Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Тауық эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу



Pdf көрінісі
бет94/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   146
вирус

Тауық эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу. Тауық 
эмбриондарын вирустардың көбею белгілерін анықтау және вирусы бар 


материалдарды алу үшін асептикалық жағдайларды сақтай отырып ашады. 
Құрамында вирусы бар материалдар ретінде ХАҚ, ұрықтың ұлпалары, сарыуыз 
қапшығы, аллантоис пен амнион сұйықтықтары алынады. Аллантоис пен 
амнион сұйықтықтары құрамында вирусы бар дайын суспензия болып 
табылады.
Эмбрионды ашардан бұрын қауызды йодталған спиртпен өңдейді. 
Стерильді саймандардың көмегімен ауа камерасының үстіңгі жағындағы 
қауызды кесіп алады. Бұл жағдайда қайшыны ауа камерасының астындағы 
қабықшасына тигізбеу және қауыз ішкі жағына түспеуі керек.
Жалаңаштанған ХАҚ-ын пинцетпен көтеріп патологиялық-анатомиялық 
өзгеріске ұшырағандығын байқап, сол жерін қайшымен кесіп алады. Ал ХАҚ-
ының барлық жерлерін қарау үшін ұрықты, сарыуыз қапшығы мен белогын 
алып тастаған соң ХАҚ-ын қауыздан ажыратып, стерильді физиологиялық 
ерітінді құйылған Петри шынысына салады. ХАҚ шайып, екі пинцеттің 
көмегімен жазып, тексереді. Қабықшаның патологоанатомиялық өзгеріске 
ұшыраған жерлерін анық көру үшін Петри шынысының астына қара түсті қағаз 
қояды.
Қауыздың астыңғы қабықшасы мен ХАҚ-ын тесіп, аллантоис сұйықтығын 
(10-15 мл) Пастер түтікшемен сорып алады (20А-сурет).
Аллантоис сұйықтығын алғаннан кейін ұрықтың мойнының тұсынан 
түтікшемен амнион сұйықтығын (1 мл) сорып алады (20Ә-сурет). 
Сарыуыз қапшығын Петри шынысына салып, қайшымен кескеннен кейін 
физиологиялық ерітіндімен шаяды да, сарыуыз қапшығының қабырғасын 
вирусы бар материал ретінде алады. Ұрықты пинцеттің көмегімен алып 
шығады (20Б-сурет). 
А 
Ә 
Б 
20-сурет. Аллантоис, амнион сұйықтықтарын жинау және ұрық
денесін шығару 
(Н.И. Троценко, 1989) 


Тауық эмбриондарын ашқаннан кейін міндетті түрде вирусы бар 
материалдардың тазалығын анықтау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізеді. 
Ол үшін материалдардан ЕПС, ЕПА, ЕПБС және Сабуро ортасына себінді 
жасайды. Вирусы бар материалдарды минус 25ºС немесе одан төменгі 
температурада сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет