Сұраныс заңы - Баға төмендейді – сұраныс өседі
- P – баға
- Q – тауар саны
- D – сұраныс
- Сұраныс заңы:
- А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;
- ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
- Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.
- Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.
- Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер.
- Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.
- Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.
- Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:
- а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді
- ә) бағалық емес факторлар.
- Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- - Тұрғындардың ақшалай табыстары;
- - Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;
- - Тұтынушының талғамы мен талғауы;
- - Жинақталған мүлік;
- - Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар көлемі;
- - Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.
- Егер рынокта сұраныс азайса, онда тауар бағасы төмендейді, ұсыныс көлемі азаяды.
- Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.
- Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.
- Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.
- Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
- Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
- а) баға;
- ә) бағалық емес факторлар.
- Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- - Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;
- - Салықтар мен дотациялар;
- - Табиғи-климаттық жағдайлар;
- - өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;
- - ресурстардың бағаларының өзгеруі;
- - күтім;
- - маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.
- Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.
- Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.
- Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.
- Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.
- Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.
- Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.
- Сұраныстың ұсынысқы тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.
- Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.
- Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды.
- Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.
- Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.
- Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің негізгі формасы баға бойынша ұсыныс икемділігі болып табылады.
-
- Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.
- Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:
- икемді сұраныс – сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни EDp >1;
- бірлік икемділікті сұраныс – сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни EDp =1;
- икемсіз сұраныс – сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни EDp <1;
- өте икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни EDp =∞;
- өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни
- EDp =0;
- Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз – сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.
|