Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі476.55 Kb.
#131435
1   2   3

Ескерту: ТП-ға рұқсат алғанға дейін тыйым салынған субстанцияларды немесе әдістерді пайдаланумен жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігі не денсаулық жағдайының шұғыл төмендеуі кезінде емдеу қажеттілігі сирек туындайды. ТП-ға рұқсат беруге өтінім берудің оңайлатылған рәсімін талап ететін жағдайлар да жиі туындамайды. Сонымен бірге ТП-ға рұқсат беруге жауапты допингке қарсы күрес ұйымы осындай жағдайларда әрекет етуді айқындайтын ішкірәсімдер әзірлеуі тиіс.

5.0 Ақпараттың құпиялылығы

5.1 Өтінім беруші ТПК мүшелерінің өтінішіне және егер қажет болса басқа да тәуелсіз медициналық немесе ғылыми сарапшыларға, сондай-ақ ТП-ға рұқсат беруге, қарауға немесе апелляцияға өтінім білдіруге қатысы бар барлық қызметкерлерге барлық қажетті ақпаратты беруге жазбаша келісім беруі тиіс.


Егер басқа жақтан тәуелсіз сарапшыны тарту талап етілсе, өтінімнің барлық детальдары спортшының тегі мен аты және оның емдейтін дәрігері жазылмай жіберіледі. Бұдан басқа, өтінім беруші Кодекстің ережелеріне  сәйкес басқа тиісті допингке қарсы күрес ұйымдары оның өтінімі бойынша қабылдаған шешімін тапсыруға жазбаша келісім беруі тиіс.

5.2. ТПК мүшелері және допингке қарсы күрес ұйымының ісін жүргізетін әкімшілік өзінің барлық қызметінде құпиялылық принциптерін қатаң сақтайтын болады. ТПК-ның барлық мүшелері, осыған қатысы бар барлық қызметкерлер құпиялылықты сақтау туралы келісімге қол қояды. Атап айтқанда, олар мынадай ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауы тиіс:


(а) спортшы мен оның дәрігері/дәрігерлері ұсынатын кез келген ақпарат және медициналық сипаттағы деректер;
(b) осы процеске тартылған дәрігердің/дәрігерлердің тегі мен атын қоса алғанда өтінімнің кез келген детальдары.
Егер спортшы ТПК-ге немесе ДДКА ТПК-ге өзінен денсаулық жағдайы туралы кез келген ақпарат беру құқығынан бас тартқысы келсе, онда ол бұл туралы өзінің дәрігеріне жазбаша хабарлауға тиіс. Осындай шешім болғандықтан спортшы ТП-ға рұқсат алмайды немесе ТП-ға қолданыстағы рұқсатты жаңарта алмайды.

6.0 Терапевтік пайдалануға рұқсат беру жөніндегі комитеттер (ТПК) ТА-ға рұқсат беру жөніндегі комитеттер белгіленеді және мынадай принциптерге сәйкес іс-әрекет етеді:

6.1 ТПК-ның құрамында спортта және спортшыларды емдеуде жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ клиникалық, спорттық медицина және жаттығу жүктемелерін медициналық бақылау саласында терең білімі бар кем дегенде үш дәрігер болуға тиіс. Шешім қабылдау кезінде тәуелсіздіктің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету үшін ТПК-ның мүшелері допингке қарсы күрес ұйымының шеңберінде қандай да бір ресми міндеттермен байланысты болмауға тиіс. ТПК-ның барлық мүшелері мүдделердің қақтығысын болдырмау туралы келісімге қол қояды. Дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың өтінімдерін қарау үшін ТПК-ның кем дегенде бір мүшесінде дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі спортшыларды емдеу және медициналық күту тәжірибесі болуы тиіс.

6.2 ТПК ТП-ға рұқсат беруге әрбір нақты өтінімге қатысты жағдайларды қарау үшін қажет деп тапқан сыртқы көздерден кез келген медициналық немесе ғылыми сараптамаға сұрау сала алады.

6.3 ДДКА ТПК мүшелерінің құрамы 6.1-бабында жазылған өлшемдерге сәйкес айкындалады. Допингке қарсы күрес ұйымдарының ТП-ға рұқсат беруіне қатысты өз жеке бастамасы бойынша шешімдерді қабылдау үшін ДДКА ТПК белгіленеді. ДДКА ТПК Кодексінің 4.4-бабына сәйкес допингке қарсы күрес ұйымы терапевтік пайдалануға рұқсат беруден бас тартқан   кез келген спортшының сұрау салуы бойынша олардың қайта қарауына өкілеттіктерді иелене отырып, осындай шешімдерді қарай алады.



7.0 Терапевтік пайдалануға (ТП) рұқсат беруге өтінімдер беру рәсімі

7.1 ТП-ға рұқсат беру өтінімі барлық тиісті құжаттар қоса берілуге тиіс өтінімнің толтырылған формулярын алғаннан кейін ғана қаралады (1-қосымшаны қараңыз - ТП-ға рұқсат беруге өтінімдердің формуляры). Өтінімді қарау рәсімі қатаң медициналық құпиялылық принциптеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

7.2 1-қосымшада келтірілген ТП-ға рұқсат беру өтінімдерінің формуляр(лар)ына допингке қарсы күрес ұйымдары ақпарат алу мақсатында қосымша сұрау салуларды қамтитын өзгерістерді енгізе алады, алайда олардан ешбір бөлімдер мен тармақтар алынып тастала алмайды.

7.3 ТП-ға рұқсат беру өтінімдерінің формуляр(лар)ын допингке қарсы күрес ұйымы басқа тілдерге аудара алады, алайда ағылшын және француз мәтіндері өтінімдердің формуляр(лар)ында қалуы тиіс.

7.4 Спортшы кемінде бір допингке қарсы күрес ұйымына Ш-ға рұқсат алу жөнінде өтінім білдіре алады. Өтінімде спорт түрі, тиісті жағдайларда спорттық пән және нақты позициясы немесе спортшының рөлі көрсетілуі тиіс.

7.5 Өтінімде кез келген бұған дейінгі және/немесе қолданыста бар тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті пайдалануға рұқсат беру өтінімдері аталуға тиіс, олар берілген орган және олар бойынша осы органның шешімі жазылады.

7.6 Өтінімде спортшының толық медициналық картасы (ауру тарихы) және барлық зерттеулердің нәтижелері, зертханалық талдаулар және осы өтінімге қатысы бар медициналық бейнелеулерді зерделеулер болуы тиіс.

7.7 Допингке қарсы күрес ұйымының ТПК сұрататын кез келген тиісті қосымша зерттеулер, талдаулар немесе медициналық бейнелеулерді зерделеулер өтінім берген адамның немесе ұлттық спорт ұйымының басшысы есебінен жүргізіледі.

7.8 Өтінімде спортшыны емдеу үшін тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті пайдалану қажеттілігін растайтын тиісті біліктілігі бар дәрігердің қорытындысы болуы тиіс; онда сол сияқты спортшыны емдеу үшін неліктен балама, тыйым салынбаған медициналық дәрі-дәрмектердің пайдаланыла алатыны немесе пайдаланыла алмайтыны көрсетілуі тиіс.

7.9 Өтінімде сұратқан тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалану мөлшері, жиілігі, тәсілі және ұзақтығы көрсетілуі тиіс.

7.10 ТПК-ның шешімдері тиісті ақпарат алған күннен бастап 30 күн ішінде қабылданады және тиісті допингке қарсы күрес ұйымы арқылы спортшыға жазбаша түрде жеткізіледі. Егер ТП-ға рұқсат спортшыға допингке қарсы ұйымның тіркелген тестілеу пулы арқылы берілсе, онда өтінімді бекіту туралы спортшыға және ДДКА-ға ТП-ға рұқсат берумен байланысты осы рұқсаттың қолданыс мерзімі мен барлық жағдайларға қатысты ақпаратты бір уақытта ұсына отырып, дереу хабарлайды.

7.11 (а) ДДКА ТПК-ның қабылдаған шешімін қайта қарау туралы спортшыдан алынған сынақ жөніндегі Кодекстің 4.4-бабына сәйкес қандай да бір допингке қарсы күрес ұйымы қабылдаған ТП-ға рұқсат беру туралы шешімді қайта қарау мүмкіндігі болады. Спортшы ДДКА ТПК-ге бастапқыда допингке қарсы күрес ұйымы ұсынған ТП-ға рұқсат беруге қатысты барлық ақпаратты өтінімді қарау жөніндегі қызмет көрсетулердің төлемақысымен бірге береді. Қарау процесі аяқталғанға дейін бастапқы қабылданған шешім күшінде қалады. Аталған өтінішті қарау процесінің ұзақтығы ДДКА-дан тиісті ақпаратты алған күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс.


b) ДДКА қарауды кез келген уақытта жүргізе алады. ДДКА ТПК өз қарауын 30 күн ішінде аяқтайды.

7.12 Егер ТП-ға рұқсат беру туралы шешім аталған өтініштің қарау нәтижелері бойынша қайта қарауға жатса, онда қайта қарау туралы мұндай шешімнің кері күші болмайды және ТП-ға рұқсаттың қолданысы кезеңінде спортшы көрсеткен нәтижелер жойылуға жатпайды, ал мұндай қайта қарау туралы шешім спортшыны ол туралы хабардар еткен сәттен бастап 14 күннен кешіктірілмей күшіне енеді.



8.0 ТП-ға рұқсат беру өтінімдерінің оңайлатылған рәсімі (ОР)

8.1 Тыйым салынған тізімге енгізілген кейбір субстанциялар спортшыларда жиі кездесетін ауруларды емдеу үшін пайдаланылатыны белгілі. Осындай жағдайларда 4 және 7-бөлімдерге сәйкес ТП-ға рұқсат беру өтінімдерін берудің толық рәсімінен өтудің қажеті жоқ. Бұл үшін арнайы ТП-ға рұқсат беруге өтінім берудің оңайлатылған рәсімі енгізіледі.

8.2 Аталған оңайлатылған рәсім тек мынадай тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді ТП-ға қатысты қолдана алады: Ингаляция түріндегі бета-2 агонисттері (формотерол, сальбутамол, сальметерол және тербуталин), сондай-ақ жүйелі пайдаланбаған кезде глюкокортикостероидтер.

8.3 Жоғарыда аталған субстанциялардың біреуін пайдалану үшін спортшы допингке қарсы күрес ұйымына осындай субстанцияны терапевтік пайдалану қажеттілігін растайтын медициналық анықтама ұсынады. 2-қосымшада келтірілген медициналық анықтамада диагноз, дәрі-дәрмектің атауы мөлшері оның қолданылу тәсілі мен ұзақтығы көрсетіледі. Тиісті жағдайларда оған диагнозды қою мақсатында жүргізілген кез келген талдаулар (нақты нәтижелері немесе егжей-тегжейі көрсетілместен) енгізілуі тиіс.

8.4 Оңайлатылған рәсім мыналарды қамтиды:
(а) оңайлатылған рәсімнің тиімділігін қамтамасыз еткен жағдайда допингке қарсы күрес ұйымның анықтамадағы талап етілген барлық ақпаратты алу жөнінде тыйым салынған субстанцияларды пайдалану санкциясын. Барлық талап етілген ақпарат болмаған анықтама өтінім берушіге қайтарылады;
(b) допингке қарсы күрес ұйымының, сондай-ақ тиісінше халықаралық федерацияның, ұлттық федерация және ұлттық допингке қарсы күрес ұйымының спортшыны барлық талап етілген ақпараты бар анықтамаларды алғаны туралы дереу хабардар етуін. Допингке қарсы күрес ұйымы бұл туралы ДДКА-ны халықаралық дәрежедегі спортшыларға қатысты жағдайларда ғана хабардар етеді.
(с) оңайлатылған рәсім шеңберінде спортшы ұсынған анықтама мынадай жағдайларды қоспағанда, ретроактивті қаралмайды:
      - жедел медициналық көмек көрсету немесе денсаулық жағдайы шұғыл төмендеген кезде емдеу қажеттілігі;
      - өтінім берушінің өтінім беруге, ал ТПК-ның допинг-бақылау өткізгенге дейін өтінімді алуға жеткілікті уақыты немесе мүмкіндіктері болмауының айрықша жағдайлары.

8.5 (а) ТПК немесе ДДКА ТПК-ге кез келген уакытта оңайлатылған рәсімдер шеңберінде қабылданған шешімдерді қайта қарай алады;


(b) егер спортшы ДДКА ТПК-ге оңайлатылған рәсімдер шеңберінде ТП-ға рұқсат беруден бас тартуды қайта қарау туралы өтініш білдірсе, ДДКА ТПК спортшыдан ол қажет деп тапқан қосымша медициналық ақпаратты талап ете алады, бұл ретте онымен байланысты барлық шығыстарды спортшы көтереді.

8.6 ТПК немесе ДДКА ТПК оңайлатылған рәсімдер шеңберінде ТП-ға арналған рұқсат қолданысының кез келген уақытта күшін жоя алады. Бұл туралы спортшы, оның халықаралық федерациясы және барлық тиісті допингке қарсы күрес ұйымдары дереу хабардар етіледі.

8.7 ОР шеңберінде берілген рұқсаттың күшін жою осындай шешім туралы спортшыны хабардар еткеннен кейін бірден күшіне енеді. Оның үстіне спортшының 7-бөлімге сәйкес ТП-ға рұқсат алуға өтініш білдіруге құқығы болады.

9.0 Ақпараттық орталық

9.1 Допингке қарсы күрес ұйымдарына ТП-ға рұқсат беру туралы қабылдаған барлық шешімдерді, сондай-ақ 7-бөлімге сәйкес берілген барлық көмекші құжаттаманы ДДКА-ның қарауына беру ұсынылады.

9.2 ОР шеңберінде берілген ТП-ға рұқсат беруге қатысты допингке қарсы күрес ұйымдары ДДКА-ның қарауына 8.4-бөлімге сәйкес халықаралық деңгейдегі спортшылар ұсынған медициналық анықтамаларды табыс етеді.

9.3. Ақпараттық орталық барлық медициналық ақпараттың қатаң құпиялылығына кепілдік береді.

      2005 жылғы он сегізінші қарашада Парижде Бас конференцияның 33-ші сессиясы төрағасының және ЮНЕСКО-ның бас директорының қолдарымен бекітілген екі түпнұсқа данада жасалды және ЮНЕСКО-ның мұрағатына сақтауға тапсырылады.

      Жоғарыда келтірілген мәтін Парижде өткен және 2005 жылғы жиырма бірінші қарашада жабылды деп жарияланған ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 33-ші сессиясында тиісті түрде қабылданған Конвенцияның түпнұсқалы мәтіні болып табылады.

      Осының дәлелі ретінде осы Конвенцияға 2005 жылғы он сегізінші қарашада қол қойылды.

      Бас конференцияның


      төрағасы                               Бас директор

      2005 жылғы 19 қазанда Париж қаласында қабылданған Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенция мемлекеттік тілге дұрыс аударылып, мамандармен тексерілді.



      Қазақстан Республикасы
      Туризм және спорт министрлігі
      Әкімшілік жұмыс департаменті
      Мемлекеттік тілді дамыту және
      құжаттамалық қамтамасыз ету
      басқармасының бастығы                  С. Ақанова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет