283
келген
кумоси тайпасымен байланыстырады. Қимақтар туралы мағлҧматтар
шығыстанушы Б.Е.Кӛмековтың еңбектерінде арнайы қарастырылған.
Қимақтар арасынан бҧрын олардың бір тайпасы болған қыпшақ халқы
(Еуропада
коман,
орыс жылнамаларында половцы аталған) келіп шықты.
Соңғы жылдары бірқатар шығыстанушы-мамандар (Б.Еженханҧлы)
қыпшақтар б.з. ІІІ ғасырларындағы дереккӛздерінде пайда бола бастаған
деген пайымдау да айтып жҥр.
Қыпшақтар тҥркі халықтарының – қазақ, ӛзбек, қырғыз, қарақалпақ,
тҥрікмен, татар, башқҧрт, алтай және Солтҥстік Кавказдың кейбір
халықтарының ҧлт ретінде қалыптасуына қатысқан. Қыпшақ этникалық
бӛлшектері османлы тҥрік, мысыр, венгр қҧрамына да енген.
Қыпшақтар
тарихы, олардың мәдениетінің ерте кезеңдері Қазақстанмен тығыз
байланысты. Қимақтардың (йемек, кимек) Қазақстандағы Ертіс бойында
алғаш рет пайда болуы VІІ ғасыр орта кезінде орын алған болуы ықтимал,
алайда олардың ІХ ғасыр ортасына дейін ӛмір сҥргендігі жайлы мәліметтер
әлі мардымсыз болып отыр.
ІХ ғасырда қимақ федерациясы қалыптасады, оның қҧрамына деректерде
«қимақтарға
қарағанда, жабайы. Патшасын қимақтар тағайындайды» деген
қыпшақтар да болды. Келтірілген материалдар қимақ-қыпшақ бірлестігі
тарихындағы (федерацияның қалыптасуы) екінші кезеңді – ІХ ғасырдың
ортасы мен екінші жартысына жатқызуға мҥмкіндік береді.
Ҥшінші кезең қимақ-қыпшақ тайпаларының кең аймаққа таралуымен,
Еуразияның ҥлкен ӛңірлерін
игеруімен байланысты, бҧл ӛз кезегінде Х-ХІІІ
ғасырларда олар қҧрған белгілі бір мәдени қауымдастықтың қалыптасуына
алып келді.
Ертіс өңіріндегі қимақтардың археологиялық ескерткіштері. Шығыс
Қазақстан (Ертістің жоғарғы ағысы) аумағындағы біздің заманымыздың І-
мыңжылдығы соңына жататын бірқатар
ескерткіштердің қимақтарға
жататындығын осы сауалмен айналысқан зерттеушілердің (С.С.Черников,
Ф.Х.Арсланова, Е.И.Агеева, А.Г.Максимова, т.б.) барлығы қҧптайды. 1973
жылы Д.Г.Савинов Солтҥстік Алтай мен Оңтҥстік-Батыс Сібір маңындағы
аудандарды қамтыған сросткин мәдениетінің ескерткіштерін қимақтармен
салғастыруды ҧсынды.
Шығыс Қазақстан мен Солтҥстік Алтай материалдарының ӛзара жақын
екендігі Батыс Сібірдегі дәл сондай ескерткіштер қазбаларынан кейін
нақтыланды, алынған мағлҧматтар осы аймақта біртҧтас мәдени дәстҥр
таралғандығын кӛрсетіп берді, оның негізгі ӛзегі Ертіс ӛңірінде болғандығы
байқала бастады.
Ертіс алабында мейлінше ірі археологиялық зерттеулерді С.С.Черников
(Пчела,
Қызыл-Ту, Славянка, Юпитер қорымдары), Е.И.Агеева мен
А.Г.Максимова (Трофимовка, Подстепное, Совхоз 499, т.б. қорымдар),
Ф.Х.Арсланова (Зевакино, Орлов, Бобров қорымдары, т.б.) жҥргізген. Ӛткен
ғасырдың соңына қарай Шҥлбі ГЭС-ы салынуына орай С.М.Ақынжанов пен
Ю.И.Трифонов осындағы ортағасырлық молаларды қазған болатын. Жартас,
Измайловка, Ақши-2, Қарашат қорымдарынан алынған материалдар
284
толығымен жарияланған. Бҧл ескерткіштерден ІХ-Х ғасырлармен (ішінара
ІХ-ХІ ғасырларға жататындары да бар) мерзімделінетін жҥзден астам
молалар зерттелген. Қолдағы материалдар
Жоғарғы Ертіс маңындағы
аудандарға ескерткіштердің біршама бӛлігі шоғырланғандығын кӛрсетеді,
бәлкім, бҧл ӛңір қимақ мемлекетінің орталығы да болған шығар.
Қимақтарға жататын археологиялық мәдениеттің ерте кезеңі, қалыптасуы
әзірге мардымсыз қарастырылған. Бҧл кезеңге Шіліктіде (С.С.Черников)
жылқы жерленген қазба (ҥңгімелі) қабірді, Подстепное ауылы маңындағы
қираған қабірді жатқызуға болады. Подстепное қабірінен ҥсті тегіс қапсырма,
ал Шілікті қабірінен ҥш қанатты жебе ҧштары, садақтың ортаңғы
жапсырмалары, айылбас, жҥген мен тҥйіндерді шешуге арналған зат шыққан.
Жылқы қосып жерлеу қимақ қабірлерін VІ-VІІІ ғасырлардағы алтайлық
тҥркілердің молаларымен жақындастырады.
VІІІ-ІХ ғасырларға Орлов-І қорымындағы оба жатады,
одан діңгек-
табытқа (колодаға) жерленген жас ӛспірімнің мҥрдесі шыққан, мҥрденің
басы шығысқа бағытталған және жанына бай қабір-саймандары қойылған.
Діңгек-табыттың жоғары жағынан шашырап жатқан ер адамның қаңқасы, ал
қасындағы оңтҥстік жақтағы текпішекшеден ҥш аттың сҥйегі мен ит қаңқасы
шыққан. Жерлеу ғҧрпына қарағанда Орлов обасы Таулы Алтайдағы Курай
қорымындағы бай молаларды еске тҥсіреді. Алайда бҧл уақытқа жататын
ескерткіштер Ертіс ӛңірінде ӛте аз ҧшырасады.
Екінші (ІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысы) және ҥшінші (Х ғасыр
– ХІ ғасыр бас кезі) кезеңдерге Ертіс аңғарындағы қимақ қабірлерінің басым
бӛлігі жатады. Ертіс алабында олардың кеңінен таралуын ескерсек әрі қазіргі
кҥнгі зерттеулерді бағамдасақ, онда қимақтардың археологиялық
мәдениетінің бҧл ӛңірден кем дегенде екі жергілікті нҧсқаларын бӛліп
қарастыруға болады. Олар – Жоғарғы Ертіс пен Павлодар нҧсқалары.
Болашақта сросткин мәдениетінің новосібірлік нҧсқасымен жалғасып жатқан
омбылық нҧсқаны да бӛлуге мҥмкіндік туатындығы анық.
Достарыңызбен бөлісу: