Сұрақ: жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау сенімхатының Қазақстан Республикасы Министрінің 28. 07. 1998ж



Дата29.02.2016
өлшемі17.75 Kb.
Сұрақ: жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау сенімхатының Қазақстан Республикасы Министрінің 28.07.1998ж. № 539 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы нотариалдық іс-қимыл жасау тәртібі туралы нұсқаулығының 31-тармағына сәйкес келмеуі себебінен салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаудан бас тартуға құқығы бар ма?

Жауап: «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1, 2-тармақтарымен нотариалды іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Нотариалды іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - нотариалды іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығы) сәйкес Қазақстан Республикасының мұрағатты және құжаттаманы басқаратын уәкілетті мемлекеттік органымен келісу арқылы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 16.07.98ж. № 83 бұйрығымен бекітілген) жүзеге асырылатындығы белгіленген.

Нотариалды іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығының талаптарын сақтауға бақылау жасауды аумақтық әділет органдары және нотариалдық палаталар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІК) 321-бабының 1-бөлігіне сәйкес жасалған нотариалдық іс-қимылды дұрыс емес деп есептеген немесе жасалған нотариалдық іс-қимылдан бас тартқан мүдделі тұлға бұл туралы нотариустың немесе нотариалды іс-қимыл жасаған органның тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа арыздануға құқылы.

АІК осы нормасынан мынаны аңғаруға болады, жасалған нотариалдық іс-қимыл сот тәртібімен дұрыс емес деп танылады.

Заңнамаға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ЖЗҚ) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа ЖЗҚ аударым жасау жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыруға сенім білдірілген тұлғаларға салымшылардың нотариатта куәландырылған сенімхаттарын дұрыс емес деп белгілеу (тану) жөніндегі өкілеттіліктері жоқ.

Қазақстан Республикасы Министрінің 28.07.1998ж. № 539 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы нотариалдық іс-қимыл жасау тәртібі туралы нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес заңнамамен белгіленген құжаттар негізінде нотариус азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің нотариалдық іс-қимыл жасауға өтініш білдірушінің жеке басын анықтайды.



Сөйтіп, жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауға берген салымшылардың нотариатта куәландырылған сенімхаттарында қандай да бір сәйкессіздіктерді анықтау оларды аударым жасаудан бас тартуға негіздеме болып табылуы мүмкін емес.
Каталог: attachments -> cont
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> ҚРӘМ №5362 19. 11. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
cont -> ҚРӘМ №5165 07. 03. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> ҚР Әділет министрлігінде 2000 жылы 15 наурызда №1080 тіркелді
cont -> Лицензияның қолданысы ерікті түрде қайтаруына байланысты 01. 01. 2009 ж бастап тоқтатылған ұйымдардың тізімі
cont -> ҚРӘМ №5542 10. 02. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
cont -> ҚРӘМ №3422 04. 02. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> Ерікті медициналық сақтандыру туралы
cont -> ҚРӘМ №2941 12. 07. 2004ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет