оқушылар орындап болған тапсырмадан кейін келесіге кӛшті, ал оқушылардың
тапсырмаларды орындау жылдамдығы әр түрлі. Тапсырманы орындап болған
бірінші оқушының жұмысына кері байланыс беріп жатқан кезде екінші оқушы
орындап болды, екіншіден кейін үшіншісі, үшіншісінен кейін тӛртінші, т.с.с.
Сыныпта 25 оқушы болғандықтан, әр оқушыға кері байланыс беру сапасы
тӛмен болады, тіпті кей оқушылардың жұмысы бағаланбай қалады деген қауіп
болды. Сондықтан сабақта топтық жұмысты ұйымдастыруды ұйғардым.
Сабақтың басында оқушыларға үстеудің 7 белгісін кезек-кезек кӛрсетіп
оны жасырдым. Деңгейі жоғары оқушылар 2-тұжырымнан кейін-ақ үстеу
екенін тапты. Орта және тӛмен деңгейлі оқушылар 5-тұжырымнан кейін
сабақтың тақырыбы үстеумен байланысты екенін түсінді.
Сабақтың
тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін түсіндіріп болған соң,
мағынаны тану мақсатында әр оқушыға үстеу түрлерінің ережесін бердім. Бұл
мәтінді тез әрі сапалы меңгеруге мүмкіндік болды.
3 және 4-тапсырмаларда топтар меңгерген үстеу сӛздерді берілген
мәтіндегі бос орындарға мағынасы бойынша дұрыс орналастыруы және мәтінде
үстеуі кездеспейтін 3 сӛйлемді үстеу сӛзді қосу арқылы ӛз сӛзімен қайтадан
жазу (перфираз жасау) керек болды. Осы орайда бағалауда қиындықтар туды.
Топтардың жұмысына ӛзінің тарапынан кері байланыс беруді жоспарладым,
алайда 3-тапсырманы аяқтап болған топтармен қатар 2-тапсырманы тәмамдаған
топтар да бағалауды қажет етті. Бұл жағдай мобильді жұмыс жасап,
тез кері
байланыс беруді талап еттім. Шығармашылық топтың ойынша, барлық
жұмыстарға тиімді кері байланыс беріліп, сындарлы ұсыныстар айтылды.
Әдетте дәстүрлі қазақ тілі сабағында топтарға тапсырма берген кезде
барлығына бірдей уақыт берілді. Уақыт аяқталған соң топтар ӛз жұмыстарын
ортаға
шығып қорғап, мұғалімнен не сыныптастарынан кері байланыс алды.
Осы орайда кей топтар тапсырманы тез, ал кейбіреулері баяу орындады. 1-
зерттеу сабағында саралап оқытудың тереңдетілген принципін қолдану
нәтижесінде жоғары және орта деңгейлі оқушылардың қажеттіліктері ескерілді.
Әр деңгейдегі оқушылар тапсырманы сапалы орындады. Шығармашылық топ
тарапынан білу, түсіну, қолдану деңгейінде бағалау кезінде тапсырманы
орындап болған топтарға шығарылған дайын жауаптарды беру ұсынылды.
Себебі сабақтың бұл кезеңінде жеке бағалау толығымен ӛз қызметінде
орындалып, мақсатына жетті.
Оқушыларға әдебиет сабағы кезінде ӛз
бетімен жұмыс жасаудың
мынадай түрлерін беремін. Мысалы: «Пікірлер базары» белсенді әдісі арқылы
«Кейіпкердің» іс-әрекетіне баға бергізіп, болжап, ойтолғау немесехат
жазғызамын. Оқушыларды ӛздігінен жұмыс істей алуына негіз болды. Оқушы
білімді ӛз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу
барысында ешқандай ӛз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі
тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды деп ойлаймын. Содықтан
оқушылар үшін ӛзіндік жұмыстың маңыздылығы осында.
Мұғалімдік тәжірибемдегі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға
қалыптастыру, ӛз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: