Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет41/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   222
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.Ақшолақов Т., Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 
1998. 
2.Ақшолақов. Т.Кӛркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту. Алматы. 
1975ж. 
3.Әбдезұлы Қ., С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті әдістемелік нұсқау» «Арман 
ПВ», 2012 
4.Әлімов А.Х. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана «НЗМ»ДББҰ, 
2014 
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДА
МҦҒАЛІМНІҢ РӚЛІ 
№129 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
 Азимбаева Балнҧр Шарифхановна 
Шымкент қаласы 
Адамды оқыту және тәрбиелеу-қай ғасырда болсын ең маңызды 
міндеттің бірі. Сабақ үдерісі ӛте күрделі құрылым болып есептеледі. Ол 
теориялық білім мен еңбекті талап етеді. Педагогика, психология, таным 
теориясы, педагогикалық шеберлік, коммуникативті құзіреттілік, эмпатиялық 
қарымқатынас, жобалау мен жоспарлау құзіреттілігі т.б. кӛптеген қабілет -
қарымды қажет етеді. Мұғалім сабақтың әрбір сәттеріндегі әдіс-тәсілдермен 
қаруланған, теориялық жағынан терең білімге ие болуы сабақ үдерісінің дұрыс 
бағытталуына үлкен септігін тигізеді.
Әдеби шығармаларды оқытуда пән мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты 
мен міндеттері негізінен әдебиет пәніне арналған бағдарламаларда белгіленген. 
Әр ұстаз ӛз пәнінен сабақ беруді бастамас бұрын бағдарламаның түсінік хатын 
оқып, әдебиетті оқыту міндеттерімен, бағдарламаның құрылысы және негізгі 
мазмұнымен, кейбір әдістемелік нұсқаулармен, әдебиетке байланысты 
сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерімен жалпы айтқанда жүргізгелі 
отырған курстың барлық мақсат, міндеттерімен жете танысып, ӛз ісіне сауатты 
дайындықпен келуі тиіс. 


Алайда әдебиетті оқыту әдістемесінің ішкі мазмұнында қамтылатын 
негізгі мәселелерді айқын әрі терең ұғыну үшін бағдарлама мазмұны 
жеткіліксіз болады. Яғни ұстаз әдебиеттің бағдарламасымен үстірт танысып, 
мойындап қана қоймай, әдістеме мазмұнының талап-тілектеріне сай сын 
кӛзімен тексеріп, зерттеп, шығармашылықпен меңгеруге міндетті. Тек сонда 
ғана ол әрбір сыныпта оқып үйретуге тиісті әдеби материалдардың ауыр, 
жеңілдігі, берілген сағат мӛлшеріне сәйкестігі, оқушыларға берілетін әдеби-
теориялық білімнің кӛлемі мен мазмұны, жүйелілігі, ауызша және жазбаша тіл 
дамыту жұмыстарының түрлері т.б. кӛптеген мәселелер туралы ғылыми-
әдістемелік қорытындыға келе алады.
Нарық заманының әсерінен бе, кітаптың қымбаттауынан ба әлде ақын-
жазушыларымыз сұранысқа сай кітап жаза алмай жүр ме, әйтеуір не керек, 
кітап оқуға құмарлық жойылып барады. Мүмкін, бұған ақпараттардың толассыз 
тасқыны да себеп шығар әлде бала түгілі, ӛзі кітап оқымайтын ата-анадан 
кӛреміз бе? Біра бұлай бейғам отыра берсек, бар білгенімізден айырылып 
қалмасымызға кім кепіл?! Ал кітап оқымаған ел жастарының ертеңі қандай 
болмақ? Кітап оқылмай жүргені тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде етек алып 
барады. Мысалы, бұрын Гомер мен Шекспирді, шығыстың ғашықтық 
ғазалдарын немесе орыстың А.С.Пушкині мен В.Лермонтовын оқымайтын адам 
аз болған. Ал бүгінде оларды білмек түгілі, ӛз дәуірінің жазушысын 
танымайтындар қаншама?! Ӛйткені бүгінгі оқырманның ықыласы интернет пен 
небір сайттарға ауысып кеткен. 
Баланың кӛркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының 
тӛмендеуі мені мынадай сұрақтарға әкеп тіреді: «Олар неге кӛркем әдебиет 
оқығысы келмейді? Кітап оқымай-ақ компьютерді білумен де биіктерге жете 
аламыз ба? Кӛркем әдебиетті оқығаннан біз не ұтамыз? Ұлтымыздың ӛткен 
ӛміріндегі жетістіктері сол ғылыммен бірге кӛркем әдебиетті кӛп оқыған, 
ұлтымыздың барлық киелі қасиетін ӛз бойларына сіңірген тұлғалардың 
арқасында қалыптасты емес пе?». Осы сұрақтар тӛңірегінде сұхбат 
жүргізгенімізде кейбір оқушыларымыз біздің пікірімізбен келіспеді. «Қазір 
компьютер білсең болды, интернет арқылы қажетті мәліметтерді табуға 
болады» деген ойларын айтты. Оқушыларымыздың пікірі біздің пікірімізді ой 
таразысына сала отырып, компьютерді білудің де, кӛркем әдебиетті оқи білудің 
де баланың тұлғалық қалыптасуы үшін қажеттілігін былай тұжырымдадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет