қасиеттердің барлығы ұстаз еңбегінің кӛп жылдық жемісі. Білімді меңгеру үшін
оқушының ынтаықыласын туғызу, оқу мәдениетін оның әдеттегі дағдарысына,
рухани қажеттілігіне айналдыру керек.
Еліміздің білім жүйесінің әлемдік білім
кеңістігіне толығымен кірігуі оның халықаралық талаптарға сай болуын
қажет
етеді. Осыған
байланысты
білімнің
мақсаты,
мазмұнымен
инновациялық технологиялар ғылыми тұрғыдан зерттелуде, білім берудің жаңа
жүйесі жасалуда.
Оқушыларға қазақ тілінен білім мазмұнын игеруіне оқулық пен кӛмекші
оқу құралдары, ғылыми кӛпшілік әдебиет, журнал мен газет материалдарының
мәні зор. Мұғалімнің түсіндіруі мен жаттығу жұмыстары кітапқа сүйенгенде
ғана нәтижелі болады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға кітапты пайдалануды
үнемі үйретіп отыруы керек. Кітаппен жұмыс істеу әдісі сабақтың барлық
кезеңінде қолданылады. Мұғалім тілдің белгілі бір единицасын түсіндіргеннен
кейін оқушылардың сұрауларына жауап беріп болған соң, оқулықты алдырып,
ӛтілген материалды кітаптан оқып шығуды тапсырады. Оқулық пен
дидактикалық материалдардың оқушыларға үйде тигізетін кӛмегі де мол.
Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын кӛне
замандардан бастау алады. Сократтың ӛзі де оқыту барысында шәкірттің
танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап кӛрсеткен.
Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі
болуы керек. Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта
әрекет ету маңыздылығы Абай Құнанбаевтың да еңбектерінде кӛрініс тапқан.
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының
негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету,
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар,
басқа пәндермен сабақтастық арқылы
жалпыадамзаттық құндылықтардың,
ұлттық әдебиет пен мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың
шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік тіл
мәртебесіндегі ӛзара қарым-қатынас құралы.
Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын
әрбір жеке тұлға ӛмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін
функционалдық-коммуникативтік және қатысымдық-танымдық тұрғыдан
оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рӛлін саналы түрде түсінуге,
тілдің табиғатын ғылыми танымдық тұрғысдан түсініп меңгеруге,
коммуникактивтік тілдесім әрекетіндегі тілдік бірліктердің функционалдық
қасиеттерін саналы түрде қолдануға, әрбір тілдік бірліктің ішкі мағыналық
иірімдерін түсініп қолдануға дағдыландырады.
Жалпы білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты -
ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ
қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап,
дұрыс қолдана білуге, еркін сӛйлесуге
және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бірқатар маңызды мақсаттарды жүзеге асырады:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, ӛмірлік қажеттіліктерінде
коммуникативтік дағдыларды (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)
сауатты қолдану дағдыларын қалыптастырады;
2) оқушылардың қазақ тілін күнделікті ӛзі еркін қолданып жүрген қарым-
қатынас құралынан енді оны құбылыс ретіндегі заңдылықтар негізінде танып-
білу дағдыларын қалыптастырады;
3) қазақ тілі жүйесінің құрылымын, тілдік бірліктерді және олардың табиғатын
танып- біледі;
4) тілдік бірліктердің қарым-қатынас құралы, ойды жеткізу, танымдық құрал,
ақпаратты
сақтау
құралы
ретіндегі
қасиеттерін
функционалдық-
коммуникативтік бағдарда танып-біледі, соған лайықты машықтар мен
дағдыларды қалыптастырады.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тілдік сауаттылығы мен сӛйлеу
сауаттылығын, сӛз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу
қабілетін дамытуды және оқушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын
жетілдіруді кӛздейді.
Сонымен қатар, оқушыларға түсіну
мен жауап беруді, тілдесім мен
аудиобейне материалды тыңдау барысында ӛз кӛзқарастарын білдіруді
үйретеді. Кӛркем мәтін және жай мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды жасау,
синтез, анализ жасау дағдыларын меңгертеді.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа
негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп,
ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін
кеңейтеді.
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы білім деңгейі жоғары,
ой-ӛрісі дамыған, ӛз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше
білетін және шынайы ӛмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге
асыруға маңызды үлес қосады. «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы
оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы
ретінде оқытуды, сӛз, сӛз тіркесі, сӛйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды,
тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы
заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сӛйлеудің
нормаларын меңгертуді, әсерлі сӛйлеудің лексика-грамматикалық
тәсілдерін
меңгертуді кӛздейді.Қазақ тілін пән ретінде оқытуда оқушылардың ұлттық
дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға тӛселдіретін, айналадағы
адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде
әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және
кумулятивтік қызметтерін меңгерту, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс
істеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту басты нысана болып
табылады
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім деңгейі жоғары, ой-ӛрісі дамыған, ӛз
ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы
ӛмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге асыруға маңызды
үлес қосады. «Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы негізгі орта мектеп оқушысына
қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды,
сӛз, сӛз тіркесі, сӛйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік
бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін
құраудағы заңдылықтарды
үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сӛйлеудің нормаларын
меңгертуді, әсерлі сӛйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді
кӛздейді.
Ұрпақ тәрбиесінде әлем халықтары ӛзінің сан ғасырлар бойы жалғасып
келе жатқан тарихи тәжірибесін қолданады. Келешек иелерін тәрбиелеудің
негізі-ӛздері әрқашанда ӛткен уақыттан қалған бай мұра болмақ. Жылдар ӛтіп,
ел жаңарған сайын жаңғыра түсетін, қайта айналып соға беретін тақырып
білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі тәрбие үрдісін халқымыздың әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін ұлттық ерекшеліктерін ұстана отырып, жаңарту керек. Бала ең
алдымен ӛз ұлтының мәдениетін, ана тілінің
ерекшеліктерін бойына сіңіріп,
сонан соң ӛзге халықтардың мәдениетінің игі мұрасын меңгергені дұрыс.
Жалпы дүниежүзілік қркениет әр ұлттың рухани қазынасы арқылы дамып,
байып отыратыны сӛзсіз.
Қорыта айтқанда, оқушылар тарапынан жоғарыда аталған оқытудың
түрлерін мұғалімдер күнделікті сабақтарында қолданып отырса, бұл
шәкірттерге үлкен кӛмегін тигізері хақ.
Достарыңызбен бөлісу: