«Адам жанының қҧпиясы» бӛлімінде Бейімбет
Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты берілген. Оқу мақсатында
шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы кӛрінісін заманауи тұрғыда салыстырып,
жаңашылдығына баға беру. Тапсырманы дәл осы оқу мақсатына сүйене
отырып жасаймыз, тапсырманы орындату үшін тиімді әдістерді шебер
қолдансақ, ӛз сабағымыздың мақсатына жете аламыз. Бұл орайда оқушының
таңдауы бойынша тапсырма жағымды оқу ынтасының қалыптасуына әсер
ететінін естен шығармауымыз керек. Яғни сабақ үстінде қолданатын әдісіміз
оқу мақсатының нәтижелі болуына ықпал етуі тиіс. Сонымен қатар балалар
қызығушылықпен берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындап, оқылым,
тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларының дамуына жол салуы қажет.
Сабақ барысында «ФАКТ немесе ПІКІР» әдісі арқылы балаларға ортақ
тапсырма берілді, «Шұғаның белгісі» хикаятындағы оқиғадан нақты үзінділер
келтіріп, бүгінгі күнмен салыстырып, ӛз пікірін ортада айту. Тапсырманы
орындау барысында қабілеті жоғары оқушылрым оқулықтан шығарма желісі
бойынша үзінділер тауып, қазіргі ӛмірмен салыстырды. Шығарманың басты
кейіпкері Шұғаның басына түскен жағдайға баға беріп, сол заманның
қыздарының тағдыры ауыр болғанын атап, бүгінгі қазақ қыздарының тағдыры,
теңдігі ӛз қолдарында екенін айтып, «Шұға сабырға келіп, Әбдірахманды күтуі
керек еді» деген ӛзіндік ойларын ортаға салды. Басқа топтағы оқушылар әке
қаталдығын сынға алып, бүгінде де қоғамымызда Есімбектей әкелердің әлі де
бар екенін қынжыла сӛз етті.
«Хикая картасы» әдісі де әдеби шығармаларды талдауда, шығарманың
құрылымы бойынша тапсырма орындауда ӛте тиімді. Бұл әдіс арқылы оқыған
шығармадағы негізгі оқиғаның мән-жайын жазу және сол оқиғалардың суретін
салып мазмұндау. Оқиғаны, әңгімені бірлесіп мазмұндау жаттығуы. Оқылым
кезінде, оқылымнан кейінгі жаттығуда қолдануға болады.
«Кӛңіл-кҥй кестесі» әдісі мұғалімнің басшылығымен оқылатын бүкіл хикая
кезінде кейіпкердің эмоциясы қалай ӛзгеретінін кӛрсету үшін, тыңдаушылар
қарапайым сызықтық кесте құрады. Бұл тапсырмалар мұғалімнің
жетекшілігімен жүретін оқылым, үйге оқуға берілген кітаптарды оқып бітіру
жаттығуы, сонымен бірге, тыңдалымға және айтылымға арналған жаттығулар
болуы мүмкін. Осы әдісті де сабақ барысында Шұғаның шығрмадығы түрлі
кӛңіл-күйін кӛрсетуді тапсырдым. Шәкірттерім қызығушылықпен шығарманы
оқи отырып, Шұға қай тұста қуанды, қай жерде ӛкінді, мұңайды, жылады,
берілген кестеге түрлі кӛңіл-күйін жазып кӛрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |