Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


«Шет тілдері сӛздігі» «қҧзыретті» тҥсінігіне «қҧзырларға - қызметтік



Pdf көрінісі
бет210/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   222
Жинак республ docx

«Шет тілдері сӛздігі» «қҧзыретті» тҥсінігіне «қҧзырларға - қызметтік 
ӛкілеттікке ие» деген анықтама берген. Ал жалпы педагогикалық 
әдебиеттерде «қҧзыреттілік» аясында білім алушылардың мына негізде 
әрекеттің кҥрделі тҥрлерін жасай алу қабілеті тҥсіндіріледі, яғни нәтижесі: 

білімдер болып табылатын танымдық іс-әрекет тәжірибесі; 

іскерліктер түрінде болатын іс-әрекет тәсілдерін іске асыру тәжірибесі; 

проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі болып табылатын 
шығармашылық іс- әрекет тәжірибесі. 
Педагогикалық әдебиеттерде қҧзыреттіліктің тӛмендегідей тҥрлері 
кӛрсетіледі: 

түрлі ақпарат кӛздерінен білімдер алу тәсілдерін меңгеруге негізделген 
ӛзіндік танымдық іс- әрекет саласындағы құзыреттілік; 

азаматтық-қоғамдық іс-әрекет саласындағы құзыреттілік (азамат, 
сайлаушы, тұтынушы ролін орындау); 



әлеуметтік-еңбек іс-әрекеті саласындағы құзыреттілік (ӛзінің кәсіби 
мүмкіндіктерін бағалай алу, ӛзін-ӛзі ұйымдастыру дағдылары т.б.); 

тұрмыстық саладағы құзыреттілік; 

мәдени-демалыс саласындағы құзыреттілік (бос уақытты тұлғалық 
сұраныстарға жауап беретін талаптарға сай ұйымдастыра алу). 
Білім беру мазмұнында түсініктердің, іс-әрекет тәсілдерінің және жеке 
позицияның кӛрініс табуы тәжірибесінің кіріктірілуі білім алушының ӛзіндік іс-
әрекет тәжірибесін оқытушымен бірлескен шығармашылық іс-әрекетте 
жүргізіледі. Бұл жерде құзыреттілік оқыту нәтижесі бола отырып, одан тікелей 
шықпайды, керісінше, индивидтің ӛзіндік дамуының, тұлғалық және іс- 
әрекеттік тәжірибені қорытудың салдары болып табылады. 
Жаңа сапаға қол жеткізу үшін берілетін білімдердің, іскерліктердің, 
дағдылардың санын арттыру шарт емес. Бұл жерде тек берілетін білім кӛлемін 
ұлғайту арқылы жоғары сапаға қол жеткізу мүмкін болмайтындығын айта кету 
керек. Егер біз сапаға сан арқылы қол жеткізу жолымен жүретін болсақ, онда 
тиісінше қалыптастырылатын құзыреттіліктердің саны да шекіз болып шыға 
келеді. Бұл ӛз кезегінде оларды шын мәнінде қалыптастыруды қиындатып, 
білім беруге құзыреттілік тұрғыдан келудің мәнін жояды.
Сондықтан да, негізгі немесе басым құзыреттіліктерді іздеу барысында 
кілттік (базалық) құзыреттіліктер түсінігін қолданылады. Кілттік (базалық) 
құзыреттіліктер дегеніміз - неғұрлым спецификалық құзырлар қалыптастыруға 
негіз болатын кең спектрлі әмбебап құзыреттіліктер. 
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі 
инновациялық экономиканың негізгі бӛлігі болып табылады. Қатаң талаптары 
қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі 
маманның құзыреттілігін, яғни ӛз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, 
кәсібилігін, ӛмірдің ӛзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай ӛз білімін 
пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. 
А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі 
бір сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті 
қасиеті ретінде қарастылатындығын айтады .
Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова 
«Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның 
субьектілік тәжірибесіне ерекше кӛңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған 
ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала 
бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай 
да бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді 
білдіреді» деп кӛрсетеді. 
Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…ӛзінің практикалық әрекеті арқылы алған 
білімдерін ӛз ӛмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп 
атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның кӛзқарасы бойынша, 
«Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола 
алатын білімділігі мен абыройлылығы». 
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік - ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену 
процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның 


жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның 
кіріктірілген қасиеті» -деп қарастырылады. 
Сонымен, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп 
мамандығы бойынша ӛз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен 
дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, 
педагогикалық шеберлік пен ӛзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға 
қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, 
шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман 
педагогті атаймыз. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың тілдік 
дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу және
сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылар әңгіме, поэзия,
драма, сондай-ақ ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының
материалдарын (газет-журналдар т.б.) сын тұрғысынан оқи отырып, ӛз 
түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра
отырып, білім әлеміне жол ашады. Қазақ тілі пәнін оқу арқылы оқушылар: 
- сӛздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады; 
- тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді; 
- ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;
- коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді және 
ӛзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсуді үйренеді;
- Қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін
қалыптастырады, қызығушылығын арттырады. Білім сапасын арттыру, бүгінгі 
таңдағы ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу - білім беру 
мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен 
нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет