клетчаткалары мен өкпесінің ісінуі, дене қуыстарында экссудат жиналуы,
қанталаулардың болуы, т.б.), биосынама нәтижелері (ауру мал қанын
жылқылардың қан тамырларына немесе тышқандардың миына жұқтыру)
серологиялық реакциялар (АР, ГАТР, ДПР, БР, КБР, ИФТ),
сонымен қатар
вирустарды бөліп алу мен олардың антигендік туыстығын анықтауға
негізделген.
Клиникалық балауы. Табиғи жағдайда аурудың жасырын кезеңі 7-14 күн,
ал кейбір жағдайларда 2 күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру өте жіті
(симптомсыз), жіті (өкпелі) және жітілеу (жүректі) және аралас (жүректі-
өкпелі) ағымда өтеді. Бұл ауруға шалдыққан жылқылардың 70-95%-ы,
қашырлардың 50%-ы, ал есектердің 10%-ға жуығы өлімге ұшырайды.
Өте жіті ағымында жылқылардың дене қызуы 40,5-42
о
С-ге дейін
көтеріледі, әлсіздік байқалады,
тыныс алуы жиілейді, тамыр соғуы үдеп,
жануарлар 3-5 күннен кейін клиникалық белгілері байқалып, өлімге ұшырайды.
Жіті ағымында малдардың дене қызуы күрт көтеріледі, тыныс алуы
қиындайды және демікпе, ауыртпалы
құрғақ жөтел пайда болады, танауынан
көпіршікті экссудат ағады, өкпесі ісінеді, кілегей қабықшалары көгеріп, 5-7
күні мал өледі.
Жітілеу ағымында дене қызуы 40-41
о
С-ге дейін көтеріледі, жүрек қызметі
бұзылады, басы мен мойынының қатты ісінуімен ерекшеленеді. Малдардың
дене
қызуы қалыпты жағдайға келіп, 1-2 күн өткеннен кейін өлімге ұшырайды.
Аралас ағымында жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер бір мезгілде
байқалып, жүрек қызметінің бұзылуы салдарынан жануарлар бір апта
аралығында өліп қалады.
Патологоанатомиялық балауы. Патологоанатомиялық өзгерістер аурудың
өте жіті ағымында байқалмауы мүмкін. Тілі қанталаған, ерін, қабақ пен кеудесі
мен құрсақ аумақтарының тері асты клетчаткалары ісінген. Көкірек пен құрсақ
қуыстарында және перикардта сарғыш түсті мөлдір сұйықтық жиналған.
Трахеясында, бронхыларында, танауында сарғыш көпіршікті экссудат
жиналған, өкпесі мен лимфа бездері ісінген. Жүректің коронарлы тамырларына,
эндокард пен көк баурының капсуласына, бүйрегіне, асқазанына, жіңішке және
жуан ішектерінің кілегейлі қабықшаларына,
бас миының ақ заттарына қан
құйылған, бауыры қанға толған болады.
Дифференциалдық балауы. Жылқылардың африкалық обасын сібір
жарасынан, жылқылардың жұқпалы анемиясынан, вирустық артериттен,
трипанозомоздан, пироплазмоздан ажырату қажет. Аталған аурулардың
барлықтарында өлекселердің көк бауыры ісінген болады, ал
жылқылардың
африкалық обасында көк бауыр ұлғаймайды.
Зертханалық балауы.
Жылқылардың африкалық оба вирусын бөліп алуға
Достарыңызбен бөлісу: