назарда ұстауды үйретеді. Ӛзгерісті қажет еткен қоғамда ӛмір сүре отырып еш
ӛзгеріссіз қалу мүмкін емес.Ал, бірқалыптылық, бір сарындылық, жылдар бойы
бізге ӛзгеріссіз ӛмір сүрудің тоқтап қалғаны секілді ілгерушілік байқалғанын
білдірмейді. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген
сӛз бекерге айтылмаса керек. Сол үшін де ӛзгерісті жалғыз емес қоғам болып,
бірлесе отырып жасауға әрекет жасауымыз керек.
Педагогикалық білім - білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен
міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен
әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені
қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға,
сабақты жоспарлау және ӛткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді
қамтиды. Сонымен қатар педагогикалық білім құрамына сабақта қолданылатын
тәсілдер
мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу
материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім
оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының
үдерістерін түсінуге кӛмектесетін терең педагогикалық білімге ие,
олардың
ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады.
Шын мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және
дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы
оқушыларға қатысты қолдану
әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді.
Баршаңызға белгілі қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті
маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, ал, оның жүрегі - сіздер, құрметті
әріптестер!.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтердің кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктерін іске асыру кезеңі келіп тұр.
Сондықтан білімалушылардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби
шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде
мақсатты түрде білім беретін,
қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық
процессті ұйымдастыру сіздер мен біздердің қолымызда. Басқаша айтқанда
ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым,
білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен
әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке
ынталандыру үшін білім беру-мемлекет алдындағы кәсіби міндетіміз.
Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен
«мәдениет адамына» бағытталған білімге кӛшуді кӛздейді.
Бұл білім беру
жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық
негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз етуіміз керек.
Сӛзіміздің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру
бағдарламасы бойынша біздің кӛкейге түйгеніміз,
тілдік дағдыларды жетік
меңгерген, функционалды сауатты және бәсекеге қабілетті егемен елдің ұл-
қыздарын білім нәрімен сусындатсақ, бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел
боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында ӛзіміздің бар күш жігерімізді салып,