Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет10/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. ҚР БҒМ «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ. PISA-2015 
Халықаралық 
зерттеуінің негізгі нәтижелері. Ұлттық есеп. Астана, 2017 жыл.
2. Қазақ әдебиеті. Жалпыға білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған 
оқулық / Б.Қапалбек, А.Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова, Алматы: 
Атамұра, 2018. 
3. Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" 
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ 
СТРАТЕГИЯЛАР
Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы, 
Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталықтың 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері, п.ғ.м. 
Аннотация 
Нәтижеге бағытталған оқыту үдерісінде сабақты жүйелі жүргізу маңызды.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда оқу мақсатына сәкес 
педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық 
белсенділігін арттыру жолдары жайлы баяндалған. 
Аннотация 
В 
процессе 
обучения, 
ориентированного 
на 
результат, 
важно 
систематически проводить занятия. Изложены пути повышения познавательной 
активности учащихся с использованием педагогических технологий, 


адекватных целям обучения в преподавании казахского языка и казахской 
литературы. 
Аnnotation 
In a result-oriented learning process, it is important to systematically conduct 
classes. The ways of increasing the cognitive activity of students with the use of 
pedagogical technologies that are adequate to the goals of teaching in teaching the 
Kazakh language and Kazakh literature are outlined. 
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру 
кеңістігіне енуге бағыт алынуда. Әр оқушыға терең білім беру, сонымен қатар 
олардың ойлау қабілеттілігін арттыру мақсатын іске асыру үшін кӛптеген 
ғалымдар ұзақ уақыт талмай еңбек етуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі 
орта, жоғары мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін 
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осыған орай оқу үрдісінде 
педагогикалық технологияны қолданудың белгілі тәжірибесі қалыптасқан. 
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын 
меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ғылымға мықтап 
енген «педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. 
Түсіндірме сӛздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, 
ӛнердегі амалдардың жиынтығы» - деген анықтама беріледі. В.П. Беспалько: 
«Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір 
педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның құрамды бӛлігі 
ғана», - деп анықтама береді.
Бүгінгі таңда В.П.Беспальконың және басқа да кӛптеген ғалымдардың 
технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда педагогика ғылымының 
докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі, филология 
ғылымының докторы Ә. Жүнісбектің, педагогика ғылымдарының докторы
профессор Т. Жұмажанованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары 
белсенді түрде қолданылуда. Бұл оқыту технологиясының бір ерекшелігі – 
оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық 
процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, кӛру, қимыл және т.б.), 
ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық 
жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, ӛзін-ӛзі бекіту, 
қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға; белсенді сӛздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға 
бағытталуда. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, 
қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта 
қолдануы сӛйлесу бӛлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып 
мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «ӛсу» бағытымен – 
қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық 
сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше 
мәрте қайта оралып отыру әр тілді үйренушіге оқу материалымен жұмыс істей 
отырып, ӛз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін 
дамытуға мүмкіндік береді.
Сӛйлесу бӛлімінде танымдық процесс топты 4-6 адамнан шағын топтарға 
бӛлу арқылы негізінен оқушылардың ӛзара әрекет етуіне құрылған. 
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік 


деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, кӛру және айту мүмкіндігі 
болатындай етіп құрылған. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі 
белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, 
пікірталастар) қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады.
Бұл технологияның негізгі шарты – оқушылардың кез келген ғылыми 
кӛздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалану, сондай-ақ ұйымдастырушы, 
кӛмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сӛйлесу 
бӛлімі сабақтарының ережелері, құрылысы және жүру барысы алдын-ала 
таныстырылады. Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сӛйлесу 
бӛліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған 
барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны оқушы сабақтан тыс 
уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған соң оқушыға ӛзін-ӛзі 
тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе мұғалімнің ӛзіне, не болмаса осы 
топ оқушыларының біреуіне тексеруге болады. Тек содан кейін ғана оқу 
модулінің қорытынды бӛлімінің тапсырмалары берілуге тиіс, ал ол 
тапсырмалардың орындалуын мұғалім ӛз бақылауына алуы қажет. 
Оқу модулінің қорытынды бӛлімі - бақылау, оқушылардың сӛйлесу 
бӛліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, 
дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған бӛлім. Егер сӛйлесу 
бӛлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне кӛмегі, бірін-бірі 
оқытуы, түрлі ғылыми кӛздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді 
қорытынды бӛлімде оқушы ӛзінің сӛйлесу бӛлімінде алған білімін, білігі мен 
дағдыларын ешкімнің кӛмегінсіз кӛрсетуі тиіс. Білімді бақылау формалары 
ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе 
диктант оқытылатын пәннің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы 
қорытынды бӛлімінде беріледі.
Сыни ойлау қабілеті дамыған, ұғынғанын тәжірибемен ұштастыра білетін 
белсенді тұлға қалыптастыру оқыту үрдісінде жүргізілетін барлық жұмыстың 
негізі болып табылады. Қазақ тілін оқытып үйрету барысында кӛзделетін басты 
мақсаттардың бірі – сыни тұрғыда ойлай білуге үйрету, нәтижелі білімге қол 
жеткізу. Оқушылардың сыни ойлау мүмкіндігінің жетілуімен бірге оқыту ісінде 
де ӛзгерістер жүреді. Сыни ойлауды дамытуға негізделген әдістер оқушының ӛз 
ойын жеткізуге мүмкіндік жасайтындай дәрежеде болуы керек.
Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда сабақ үрдісін үш кезеңнен құруға 
болады: 
1) ізденіс; 
2) жаңа білімді игеру
3) тәжірибелік дағды қалыптастыру; 
4) алған білімін ӛмірде тиімді қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет