Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


-сурет. Жасанды ауа камерасы арқылы ХАҚ-на жұқтыру



Pdf көрінісі
бет91/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146
вирус

16-сурет. Жасанды ауа камерасы арқылы ХАҚ-на жұқтыру
(Н.И. Троценко, 1989) 
 
17-сурет. Сарыуыз 
қапшығына жұқтыру
(М.М. Мишина, 2017) 


Жабық әдісімен жұқтыру қараңғыланған бокста жүргізеді. Жұмыртқаны 
овоскопқа горизонтальды жағдайда (ұрық жоғарғы жағында болуы тиіс) 
орналастырады. Ауа камерасының үстіндегі тесіктен ұшы мұқал инені ұрыққа 
бағыттай амнион қуысына енгізу арқылы жұқтырады. Иненің амнионға 
енгендігін ұрық денесінің қозғалысынан білуге болады (19-сурет). 
Қабықшаларды босатып, тесікті лейкопластырьмен бекіткен соң 
вертикальды жағдайда термостатта өсіреді. 
Хорион-аллантоис қабықшасының қан тамырларына жұқтыру. 11-13 
күндік тауық эмбриондарын овоскопиялау нәтижесінде қан тамырлары 
көрінген жерінің қауызын ашады да, сол жерге 1-2 тамшы спирт тамызып 
(қауыздың астыңғы қабықшасын біраз уақытқа дейін мөлдірлендіру үшін), қан 
тамырына жұқтыратын суспензияны енгізеді. Қауыздың жалаңаштанған жерін 
лейкопластырьмен бекітеді. 
Жоғарыдағы әдістермен жұқтырылған тауық эмбриондарын +33-37ºС 
температураға реттелген 
термостатта инкубациялайды. Жұқтырылған 
эмбриондарды күнделікті овоскоппен бақылап отырады. Жұқтырғаннан кейін 
алғашқы 24 сағат аралығында өлімге ұшыраған эмбриондар алып тастайды. 
Себебі бұл уақыт аралығында бөгде микрофлоралармен ластанған, жұқтыру 
кезінде жарақаттанудан өлген эмбриондар жарамсыз болып есептеледі. 
Одан кейінгі эмбриондардың өлімге ұшырауы вирустардың көбеюі 
әсерінен болады. Мұндай эмбриондарды таңдап алып, тез арада тоңазытқышқа 
(+4ºС) 
ауыстырады. 
Тоңазытқыштағы 
эмбриондардың 
құрамындағы 
вирустардың белсенділігі ұзақ сақталады және ұлпалар тығыздалып
тамырлары босап, оларды жарып алуға жеңілдік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет