыстарға қатысуын және сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
      4) ЖСШМ спортшыларының дайындық процесін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      5) ЖСШМ-ның жаттықтырушы-оқытушы құрамын және басқа қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
      7. ЖСШМ-ның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына қызметтерді орындайды:
      1) ЖСШМ-ның спортшылары үшін жеке немесе жалға алған спорттық ғимараттарында жыл бойы оқу-жаттығу процесін өткізу;
      2) ЖСШМ спортшыларының кешенді нысаналы бағдарламасын және дайындық жоспарын іске асыру;
      3) спортшылардың дайындық процесінің спорттық-әдістемелік (ғылыми) қамтамасыз етуді, медико-биологиялық, профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын жүзеге асыру;
      4) спортшылардың, жаттықтырушылардың және ЖСШМ-ның басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға спорттық-бұқаралық іс-шаралар бірыңғай күнтізбелікке сәйкес оқу-жаттығу процесіне қатысуын қамтамасыз етуді (спорттық жарыстарға орай, жалпы денешынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындар, спортшыларды тексеру үшін өткізілген іс-шаралар, қалпына келтіру жиындар жылына 250 күнге дейін пайдалануға мүмкіндігі бар);
      5) қажетті жаттығу сабағы және спорттық жарыстар үшін спорттық мүкәммалдар мен жабдықтар, спорттық формамен, оқу құралдармен қамтамасыз ету;
      6) патриотизмді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу.

3. Контингентті қалыптастыру тәртібі



      8. Республикалық ЖСШМ – республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері қабылданады.
      Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ республикалық жарыстардың, облыстардың Астана мен Алматы қалаларының спорт түрлері бойынша біріншіліктердің жүлдегер және чемпиондар спортшылары қабылданады.
      9. ЖСШМ-ның контингенті олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының 50%-нен кем емес мүшелерінен жасақталған спортшылардың тұрақты және ауыспалы құрамынан құрылады.
      10. Спортшылардың контингенті, оқу топтарының саны және оқу сағаттарының жылдық есе бір республикалық ЖСШМ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстық, қалалық (аудандық) ЖСШМ – дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жыл сайын тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей бекітеді.
      11. Спорт түрлерінен бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары спорттық-сауықтыру лагерьлерін, оқу-жаттығу жиындарын, спорттық жарыстарды, қосқанда 52 аптаға есептелінген спорт түрлері бойынша бағдарламаларға сәйкес өткізіледі.
      12. ЖСШМ-ның контингенті спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi тобына кіретін спортшылардан қалыптасады. Спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарына қабылданған спортшылардың жасы белгіленген спорттық нормативтер және осы топтардың талаптары жыл сайын расталған жағдайда шектелмейді.
      13. Спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарында екі рет жаттығу өткізілгенде бір сабақтың ұзақтылығы төрт академиялық сағаттан көп болмауы қажет.
      14. Қазiргi бессайыстан (биатл, триатл) сабақтарға қаражат бөлудi есептеу кезінде, оқу сағаттары 2,5 есеге көбейтiлді, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секiру, акробатика, үйлесiмдi жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлоннан – 2 есеге көбейтiледi, ал шаңғы қоссайысы, жеңiл атлетика көпсайысы, полиатлоннан, есу слаломнан, байдарка мен каноэде есуден, академиялық есуден сабақтарға қаражат бөлудi есептеу кезінде оқу сағаттары – оқу бағдарламасына енетiн спорт түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы есепке алына отырып, 1,5 есеге көбейтiледi.
      Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту топпен жұмыс істеуге негiзгi жаттықтырушы-оқытушы және спорттың шектес түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды бiрден алған жағдайда жүргiзiледi.
      15. Осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген, бірінші тобына енгізілген спорт түрлерде негiзгi жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, спорттың шектес түрлерi, жалпы дене шынықтыру дайындау бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар хореографтар, аккомпониаторлар шақырылады.
      16. Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат алған командалар мен спортшыларды дайындау үшiн ЖСШМ өзінің қаржы шегiнде ұзақтығы 18 күнге дейiн республикалық және ұзақтығы 24 күнтізбелік күнге дейiн халықаралық жарыстарға оқу-жаттығу жиындарын өткiзеді.
      17. Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтары спорттық жетілдіру топтары құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша ЖСШМ-ның басшысының шешімі бойынша ашылады.
      Республикалық ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтары спорттық жетілдіру топтары құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімі бойынша ашылады.
      ЖСШМ-де жоғары спорт шеберлігі тобы жоғары спорт шеберлігі тобы құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімімен ашылады.
      18. ЖСШМ-де спорттық дайындыққа қатысушылар мыналар болып табылады:
      1) олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының тізімдік құрамына енгізілген спортшылар;
      2) спорт түрлері бойынша бөлімшелердің аға жаттықтырушысы, білікті жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар ЖСШМ спортшыларын дайындауға шақырылған жеке жаттықтырушылар;
      3) спортшыларды даярлауға ЖСШМ шақырған дәрігелер, әдіскерлер, массажист, психологтар және басқа да мамандар.
      19. ЖСШМ спортшыларының жеке тізімдік және жаттықтырушы-оқытушыларының құрамы, спортшылардың бір жылға арналған жеке дайындық жоспары, бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жыл сайын 10 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша – 1 мамырға дейін уәкілетті органға (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) келісуге ұсынылады.
      20. ЖСШМ спортшыларының және жаттықтырушыларының дербес тізімін жаттығу және жарыс циклі аяқталған соң ЖСШМ басшыларының ұсынысы негізінде қажет жағдайда, уәкілетті орган (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) қайта қарастырады.
      21. ЖСШМ-ге дайындыққа шақырылған спортшылар мына құжаттарды тапсырады:
      1) жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесін;
      2) спорттық атақ берілген туралы куәлігінің көшірмесін;
      3) медициналық картасының және спортшының денсаулығы туралы қорытындысының көшірмелері;
      4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылатын спортшының жеке картасын;
      5) бір жылға арналған оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарын.
      22. ЖСШМ-ның спортшылары мына талаптарды орындамаған жағдайда оқудан шығарылады:
      1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
      2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық режимін бұзғанда;
      3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
      4) ЖСШМ-ның ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
      5) спорттық этиканы бұзғанда;
      6) тыйым салған субстанциялар және тыйым салғанәдістер қолданғанда.
      23. ЖСШМ-ның спортшылары, сонымен қатар мына негіздемелер бойынша оқудан шығарылады:
      1) өз еркімен;
      2) заңды өкілдерінің арызы бойынша (спортшының кәмелет жасқа толмағанға дейін).

4. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру



      24. ЖСШМ-ның спортшыларымен жүргізілетін оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары мыналар:
      1) оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру және өткізу;
      2) ЖСШМ оқушыларының жас санаттары бойынша дайындық жоспарына сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу;
      3) топтық және жеке оқу-жаттығу тәжірибелік және теоретикалық сабақтар;
      4) базалық және жалпы физикалық дайындау, арнайы физикалық дайындау және технико-тактикалық дайындау бойынша оқу процесінің кезеңде жеке жоспар жөніндегі сабақтар;
      5) спорттық жарыстарға қатысу;
      6) перспективалы жоспар жасау және бір жыл бойынша жұмысты талдау;
      7) қалпына келтіру, сауықтыру және профилактикалық іс-шараларды өткізу;
      8) медициналық тексеріс және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету;
      9) мақсатты тәрбиелік және патриоттық жұмысты қамтамасыз ету;
      10) нұсқаушы және төрешілік тәжериебе;
      11) мақсатталған тәрбие және патриоттық қамтамасыз ету.
      25. Оқу-жаттығу, тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды ЖСШМ-ның спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жаттықтырушысы, оқытушы-жаттықтырушылар оқу-жаттығу сабақтарының жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      26. ЖСШМ өзінің қызметін барлық күнтізбелік жылында (52 апта) жүргізеді. Оқу жылы 1 қаңтарда басталады.
      27. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағиданың 2-қосымшасында анықталған.
      Мәнерлеп сырғанаудан спорттық және би жұптары үшін спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігінің кезеңінде топтарда спортшылардың саны 4 адам болып тағайындалады.
      28. Спортшылардың халықаралық жарыстарда көрсеткен нәтижелері ЖСШМ-ге, сондай-ақ спортшыларды дайындаған спорттық ұйымдарға есептеледі.
      29. Спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жаттықтырушысының ұсынысы бойынша спортшылардың жеке жаттықтырушылары ЖСШМ қаражаты есебінен спортшылардың орталықтанған дайындығына және жарыстарға қатысады.
      Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша оқу-жаттығу процесінің жаттығу сабақтарын өткізеді және Спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жатықтырушысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
      30. Спорт түрлері бойынша бөлімшінің аға оқытушысы спортшыларды даярлау бағдарламасын әзірлейді және оны оқытушы-жаттықтырушылармен бірлесіп бақылайды, спортшыларды даярлау бойынша жұмысты және спортшылардың спорттық жарыстарда өнер көрсетуді ұйымдастырады, спорттық жарыстарда спортшылардың өнер көрсетуінің нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді, спортшыларының даярлау жоспарларын және бағдарламаларын іске асырады және оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларды орындауын бақылайды, спорт түрлері бойынша бөлімшесінің жаттықтырушылар кеңестерін ұйымдастырады және өткізеді, спортшылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
      31. Жаттықтырушы-оқытушы: ЖСШМ-ге қабылдау үшін спортшылардың іріктеуін жүзеге асырады; жеке жоспарларға сәйкес оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын жүргізеді; спортшылардың спорттың шеберліктерінің артуын қамтамасыз етеді; спортшыларға тиым салынған субстанциялар мен тиым салынған әдістерін қабылдау жағдайларды алып тастауға көмек көрсетеді; жылдық және ағымдағы спортшыларды даярлау жоспарларын әзірлейді; жүйелі есеп және талдауды жүргізеді.
      32. Нұсқаушы-әдіскер: ЖСШМ-ге қабылдау үшін спортшылар іріктеу жұмысын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді, оқу-жаттығу және тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады; топтарды қалыптастыру, оқу-жаттығу және тәрбие процесінің мазмұнына, нәтижесіне бақылауды жүзеге асырады; оқытушы-жаттықтырушылар біліктігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; ЖСШМ-ның, бөлімшелердің немесе даярлық кезеңінің жұмыс нәтижелерінің статистикалық есебін жүргізеді, ЖСШМ қызмет нәтижелері туралы статистикалық есепті дайындауға қатысады.
      33. ЖСШМ-ның директорына, директордың орынбасарына (орынбасарларына) және нұсқаушы-әдіскерлерге жұмыс уақытының ішінде жаттықтырушы-оқытушы (тиісті кәсіптік білімі бар және біліктілік санаты бар болғанда) ставкасы есебінен төлеумен бірге ЖСШМ оқу сабақтарды жүргізуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, аталған жұмысын төлеуі тиісті жаттықтырушы-оқытушы 0,5 ставкасынан көп болмауы қажет.
      34. ЖШСМ-де ЖСШМ басшысы бекіткен педагогикалық кеңес, ереже және құрам құрылады.
      Педагогикалық кеңес кемінде тоқсан сайын бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес ЖСШМ-ның спорт түрлері бойынша бөлімшелердің жаттықтырушы кеңестерінің жұмысы, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау әдістемесі, оқу-жаттығу, тәрбиелік, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын алдыңғы тәжірибие тарату мәселелерін жүргізеді.
      35. Спорт түрлерінен бөлімдерде ЖСШМ басшысы бекіткен жаттықтырушылар кеңесі, ереже және құрам құрылады.
      ЖСШМ-де жаттықтырушылар кеңесі спорт түрлерінен аға жаттықтырушының басшылығымен айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Жаттықтырушылар кеңесі отырысында оқу-жаттығу және тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қаралады, жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесін жетілдірудің әдістемеден хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.
      36. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығы жағдайының диагностикасы үшін, профилактикалық іс-шараларды өткізу және қалпына келтіру процестерін оңтайландыру үшін ЖСШМ-нен бөлінген қаражаттар шегінде тиісті аппаратурамен, қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдарға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
      37. Спорттық дәрігерлер ЖСШМ-ның жаттықтырушыларымен бірігіп спортшылардың оқу-жаттығу жиыны, жарыстар, демалыс кезеңінде дәрігерлік-педагогикалық бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар ЖСШМ спортшыларының жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
      38. ЖСШМ-ның спортшылары жыл сайын жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.

5. Тәрбие жұмысы

      39. ЖСШМ тәрбиелік жұмысты ЖСШМ басшысы бекіткен жоспар бойынша ұйымдастырады және өткізеді.
      40. ЖСШМ-ның тәрбие жұмысы спортшылардың жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталған және жасы мен жеке ерекшелігін, спорттық шеберлігінің деңгейін және спорттық салтын ескере отырып жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы оқу-жаттығу сабақтары, жарыстар үдерісінде және күнделікті өткізіледі, және спортшының спортпен айналысуға, өзінің спорттық шеберлігін үнемі арттыруға, патриотизмді, шеберлікті, тәжірибені тәрбиелеуге және оларды практикалық қызметінде шығармашылық қолдауға, спорттық этиканы сақтауға қажеттілігін қалыптастыру тиіс.

Жоғары спорт шеберлігі мектептері


қызметінің қағидаларына     
1-қосымша           

Нысан


Спортшының жеке карточкасы

1. Тегі __________________________________________
2. Аты ___________________________________________
3. Әкесінің аты __________________________________
4. Туған күні ____________________________________
                         (күн, ай, жыл)
5. Туған жері ____________________________________
                  (облыс, аудан, қала, ауыл)
6. Білімі ________________________________________
        (мектептің нөмірі, колледжінің, ЖОО атауы)





7.

Паспортының № _____________

14.

Спортшының антропометриялық мәліметтер:

Бойы ________ см, салмағы __________ кг.



8.

Жеке куәліктің № __________

9.

ЖИН _______________________

15.

Костюмнің өлшемі: ______________

10.

Спорттық атауы ___________

16.

Бас киімнің өлшемі: ____________

11.

Жеке жаттықтырушы _________

17.

Аяқ киімнің өлшемі: ____________

12.

Тілдерді білуі ____________

18.

Үй мекен-жайы: _________________

________________________________



13.

Байланыс телефоны: ________

201 ___ жылда республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсету

№ п/п

Спорттық жарыстардың атауы

Өткізілетін орны және күні

Жоспарланған нәтиже

Көрсетілген нәтиже

1









2









3









Спортшының қолы ________________ Жаттықтырушының қолы ______________

Жоғары спорт шеберлігі мектептері


қызметінің қағидаларына    
2-қосымша             

Оқу-жаттығу жұмысының режимі


және топтардың толықтырылуы

ЖСШМ топтары

Оқу кезеңі

Аптадағы оқу сағаттары

Спорт түрлері бойынша топтарда адамдардың саны*

Бірінші топ

Екінші топ

Үшінші топ

Төртінші топ

Бесінші топ

Жоғары спорт шеберлігі

Бүкіл кезең

32 сағат 36 сағат (Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі топтың құрамында бар болғанда)

3 адам

6 адам

4 адам

2 адам

2 адам

Спорттық жетілдіру

Оқудың бірінші жылы

24 сағат

5 адам

6 адам

6 адам

2 адам

3 адам

Оқудың екінші жылы

26 сағат

4 адам

6 адам

5 адам

2 адам

3 адам

Оқудың екінші жылдан астам

28 сағат

4 адам

6 адам

5 адам

2 адам

3 адам

      Ескерту:
      Бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтарға жататын спорт түрлерінің тізімі:
      бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы екі сайысы, шаңғы жарысы, коньки тебу спорты, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және таяқпен секіру, желкен спорты, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен тұғырдан секіру, шана спорты, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астында, самолет, вертолет, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;
      екінші топ: ойын спорт түрлері, көкпар;
      үшінші топ: барлық қалған спорт түрлері;
      төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу), есу слалом, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейбол;
      бесінші топ: саят (құс бегі) – құсты аңға салу (сұңқар, тұйғын, бүркіт).

Қазақстан Республикасы   


Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
6-қосымша         

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет