Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет133/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   146
вирус

Бақылау сұрақтары:
1 Құтырық вирусының қысқаша сипаттамасы және олардың сыртқы орта 
жағдайларына төзімділігі. 3 Құтырық ауруын балауда жүргізілетін зерттеулер. 4 
Құтырық 
ауруының 
клиникалық, 
патологоанатомиялық 
және 
дифференциалдық балауы. 5 Шешек вирустарының қысқаша сипаттамасы. 6 
Шешек ауруына тән клиникалық белгілер мен патологоанатомиялық өзгерістер. 
7 Шешек ауруының дифференциалдық балауы. 8 Шешек вирусын бөліп алуға
және идентификациялауға қажетті патологиялық материалдар.


№18 тақырып. ІРІ ҚАРА МАЛ, ЖЫЛҚЫ, ҚОЙ, ШОШҚА МЕН 
ҚҰСТАРДЫҢ ВИРУСТЫҚ АУРУЛАРЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ 
Сабақтың мақсаты: аусыл, оба (шошқалардың классикалық және 
африкалық обасы) вирустарының жалпы сипаттамасымен танысу. Вирустардың 
түрлерін, типтерін, тип тармақтарын анаықтауда және зертханалық балауында 
қолданылатын әдістерді меңгеру.
Материалдар мен жабдықтар: Люминесцентті микроскоп. Термостат. 
Иммерсионды май. Кюветалар, зат шынылары, Петри шынылары. Сүзгіш 
қағаздар. Физиологиялық ерітінді. Пинцеттер мен қайшылар. Аусыл 
вирусының типтерін (А,О,С,) анықтауға арналған стандартты антигендер, қан 
сарысулары, гемолизин, комплемент, 2%-ды қой эритроциттері мен 
физиологиялық ерітінділер. Аусыл ауруын балауға арналған диагностикалық 
жиынтықтар. Шыны түтіктер, 1, 2, 3 мл-лік түтікшелер. Су моншасы. Петри 
шынылары. Пинцеттер мен қайшылар. Стерильді фарфор келілер. Кюветалар. 
Стерильді щеткалар мен таяқшаға байланған мақталы тампондар. 
Майсыздандырылған зат шынылары. Пинцеттер, қайшылар, ұстаралар мен 
иньекциялық инелер. Препараттарды бояуға арналған № 1, 2, 3 ерітінділер 
жиынтығы. Жарықтық микроскоптар. Спирт шамдары. Дистилденген су. 
Шошқалардың африкалық және классикалық обасын балауға арналған 
жиынтықтар. Кестелер мен слаидтар. 
АУСЫЛ (Aphthae epizooticae) – жұп тұяқтылардың арасында (ірі қара мал, 
қой, ешкі, шошқа және барлық күйіс қайыратын жабайы жануарлар, өте сирек 
жағдайда түйелер) жіті түрде өтетін аса қауіпті контагиозды індет. Аусыл 
ауруы қызбамен, ауыз және мұрын қуыстарының кілегейлі қабықтары, желін, 
тұяқ арасы, бұлшық еттің күлдіреуікті зақымдануларымен сипатталады.
Ауру қоздырғышы РНҚ-лы бар вирустар тобына, Picornaviridae 
тұқымдастығына, Aphthovirus туыстығына жатады. Бұл вирусты 1898 жылы 
Леффлер мен Фрош ашқан. Вирион ұсақ икосаэдр пішінді, диаметрі 20-25 нм, 
құрамы шамамен 31,5% РНҚ және 68,5% белоктан тұрады. Ауру қоздырғышы 
жеті серологиялық типтерге бөлінеді: А, О, С, SAT 1, SAT 2, SAT 3 және Asia 1. 
Бұл типтерді бір-бірінен антигендік қасиеттері арқылы ажыратуға болады. 
Қазіргі кезде аусыл вирусының 80-нен астам тип тармақтары бар. Вирустың 
РНҚ-дағы нуклеотидтік жүйесінің өзгеріске ұшырап отыруына байланысты 
биологиялық қасиеттері де өзгеріп отырады. Аусыл вирусының А типі – 32, О 
түрі – 14, С типі – 5, SAT 1 типі – 10, SAT 2 типі – 3, SAT 3 типі – 4, ал Asia 1 
типі – 3 тип тармақтардан тұрады.
Бұлашев А.Қ., Мұқанов Қ.Қ және басқалар (2005) аусыл вирусының А
22
және О
1
серологиялық типтері антигендерінің құрылымдарын 11%-ды 
полиакриламидті гель электрофорезі көмегімен зерттеу барысында А
22
серотипінің құрамында молекулалық салмақтары 94, 66, 45, 34, 30, 26, 24, 20, 14 
кД, ал О
1
препаратының құрамында молекулалық салмақтары 92, 66, 50, 45, 34, 
30, 26, 20 және 14 кД болатын белок фракциялары айқындалды. Жүргізілген 
зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе вирустың екі серотипіне ортақ 


молекулалық салмақтары 66, 45, 34, 30, 26, 20 және 14 кД-ды құрайтын жеті 
белок фракцияларының болатындығы дәлелденді.
Аусыл вирусы иодоформға, аммони ерітінділеріне, гипохлорит, фенолға 
төзімді, салқын және рН-ы нейтралды орталарда ұзақ сақталады, ал рН 6 ортада 
белсенділігі тез жойыла бастайды.
Қоздырғыш сыртқы ортаға аурудың клиникалық белгілерінің көрінуіне 3-4 
күн қалғаннан бастап ауа, сілекей, нәжіс, зәр, сүт және спермалары арқылы 
тарайды. Аурудан сауыққан және вакцина егілген малдардың жұтқыншағы мен 
мұрын қуысының қосылған жерінде вирус 9 айдан (қойларда) 2,5 жылға (ірі 
қара малдарда) дейін сақталады. Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 14 
тәулікке дейін созылады. 
Аусыл ауруын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық 
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, вирустарды бөліп алуға және 
биологиялық сынама қоюға негізделген. Ал олардың типтерін, тип тармақтарын 
анықтауда 
комплементті 
байланыстыру, 
вирустарды 
бейтараптау, 
полимеразалық тізбекті реакциялары және иммунды ферменттік талдау 
тәсілдері қолданылады.
Клиникалық белгілері. Ірі қара малдарда бастапқы кезде 2-3 күн бойы дене 
қызуы жоғарлауы байқалады, сүт өнімділігі төмендейді, бұлшық еттерінің 
треморы, кейінірек еріндерінің дірілдеуі, тістерін қышырлатуы, сілекей ағуы 
байқалады. Ауыз және мұрын қуыстарында, желінінде, тұяқтарының арасында 
күлдіреуікті жарақаттар пайда болып, 24 сағаттан кейін күлдіреуіктер 
жарылады да, ойық жаралар пайда болады. Малдар 8-15 тәуліктен соң аурудан 
сауыға бастайды. Ауру асқынғанда тілдерінің беті эрозияға ұшырайды, 
тұяқтары деформацияланады, желінсау, миокардит, іш тастау, салмағын 
жоғалтады, денесінің терморегуляциясы бұзылады, жас малдар өлімге 
ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет