«Сыбайлас жемқорлық құқығы» пәні бойынша «050301 – «Заңгер» мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



бет1/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#192098
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-14-5-02.01.20.81.01 - 2012

«Сыбайлас жемқорлық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


№1 басылым

05.09.2012 ж





«Сыбайлас жемқорлық құқығы»

пәні бойынша



«050301 – «Заңгер» мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ

2012


Мазмұны



  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Студенттердің өздік жұмысы



1. Глоссарий




Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Сыбайлас жемқорлық (сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынас)

іздеу, орналасыру және сыбайлас жемқорлықтың арнайы нұсқаған субъектілерінің және өзге де тұлғалардың (жеке және заңды тұлғалар) арасындағы қарама-қайшы қатынастың әрбір жақтың өзінің көздеген жеке, топтың корпоративтік және қасақана мақсаттарына жету үшін ұйымдастырылу.

2

Пассивтік сатып алу

сыбайлас жемқорлықтың субъектісінің тура немесе бұрмалап сұрауы, бұл сұрау мемлекет қарастырмаған ақшалай (ақшалай емес) сыйақы және мүмкіндіктер, өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы субъектімен байланысты авторитет және үшінші тұлғаның мүмкіндіге қатысты іске асыру.

3

Активті сатып алу

физикалық тұлғалардың іс әрекеті, өз атынан және тұлғаның тапсыруымен өзінің жеке, топтың немесе корпоративті қызығушылықтарына жету үшін ұсыныс, ант ету немесе мемлекет қарастырмаған ақшалай (ақшалай емес) сыйақы және мүмкіндіктерді сыбайлас жемқорлықтың субъектісі, өзге тұлға делдал арқылы ұсыну.

4

Сыбайлас жемқорлықтың акті

сыбайлас жемқорлықтың субъектілерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың қарым-қатыгасты орнату және ары қарай ұстап тұру жайлы келісімге жету, осының нәтижесінде қабылданған нормативтік (нормативтік емес) акт мемлекеттік басқарма (жергілікті өзін-өзі басқару), сонымен қаатр сот шешімдері.

5

Сыбайлас жемқорлықтың өзін-өзі ұстау (сыбайлас жемқорлықтың іс-әрекет)

сыбайлас жемқорлықтың субъектілерінің іс-әрекеті (әрекетсіздігі), яғни құқық бұзушылық белгілері жоқ, бірақ субъектінің өзге тұлғамен сыбайлас жемқорлықтың қатынасқа түсу еркін білдіру.

6

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық

нағыз 6 федералды заңда нұсқалған тұлғалардың құқық бұзушылығы, өзінің қызметін және мамандығымен байланысты әрекеттерді орындау, тіпті сыбайлас жемқорлықтың әрекеттері болмаса да, дегенмен де сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық жазасын арнайы шарттарда орындалуы мүмкін.

7

Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық

арнайы тексеру не сот шешімі бойынша тағайындалған қызмет атқару ісін және өзінің қызметтік істеу керек әрекеттерінің бұзылуы, нағыз 6 федералды заңның бабында көрсетілген тұлғалармен орындалған, егер осындай бұзушылық сыбайлас жемқорлықтың белгілері болса, онда сол органдарда қабылданған тыйым салулар ережелерді орындамауға болады. Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылыққа жауап беру сол қарастырып отырған заң шығару органымен бекітіледі.

8

Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері (сыбайлас жемқорлықтар)

нағыз 6 федералды заңда нұсқалған тұлғалар, сонымен қатар өзге де тұлғалар және ұйымдар, сыбайлас жемқорлықтық қатынаста қызығушылықтары бар және олардың кінәлары арнайы тексеру немесе сот шешімімен дәлелденген.

9

ҰҚТ

Ұйымдастырылған қылмыстық топ. ұйым бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын элементтер жүйесі сықылды.

10

Басқару

арнайы орган функциясы.

11

Қаруланған қылмыстық ұйым (банда)

жазылмаған нормалар мен ерекжелер мен олардың “жұмыс уақыты” белгіленеді, жұмыстың саны мен сапасы, сонымен қатар ақшалай сыйақы, банда ішіндегі қатынас, басқа қылмыстық ұйымдармен араласу қарастырылады.

12

Ұйымдастырушы (банда бастығы)

басқару функциясын орындайды, осы нормалар мен ережелердің, марапаттау немесе жазалау істерін қолдану арқылы.

13

Орындаушы

қылмысты орындаған немесе орындауға қатысқан өзге тұлғалармен бірге болған адам. (20 б. 2 т. ҚК ҚР). Қылмыстық заңның ерекше бөлімінде қарастырылған іс-әрекеттерді орындаған адам.

14

Айдапсалушы

өзге біреуді алдау, сатып алу, қорқыту немесе басқада әрекеттер арқылы қылмысқа итермелеген адам (4 т. 28 б. ҚК ҚР), біреуді айдап салудың қорқынышы сол адам қылмысқа итермелеуші болып табылады.

15

Банда

бұл тұрақты ұйым, өзінің мақсаты ретінде қаруланған шабуыл, не жеке азаматтарға, не шағын мекемелер не ұйымдарға жасау. Банданың ерекшеліктеріне тұрақтылығы және қарулануы жатады. (237 б. ҚР ҚК)

16

Қылмыстық ұйым

қылмыс біріккен ұйымдастырылған топппен ұйымдастырылған, арнайы ауыр немесе аса ауыр қылмысты орындауға арналған, немесе ұйымдасқан топтардың қосылуы тура сол мақсатпен бірігуі.

17

Қылмыстық орындаушының қылмысты орындаудан ерікті бас тартуы

қылмысты орныдаушы сол әрекеттерді орныдамайды немесе қылмысқа дайындалу немесе қылмыстың ба скезінде қылмысты орындау әрекетін тоқтатады.


18

Мамандандырылған топтар

өздерінің әрекеттерін белгілі бір салада ғана жұмсайды, немесе жезөкшелік немесе наркотиктер.

19

Универсалды қылмыстық топтар

мұндай топтар халықты алдау, мысалы, кредиттік карточкалар және әртүрлі қаржылық қылмыстар.


2. Дәрістер
Тақырып 1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ұғымы мен түсінігі

Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұм ыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:


Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.
Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.

Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.

Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:

- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;

- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.

1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы».


Енді бір анықтама 1999 жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады. Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.

М.О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.

А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыба йлас жемқорлық деп ұғынылады».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».
Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады». А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:

- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;

- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;

- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;

- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;

- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.

Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

1. Мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.


2. Белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Коррупциялық қылмыстар не жатады?

  2. Коррупциялық қылмыстардың құрамы.

Тақырып 2 Сыбайлас жемқорлық құқық саласы ретінде
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады. Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтере ді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.

Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі. Осыған орай, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деген ойдамыз. Айтылғандарды қорытындылай келе, айтатымыз:

- жағымсыз элеуметтік-экономикалық факторлар кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, өрістеуі және таратылуының себептері болып табылады.

- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған құралдар болуы әбден мүмкін.

Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді. Осы пікірге Швейцария мемлекеті дәлел бола алады, ондағы демократияның тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихи дерек көздер көрсеткендей, мемлекетте басқару нысанының күрт өзгеруі де мемлекеттік құқық бұзушылықпен қатар жүреді, ал халық ондаған жылдар бойы саяси тұрақсыздықтан зардап шегеді. Мемлекетте қоғамдық - саяси бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін мемлекеттің толық құқылы мүшесі ретінде сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның істеріне араласуға бейімдейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құралы ретінде әлеуметтік-құқықтық бақылау Жапония мен АҚШ-та кең өріс алды.

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:

- бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі.

- саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.

- мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі өзгеруі елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.

Ұйымдық-институционалды себептер. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттіліктің институционалды негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан, есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең өріс алуда. Мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу факторына нақтырақ тоқталайық. Экономика саласында мемлекеттің өкілеттігі кең тараған жағдайда сыбайлас жемқорлықтың дамуына алғышарттар қалыптасады, ал бұл – «мемлекет қоятын шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі». Шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Осы пікірді дәлелдеу үшін АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі жасаған Инвесторларға арналған нұсқаулықтарды талқылайық. Осы Нұсқаулықта әлемнің 40 мемлекетінде инвестиция салуға және іскерлік операциялар жүргізуге келтірілентін процессуалдық және әкімшілік кедергілер туралы баяндалады және осы кедергілерді еңсеру тәсілдері ұсынылады. Осы Нұсқаулықта көрсетілген бағдар барлық жағдайда бірдей емес: егер инвестордың жүргізетін жұмысы көп уақыт алатын, қымбат бағаланатын және күрделі болса, ол жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа ұрынуы мүмкін. Мемлекетке инвестиция тарту ісінде жоғары лауазымдағы тұлғалар елеулі рөл атқарады. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде үміткердің кәсіби біліктілігіне, мінез-құлқына, моральдық – этикалық ұстанымдарына баса назар аудару қажет. Нұсқаулықтарды талдау барысында барлық 40 Нұсқаулыққа тән заңдылық байқалды: инвесторларға келтірілетін бюрократиялық кедергілер мемлекеттің құқықтың жүйесімен тығыз байланысты. Құқықтық жүйесі жалпы құқыққа негізделген мемлекеттерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа зеландия) бюрократиялық кедергілер жоқтың қасы, іс жүргізуде ашықтық басым, сол себептен сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен. Билік және сыбайлас жемқорлықты бақылау бір-бірімен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлық – биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның болмауы, қызметтің егжей - тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкеп соғады.

Құқықтық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. Ал бұл – құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз заңдарына бағындырады. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор, Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша мәселесі жүйелі шешімін табуы керек.

Тақырып 3 Алаяқтықтың ерекшеліктері

Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылады. Қазақстанда аляқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Қылмыстық кодекстің 177-бабына сәйкес осы қылмыс үшін олар жауапқа тартылады. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза - бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру.


Алаяқтықтың негізгі принципі-өзі құрбан етіп отырған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Бұл “еріктілік” алаяқтықты басқадай ашкөздік қылмыстардың ішінде ерекше етеді. Біріншіден, алданған адамдар өзінің алданғанын білсе де құқық қорғау органдарына өтініш бермейді. Оған себеп оңай алданып қалғанына ұялғандықтан және ештеңе өнбейтінін білгендіктен. Екіншіден, мұндай қылмысты дәлелдеу өте қиын, себебі алдау фактілерін объективті түрде дәлелдеу қажет.

Алаяқтық адам психологиясын және оның әдеттегі әрекетін жақсы білуге негізделген. Бұл арада адамгершілік туралы әңгіме болмайды. Олар өз әрекетін алдын ала ойлап істейді. Оның тәсілдері мүлде қарапайым болуы да мүмкін. Кейде олар, топ болып әрекет етіп, өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп, алдайды. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшелігін ескеріп, соны пайдаланып кетеді. Алаяқтар сонымен қатар, адамдардың жеңіл пайда табу, бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу сияқты әдеттерін ескеріп, өз ісіне оңтайлап алады. Олар басқа да қылмыскерлер мен басбұзарлардан өзгеше болады. Олар негізінен артистік дарыны бар, өтірікті шындай етіп соғатын айлакер болып келеді. Әдетте олар таза әрі әдемі киінеді, асықпай сөйлеп, әзіл-қалжың айтады, адамның көзіне тура қарап, барынша сенім тудырады. Мұндай іспен көбіне әйелдер айналысады. Алдау-арбау жолында жүрген жұбайлық жұптар да кездеседі. Олар тез әрекет етіп, басқадай ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. “Тез шешім қабылда, әйтпесе үлгермейсің” деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады. Запа шеккен адамдар әдетте: “Не болғанын түсінбей қалдым”, “Гипноз жасады ғой деймін”, “Ол сондай сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым”,-дейді. Адамдар алданбаймын деп тұрса да ондай жылпостардың айтқанын қалай істеп, жетегінде кеткенін білмей қалады. Сот практикасы көрсеткендей,алаяқтар әртүрлі сылтау мен зәбір көрушілердің мүлкін толық немесе жартылай алып, өз уәдесін қысқа мерзімде орындауға сөз береді. Мысалы А.деген азаматша Э.,К. және Б. деген адамдармен қылмыстық келісім жасай отырып, бір ерлі-зайыпты адамдарға бос тұрған пәтерді 8 мың долларға сатпақ болады. Бұл Қарағандыда көптен бері тұрмайтын З. дегенннің пәтері болатын. Осы сауда-саттыққа жұбайлар келісіп, бірінші рет 2 мың доллар , екінші рет 704 мың теңгені әкеліп береді. Осылайша бұл азаматша бірнеше адаммен алдын ала келісе отырып, алдау және сенімге кіру арқылы 956 мың теңгені қымқырып, зардап шегушіге ірі көлемде материалдық шығын келтіреді. Сонымен қатар, ол 2007 жылы тамыз айында алдау-арбау арқылы Т. деген азаматпен 1 млн. 220 мың теңгеге келісім-шарт жасасып, оған қала ішінен екі бөлмелі пәтер алып бермек болады. Ақшаны алғаннан кейін ол азаматша бұл қаражатты басқа мақсатқа ұстап жібереді. Осылайша ол бірнеше қайтара алаяқтық жасап, қала тұрғынадрын алдап соғады. Сот А.-ны қылмыскер деп тауып, ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігінің “б” тармақшасы бойынша мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңдық күшіне енді. Бір сөзбен айтқанда,алаяқтық-ұрлық жасаудың бір түрі. Алдау-арбау, сенімге кіру арқылы кейбір қылмыскерлер бөтен адамның мүлкін, ақшасын алып пайдаланып кетеді. Осындай “бойы бұлғаң, сөзі-жылмаң” адамдардан сақ болыңыздар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет