Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет85/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   222
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Әбдезұлы Қ., С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті әдістемелік нұсқау» «Арман 
ПВ», 2012 
2.Әлімов А.Х. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана «НЗМ»ДББҰ, 
2014 
3.Байтұрсынұлы 
А., 
Тіл 
тағылымы, 
А, 
«Жазушы», 
1992. 
4.Байжұманова Қ. «Оқуға ынталандыру-мұғалім біліктілігінде»// 
Қазақстан мектебі,2008ж.№1 


5.Белинский В. Г // «Балалар кітапшалары туралы бірер сӛз» 12-17б.1989. 
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ 
ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ 
 
Сатыбалдиева Фарида Бекмуратовна 
№58 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Жақсы мұғалім-кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық 
әлеуеті мол тұлға. Тұлғаның адам болып қалыптасуы белсенділік арқылы 
жүзеге асады. ХХІ ғасырдың оқушылары жаңаша білім беруді талап ететіні 
белгілі.
Қазақта «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» демей ме? Сондықтан да 
баланың талабына сай білім беру бүгінгі таңдағы мұғалімнің негізгі міндеті. Ж. 
Аймауытов бір сӛзінде былай дейді: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік 
емес, ол - жаңадан жаңаны табатын ӛнер» Орта білім беру жүйесінде әлемдік 
жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері 
арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. (Hattie, 
2009). Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім 
оқушылардың жинақтаған ӛзге білімдерімен тиімдісіңісе алмайды, сондықтан 
механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. 
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқудың 
нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін 
қолданылатын термин. Бағалау- оқушы қажеттілігін бағалау, оқушылардың 
жеке және бірлесіп жұмыс жасауын марапаттау, оқу барысын бақылау
қаншалықты түсінгенін тексеру және тақырып мазмұнын қаншалықты 
мағыналы түсінгеніне қарай марапаттау, түсінгенін демонстрациялау 
(түсінгенін практикада қолдана білуге жағдай жасау), оқушылардың оқу 
жетістігінің нәтижесін кӛру, білім деңгейін анықтау, пәнге деген ынтасын 
күшейтіп, күш-жігерін қалыптастыру және нығайту, ӛзіне деген сенімділігін 
арттыру. Бағалау әдістері: 
– оқу тапсырмалары арқылы бағалау (пікірталастар, күнделіктер, оқытуды 
дамыту үшін қолданылатын барлық материалдар); 
– топта, жұпта, сыныпта талқылау жұмыстары арқылы бағалау; 
– ӛзін-ӛзі және бірін-бірі бағалау; 
– оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, марапаттар, жетістіктер т.б.) 
Осы бағалаудың ең биігінде тұрған критерийлі бағалау. 
Бағалаудың негізгі мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта 
және кім үшін қалай ӛткізу керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. 
Бағалаудың басты мақсаттары тӛменде қысқаша айтылған.
1. 
Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, 
сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін 
тестілер ӛткізілуі мүмкін; одан кейін ӛзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын 
қайталап ӛткізуге болады.


2. 
Жетістікке жеткендігін кӛрсететін кері байланыс. Мұндай кері байланыс 
«әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін 
түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер 
мен даму, мысалы, білім, түсіну, және дағды туралы хабарлама беру болып 
табылады.
3. 
Уәж. Кері байланыс кӛбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде 
тестінің немесе емтиханның ӛткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен 
мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы 
ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау 
жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал. 
4. 
Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау 
арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. 
Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, кӛбінесе сұрыптау мақсатында, 
атап айтқанда бұдан арғы оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін 
қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте топтар мен сыныптарға бӛлінгенге 
дейіінгі бағалаудың белгілі нысаны болады. 
5. 
Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік 
дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу 
мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті 
стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болу қажет. PISA 
(Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) 
6. 
Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Кӛптеген 
мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы 
жоқ екені кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау 
және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның 
қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды. 
Бағалауды ӛткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей 
алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін 
екендігін анықтау қажет. 
Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың ӛзара әңгімесін 
тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың 
орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, 
бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырған тәсілін 
қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда 
айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс 
таңдалған ауызша сұрақтың ӛзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының 
сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сӛзбен айтқанда, 
бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет. 
Қазіргі кезде елімізде сабақтың сапасын арттыру негізгі мәселеге 
айналды. Ал сабақтың сапасы оқушының білімді алуымен қоса оны бағалаумен 
де ӛлшенеді. Жоғарыда айтып ӛткендей бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда 
бағалау тек сабақты оқушының ӛзінен сұрап, басқа оқушыларға сұрақ 
қойдырып, менің баға қоюыммен жүзеге асатын. Мұндай жағдайда оқушы 
кейде ӛз бағасына қанағаттанбай ренжіп те қалатын. Ӛзін-ӛзі бағалауда бала 
тосылып қалатын. Ӛзара бағалауда түрлі кикілжіңдерге тап болатын. Сабақтың 
сапасын арттыру мақсатында мен қазір ӛз сабақтарымда критериялды 


бағалауды қолданып жүрміз. Нәтижесінде оқушы ӛзін-ӛзі бағалау кезінде неге 
сүйеніп бағалайтынын біліп отырады. Ӛзара бағалауда ешқандай кикілжің 
тумайды. Топтық бағалауда шынайы білімдерінің бағасын алады. Бала ӛз 
білімінің сапасын ӛзі біліп тұрады. Сіздің сабағыңызда оқушы не үшін баға 
алғанын біледі.
Критериялды бағалау дегеніміз не? Сол жӛнінде толығырақ айта кетейік. 
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, 
бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Оқыту - мұғалімдердің 
оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін 
оқушылардың ӛздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді.
Мұғалімдер, ӛз кезегінде, ӛзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу 
ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын 
құру керек. Осыған байланысты оқушылар арасында ӛзара түсіністік және 
ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,
мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. 
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын ӛлшемдер, атап 
айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, 
оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, 
айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық 
қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет