Спорттыќ ќўрылыстар



бет4/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Лекция (2)

Ежелгі Грецияда бірнеше спорт ғимараттары бар: палестра, гимнасий, гипподром, стадион.
Палестра-14-16 жастағы ұлдарға арналған гимнастикалық мектеп, онда олар жүгіру, күрес, секіру, жүзу және диск лақтырумен айналысты. Палестра ағаштармен қоршалынған, ашық алаңдар болған. Палестралар судын жанында орналасуына ұмтылған, себебі бассейнд және суға шомылу қарастырылынбаған.
Гимнасий – ен алдымен ол спорпен айналысуға арналған бөлме, ол жерде жаттғулар жалаңаш ретінде өткізілетін. Ең қарапайым гимнасий – ол портикпен қоршалынған шағын аула, ол жерде жаттығулар тек қана жаңбыр кезінде жүргізілетін. Портикке әр түрлі бөлмелер жанысқан: моншалар, шешуні бөлмелер, қоймалар және бассейндермен айналысуға арналған залдар. Кейін гимнасиялар тәрбие-білім беру мекемелері болады.
Гипподром- аттпен шабуға арналған орын, әдетте, гипподром өте ұзын, таға тәрізді болған. Стартта аттарға арналған орын орналасқан, ал олардың үстінде орындықтармен жабдықталған портик орналасқан, ол жерден көрермендер жарыстарды бақылаған. Старттан қарама-қарсы гипподромның жартылай дөңгелек жағында айналмалы тас тұрған, оның айналасында жарысушылар керісінше айналаын. Гипподромды әдетте таудың немесе төбенің баурайында тұрғызылатын.
Стадиондар-бастапқыда тек жүгіру жарыс үшін қолданылған және тікбұрышты формада болған.
Стадионың ұзындығы бір «стадияға» (192,27 м) тең болған. Стадианың өлшемі 160-ң 210 м өзгеруі мүмкін. Ерте кезеңдегі стадиондарда көрермендерге арналған арнайы орындар қарастырылмаған, стадион төбелер арасында, табиғи ойпаттарда орналасты және көрермендер олардың баурайларында(склоны), аренаның алдында жайғасатын.
Кейінірек ежелгі грек стадиондары дөңгелікті болады — бірінші осындай стадион Олимпияда болды.Нысан(форма) атқа барудың(заезд) арқасында өзгерді. Сондай-ақ ол мінбесі (трибуна) бар бірінші стадион болады.
Ежелгі Рим.
Римляндар көбінесе этрус (ежелгі тайпалар) және грек мәдениетін мұра етті, б.д. II ғасырда олар стадиондарын қайта жөндеуден өткізді. Бірақ олардың Бірақ олардың міндеті (назначение) мүлдем басқаша болды.Ежелгі Римде Грецияда сияқты дене тәрбиесі жүйесі болған жоқ. Әскери-физикалық дайындық деңгейі маңызды болып, жаулап алу жорықтарының уақыты келді. Ерлер өмірлерін көп бөлігін әскери лагерьлерде өткізді.Грек гимнастикалық дәстүрлері әскери дайындық элементтеріне айналды.
Кейіннен қоғамның құрылымы өзгереді, спорт ғимараттарының негізгі мақсаты өзгереді, қарапайым халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет болды, спорттық емес, ойын-сауық құрылыстарына деген қажеттілік туындайды.
Римдеге грек гипподромдар циркке айналады (лат. Circus «дөңгелек»). Ең танымал бірі - Circus Maximus (Үлкен цирк). Оның аренасында ат жарысы, дөңгелектердегі (колесница) жарыстар өткізілді, сонымен бірге 12 дөңгелектерге дейін жарысуға мүмкіндік алды. Құрылыстың өзінің мінбесіне (трибунасында) 250 000 адамға дейін сиятын. Көрермендер үшін барлық орындар олардың материалдық қамтамасыз етілу деңгейі бойынша бөлінетің: ақсүйектер үшін аренаға жақын орналастыратын..
Римдегі гимнасий гладиаторларға арналған мектептер бола бастады, бөлмелердің мақсаттары өзгерілді.
Римдердің өмірлеріңде маңызды элемент терма(көп бөлмелер) бола бастады – қоғамдық (общественные) және спорттық ғимараттар қызметін орындайтын қоғамдық моншалар. Римляндар бос уақыттарын сол жерде өткізе бастады. Көптеген термаларда, түрлі температурадағы суы бар залдардан басқа, массажға арналған бөлмелер, спорттық залдар және тіпті кітапханалар болды.
Қазіргі заманғы спорт ареналарының құрылысына Рим стадиондары әсер етті - амфитеатрлер, оларды гладиаторлық күрес өткізу үшін салынды.Орташа амфитеатрға 50 000 адамға дейін сиятын, бірнеше қабаттан тұратын, дөңгелекті болатын және ішкі аренамен жабдықталған. Сондай-ақ саны көп астынғы мінбе (подтрибуна) бөлмелер болды –онда аңдарға арналған торлар мен қосалқы бөлмелер орналасқан. Ең атақты амфитеатр – Колизей. Болжам бар, оның үстінен тент жабыны тартылып, бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыстар өткізуге мүмкіндік беретің.
Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим спорт ғимараттары көп жағдайда ұқсас болсада, бірақ сәулеттің өзгешілігі, құрылымы және ғимараттардың мақсатты айырмашылықтары бар.Грек архитектурасы қоршаған ландшафтқа әдемі сай болған, олардың архитектурасы ашық болған, Рим архитектурасында керсінше, оқшаулылық және тұйықтауға ұмтылу байқаланған, құрылыстарды жазық жерлерге тұрғызуға тырысқан.
Нәтижесіне келгенде, кәзіргі бізге таңыс спорттық құрылыстар – көбінесе Рим және Грек цивилизациясына көптеген міндет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет