Қазақстан Республикасының білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-
2021 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасында
білімге бағытталған
мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына
алмастыру қажеттілік кӛрсетілген. «Құзырлық» сӛзі туралы қазақ тілі
терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігінде: «құзыр (компетенция) -
жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені
жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық - ӛз ісін жетік білу,
танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді.
Белгілі бір саладағы
құзырлылықты меңгерген тұлға ӛз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен
қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет
ете алатын адамды есептеуге болады. Тұлға құзырлылығының құрылымын
анықтауда ӛте кӛптеген тәсілдер бар.
Қоғамда
болып
жатқан
әлеуметтік-экономикалық
ӛзгерістер,
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануға ұмтылысы еліміздің
білім беру жүйесіне ӛзіндік әсерін тигізуде. Бұл
жерде бірінші кезекте оның
алдына қойылатын мақсаттың ӛзгеруі, соның салдары ретінде білім беру
мазмұнын және сапасын ӛлшеу құралдарын жаңарту мәселелері шығады.
Қазіргі уақытта іс-әрекет субъектісі ретінде мұғалімге, оның тұлғалық-кәсіби
қасиеттеріне қойылатын талаптар ӛзгерді. Бұл талаптарға
жауап беретін педагог
даярлау, ең алдымен, оның құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты
болады.Бұл
әдістемелік
нұсқаулықта
осы
құзыреттілік
мәселесінің
педагогикалық әдебиеттерде қарастырылуы сӛз болады.
Ең алдымен, «құзыреттілік» терминінің мәнін филологиялық тұрғыда
ашып алайық. Ол үшін құзыр (компетенция)
және құзыреттілік
(компетенттілік) ұғымдарына жекелеп тоқталу қажет. Ӛйткені педагогикалық-
психологиялық әдебиеттерде бұл ұғымдар бірде-бір мағынада, негізінен кӛбіне
түрлі категорияларды белгілеу үшін қарастырылады.
«Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігінде»
«құзыр» ұғымына «қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір
нәрсені жасау» деген анықтама берілсе , С.И.Ожегов сӛздігінде «құзыреттілік -
белгілі бір мәселені жан-жақты білу» екендігі айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: