2)Математикадағы қазіргі білім беру тәсілдерінің мысалдары
Әдіс түрлері:
— Ойын түрлері;
— Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
— Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері;
— Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
— Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО-ға үйрету);
— Оқыту мәселелері.
“Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
“Автор орындығы”оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
«Миға шабуыл» стратегиясы
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: «оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?»
4.“3 таяқша” әдісі. Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
5. «Бинго» ойыны.
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 – сұрақ. Сабаққа не үшін келдіңіз? Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін»
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өткен тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде, оқушылар ол келтірілген мысалдардың өткен тақырыпта бар, жоғын анықтайды.
7.«Он сұрақ!» әдісі.
(Негізгі сөзді табу) Оқушы бір сыныптасын таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады (немесе қолына ұстатып, қолын жоғары көтеріп ұстау) – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
«Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы,
– “Самат, Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
– “Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
– “Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
9.«Құпия зат» – Мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп сұрамаңыз
10.«9 – ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бір қатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
11. Кері байланыс түрлері. «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма–мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі – Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
13.«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 – баспалдағы Мен…………БІЛЕМІН
2 – баспалдағы Мен…………ТҮСІНЕМІН
3 – баспалдағы Мен…………ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау» әдісі.
Мен үшін сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым.
Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |