Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың
оқу мақсаттарын, тілдік мақсаттарын анықтау);
Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін
бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау);
Тапсырма. Балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне
негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Мұның
құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған
тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді
немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау оқу тапсырмасының мазмұны
бойынша: шығармашылық деңгейі бойынша, қиындық деңгейі бойынша,
кӛлемі бойынша, әрекетті ұйымдастыру бойынша:
Мұғалім тапсырманы бәріне бірдей таныстырады, ал
орындалу кезеңі
тӛмендегідей болуы мүмкін:
1 топ-мұғаліммен бірге;
2 топ- алдымен мұғаліммен, содан кейін ӛз бетінше;
3 топ- ӛз бетінше
Тапсырмалардың нұсқалары қиындық деңгейі, шығармашылық деңгейімен
және кӛлемімен ерекшеленеді.
1-нұсқа- негізгі тапсырма;
2-нұсқа-кӛлемі үлкендеу тапсырма;
3-нұсқа-шығармашылық
тапсырма.
Саралауды
қамтамасыз
ететін
тапсырмаларды құрастырудың тӛмендегідей түрлерін қолдану ұсынылады:
Ашық түрде орындалатын тапсырмалар;
Қаламдық тапсырма түрінде орындалатын тапсырмалар;
Таңдау түрінде орындалатын тапсырмалар; Сондай-ақ оқушының таңдауы
бойынша тапсырма жағымды оқу ынтасының қалыптасуына әсер ететінін естен
шығармауымыз керек.
Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен
жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып,
әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Нәтиже дегеніміз – сабақтың соңында мазмұн
бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім мазмұнды
меңгерту мақсатында тапсырма береді, барлық
оқушылар бір тапсырманы
орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Оқушылар ӛздерінің мықты
және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және жетпей тұрған білімдерін
жетілдіру туралы ойлағандары маңызды. Сабақта мұғалім барлық оқушыларға
бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының ӛздерінен не
күтетіндігін түсінгендеріне кӛз жеткізулеріне әрекет жасайды.
Жұмыс қарқыны. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды
аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір
оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша
тапсырмаларды кӛп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға
болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруге кӛмек қажет ететін оқушыларға
біршама уақыт беріледі.
Қорытынды: Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да, олардың
нәтижелері әртүрлі болады. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс»
жауап бағытында жұмыс істеуден гӛрі оқушылар ӛздерінің мықты және әлсіз
тұстарына қарай жауап береді. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере
отырып, олардың әрқайсысының ӛздерінен не күтетінін түсінгендеріне кӛз
жеткізу керек.
Бағалау. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың
нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер
оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму
аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін
икемді үдеріс.
Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет
пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі
түзетіліп отырылуы мүмкін. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға
қарай ілгерілей аламыз.
Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін енгізу қажет.
Мысалы: үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында, сіз тестілеуді
оқушы ұнатпайтын әрекетке айналдыруға
жол бермейтін әдістемелерді
пайдалана аласыз. Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың
білім сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға
мүмкіндік береді. Тәжірибе корсеткендей, сенімді түрде алға жылжу
оқушыларды
шабыттандырып,
оларды
қарқынды
жұмыс
істеуге
ынталандырады. Тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне
деген сенімін нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын
аpттырады.
Capaлay – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында неге ӛзекті? Eң
бастысы оқушылардың метасанасын дамыту. Оқу процесін «қажеттен» «ӛте
қызық» деңгейіне жеткізу. «Бұл сендерге қажеттен» оқушыға «бұл маған
қажетке» жетелey.
Capaлап оқыту – мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын, қазақ тілі мен
әдебиетті оқыту үдерісінің диалогтік сипатта,
әрекеттік-шығармашылық
сипатта ӛтуін, оқушының жеке тұлғасының дамып, қалыптасуын кӛздейтін
дидактикалық жылжу.
Біз ескінің кӛлеңкесінде қалмай ,жаңа технологияларды тиімді қолдана
білуіміз керек. Жастарымызға дурыс бағыт беріп, сапалы білім алуына жағдай
жасауымыз қажет. Қазірде елімізде тынышқтық заман орнап, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен зор сеніммен ауыз
толтырып айтамын.Дамыған елдер қатарынан ӛз орынымызды табу үшін
еңбектеніп келеміз. Бәсекеге қабілетімізді арттырдық. Білім мен ғылымда,
мәдениет пен спортта топ жарып жүрміз. Жастарымыз жарыстардан жүлдесіз
қайтпады. Әлем сахналарында Әнұранымыз шырқалды. Осыдан асқан бақыт
барма? Еуразия жүрегінде, ӛркениеттердің ұштасқан орталығында кӛптеген
ұлт пен ұлыстың құтты мекеніне айналған ұлы далада азат елдің ұстазы
болудан асқан бақыт жоқ. Ата- бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты
ӛскелең ұрпақ бой түзеп келе жатыр. Болашақпен бағытталып, келешекпен
кемелденетін ақылды жастарымыз кӛк байрақты тӛмен түсірмесі анық.
Тәңірден келген Тәтті сыйдың еңсесін биік ұстау ӛз қолымызды.
Алла Тағала
бізді осы бақытымыздан айырмасын…
Достарыңызбен бөлісу: