Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері, бағыттары
Кӛркем туындыдағы жазушы ойы, идеясына кӛз жүгірту. Әдеби талдау
үшін,
ең алдымен, сол кӛркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың
тарихи негізіне ерекше назар аудару керек. Мысалы, Абайдың кӛп ӛлеңдерін,
соның ішіндегі «Қалың елім, қазағым» ӛлеңін жазуға әсер еткен, мәжбүр еткен
19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қауымының, қоғамының әлеуметтік
жайы болған. Немесе Бұқар жырау толғауларының бәрі ӛз заманының тарихи
айнасындай. Оның толғауларын сол ӛз заманындағы тарихи-әлеуметтік
оқиғалар туғызған.
Кӛркем туынды композициясын талдау тәсіліне бас кейіпкерлердің іс-
әрекетін салыстыру; негізгі оқиғаларды сұрыптау; портрет, суреттеулердің
кӛркем туындыдағы орнына тоқталу жатады. Мысалы, «Қорғансыздың күні»
(М. Әуезов) әңгімесінің басында жолаушылар суреттеледі. Әсіресе, Ақан
портреті оның нәпсіқұмар
жан екенін аңғартады, әңгімедегі негізгі сұмдық
оқиғаларды осы портреттеу алдын ала болжатқандай болады.
Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туында негізінде жатқан
авторлық кӛзқарас, идеяны ашуға кӛмек жасайды. Жазушы стилі дегенде, ең
алдымен, оның кӛркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы
Мұғалім сабақты жоспарлағанда балаға нені және қалай үйрететіндігіне
баса назар аударып, мақсатқа жетуде әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін қолданып,
оқушының назарын ӛзіне аударуға бар күш-жігерін жұмсауы керек. Сонда ғана
оқушының қызығушылығы ерекше арта түсіп, оқуға деген ішкі уәждерінің
оянуына ықпал етуге болады. Ӛз тәжірибеме сүйенсем, бүгінгі күні баланың
тілдік қатынасын арттыруда әр сабағымда ісәрекет дағдыларына аса мән беріп,
түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүрміз.
Әлемдік тәжірибе ынтымақтастық оқыту нәтижеге қол жеткізуде
табыстырақ болатынын кӛрсетіп отыр, ал оның
басты идеясы қандай да бір
жұмысты бірге жасау емес, бірлескен оқу болып табылады. Оқушылар алған
білімдері мен үйренген дағдыларын ( тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)
кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға,
бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін білім алуы тиіс.
Әрбір сабақта баланың бойында патриотизмді дамыту, ӛз елінің кешесі мен
бүгініне үңіле қарауға, ӛз елінің әдебиеті мен мәдениетін, әдет-ғұрпына
құрметпен қарауға тәрбиелеу арқылы бала бойына құндылықтарды дарытамыз.
Қазақ әдебиеті пәнінде тақырыпты меңгерту барысында тұлғаға бағдарланған
тәсіл оқушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді, тіл мен
әдебиетке қатысты күрделі мәселелерді талқылау барысында ӛзінің ой-пікірін
анықтау мен қорғай
білу дағдыларын қалыптастыруды, ӛз бетінше тұжырым,
қорытынды шығару, қарастырылып отырған оқиғалар мен үдерістерге ӛзіндік
кӛзқарасы мен пікірін білдіруді кӛздейді. Бұл оқыту технологиясы оқушының
жеке тұлғасын, рухани қырларын үйлесімді түрде қалыптастыруды кӛздейді.
Сондықтан тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесінде сабақтың алатын орны аса
маңызды болып табылады.
Айтылым мен тыңдалым дағдыларын іске асыру «Болжам жасау»,
«Джигсо», «Ӛрмекші торы», «ПОПС» формуласы, «Карусель», «4 түрлі
сӛйлем», «3-2-1» әдісі, «Бұрыш» стратегиясы, «Бес қадам» ойыны, проблема
шешу тапсырмалары, тәжірибелік әдістер,
тілдік әдістер, иллюстрациялар,
аудио, видео кӛрсетілімдер диалогтық оқыту арқылы жүзеге асырылады. Рӛлдік
ойындар арқылы авторан сұхбат алып, сұрақтар беру оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттырады. Сондай-ақ, сабақ кезінде берілген
тақырып аясында миға шабуыл жасай отырып, «пікірталас», «дебат», «дӛңгелек
үстел», «брифинг», баспасӛз конференцияларын ұйымдастырып, монолог пен
диалогке, әңгімелесуге жағдай жасасақ, оқушылар ӛз ойларын жеткізіп,
еркін
сӛйлеп танымдық белсенділігі арта түседі. Осындай әдіс-тәсілдерді қолдану
баланың айтылым және тыңдалым әрекеттерін дамытуда зор мүмкіндікке ие.
Оқушылардың бір-біріне жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, диалогтік
қарым-қатынас жасап, ӛз беттерінше қорытынды шығара білуін дәлел ретінде
айтуға болады.
Сабақ кезінде оқылым дағдысын ұйымдастырудың маңызы зор. Оқылым
дағдысында оқушылар жазбаша берілген ақпарат мазмұнын түсінуге, мәтіннің
негізгі идеясын, құрылымын анықтауға, терең тұшыныпұғынуға, қайталап
оқуға, сұрақтарды тұжырымдауға, қорытындылауға мүмкіндік алады.
Оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру,
оған қатысты
ойпікірін білдіру арқылы оқушының ойлау және сӛйлей білу дағдысы
қалыптасады, дамиды. Олар тапсырма алған сәттен бастап тапсырмамен таныса
салып, ӛз пікірлерін ортаға салуға тырысады, пікірге сын кӛзбен қарап, ойдың
дұрыстығын дәлелдеуге, ӛзгелер идеясын мұқият тыңдауға, жеке жұмысты
доғарып, жұп және топ болып жұмыс істеуге дағдыланып келе жатқандықтары
байқалады.
Қызықты ұйымдастырылған жақсы сабақтар арқылы сауатты оқырман
қалыптастыруға негіз қаланады. Осыған орай, сабағымда қолданып жүрген
―ДЖИГСО‖, «Болжам жасау», «Т кестесі», «Кубизм», «Детальдарды қосу»,
«РАФТ», «Синквейн», «Бес минуттық эссе», «Соңғы сӛзді біз айтамыз...»,
«Галереяда ой шарлау», «Жылқы сұлбасы», «Автор орындығын», «Идеяны
суреттеу», т.б. әдістәсілдердің қайсысы болмасын, баланың ойлау қабілеттері
мен сӛйлеу мәдениеттерін арттыруға үлкен мүмкіндік туғызғанын ӛз
тәжірибемде байқадым. Әрине, аталмыш әдіс-тәсілдерді сабақтың әр кезеңіне
сай қолдана білгенде ғана, оқушылардың ойы шыңдалып, сабаққа белсенділігі,
ынтажігері артады.
Мұғалім кей кезде әрбір оқушыға кӛңіл бӛліп, кӛмек кӛрсетуге үлгермей
жатады. Бірлескен жұмыс бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Оқушылар
бірнеше шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір-біріне кӛмек беруге және
әрбіреуінің табысты болуы үшін жауапты болуға үйренеді. Ынтымақтастықта
оқытудың мақсаты әрбір оқушының ӛзінің даму ерекшелігіне сәйкес білім мен
білік, дағдыларды меңгеріп қана қою емес.
Әлеуметтену, коммуникативтік білік әсері аса маңызды. Бүгінде кӛп
балалар жалғыздық пен шеттетуден қиналады, сондықтан балалар арасындағы
психологиялық байланысты күшейту, олардың қарым-қатынасын орнату және
қолдау, мұғалімге, бір-біріне тілектестік қажет.
Мұндай қолдауды олар мұғалімдерден, сыныптастарынан, жұмыс
дәптерлерінен, кітаптардан немесе басқа да кӛздерден ала алады. ЖАДА