281
Тянь-Шань кӛшпелілерінің обалары мен ғҧрыптық
ескерткіштері екі
хронологиялық кезеңді қамтиды.
Ерте кезеңге (VІ-Х ғасырлар) жеке немесе топты обалар тән. Қорымға
тән негізгі белгі олардың аумағында тас плиталарынан жерге қазылып,
кӛмілген шаршы немесе тікбҧрышты тҧрпаттағы ғҧрыптық қоршаулардың
болуы. Ғҧрыптық қоршаулардың батыс не болмаса шығыс жағында тас
мҥсіні немесе қҧлпытас орналасады. Сӛйтіп, обалар мен ғҧрыптық (еске алу)
қҧрылыстар біртҧтас кешенді қҧрады. Оба ҥйінділері топырақтан, тастан
тҧрғызылған; тас пен топырақ араластырып ҥйілгендері де бар;
топырақпен
кӛтеріліп, тас сауытпен жабылғандары да ҧшырасады. Ҥйінділер әдетте
ҥлкен, жоспары бойынша сопақша болып келеді, шаршы секілділері сирек.
Обалардың диаметрі 3-6,5 м, тікбҧрышты обалар 4х4 м-ге дейін жетеді
немесе 8х5,6-5,5 м. Кейде оба ҥйіндісінен кҥл, керамика, мал сҥйектері
секілді берілген астың қалдықтары да табылып жатады.
Мҥрде қабір шҧңқырына, ҥңгімелерге, катакомбаларға қойылды. Адам
мен жылқы арасына тастан далда жасалған ескерткіштер де ҧшырасады.
Ӛлікті жерлеу ғҧрпы жҥзеге асырылған. Қайтыс болған адам шалқасынан
жатқызылған.
ҤІ-Х ғасырлардағы қабірлердің басты айырмашылық белгісі жылқының
адаммен бірге жерленуі болып табылады, екеуінің басы қарама-қарсы жаққа
немесе бір жаққа бағытталуы мҥмкін. Жылқының денесін адам денесімен бір
деңгейге қойды не болмаса бір саты тӛмен немесе жоғары қойды.
Атсыз жерленген адам қабірі де кездескен. Жерленгендердің бағытталуы
да әркелкі. Тек жылқы ғана жерленген молалар да ҧшырасқан.
Аттар бҥкіл әбзелдерімен бірге жерленген. Молаға кейде жылқы
жҥгендерінің бӛлшектерімен бірге қой да қойылды. Мҥрдемен
бірге қабірге
керамика, пышақ, айна, белдік, қару-жарақтар – жебе ҧштары, сҥйек
жапсырмалы садақ, қорамсақ, қылыш қойылған болатын. Айылбастар, жебе
ҧштары, белбеу жиынтығынан алынған қапсырмалар ерекше қызығушылық
туғызады. Олар біртегіс болып жасалды не болмаса жан-жануарлардың,
балықтың бейнелерімен, ӛсімдік суреттерімен сәнделді. Жиынтық белбеулер
(кісе белдіктер) әскери және әлеуметтік рәміздік қасиеттерге ие болды.
Қабірлерден әшекей бҧйымдар арасынан қола сырғалар, сақиналар,
жҥзіктер табылған. Сырғалар кӛбіне жҥзік секілді пішінде жасалынды.
Сондай-ақ
қабірлерден керамика, ағаш ыдыстар алынған. Әйел адамдардың
қабірінен қола айналар шығып отырады.
Металдан жасалған қыруар заттар қалалық орталықтарда, отырықшылық
аумақтарда дайындалғандығы анық.
Ал ХІ-ХІҤ ғасырлардағы кӛшпелі тҥркі мәдениетіндегі жерлеу дәстҥрі
біршама ӛзгереді.
Молаларға биіктеу жерлер, тау баурайлары таңдап алынды. Қорымдар
обалардың шағын бӛлігінен (25-ке дейін ғана) тҧрды, жекелеген обалар да
ҧшырасады, оба ҥйінділері тастан, топырақтан кӛтерілді. Ҥйінділері
дӛңгелек, сопақ, тікбҧрышты. Сопақ ҥйінділі обалар астында ислами
дәстҥрде жерленген қабірлер болады.
282
Обалардың диаметрі 4,5 м-ге, биіктігі 0,20 м-ге жетеді. Ҥйінділерден
берілген астың қалдықтары (кҥл, сҥйек) да аршылып алынып жатады.
Оба астына иықшалы қабір шҧңқырлары салынды, оларға ағаштан
немесе тас плитадан жасалынған жабынды тіреліп тҧрды. Иықшасыз
шҧңқырлар мен тас жәшіктер де кездеседі. Мҥрделердің басы солтҥстікке
және солтҥстік-батысқа қарай бағытталған. Мҥрделер қабір тҥбіне ҧзынынан
арқасымен қойылды. Жандарына қой сҥйектері қойылды.
Жетісу қабірлерінен қой сҥйектерінің
табылуы Байкалдың сыртқы
жағындағы, Моңғолиядағы қабірлермен жақындастырады. Бәлкім, бҧл ғҧрып
моңғол мәдениетінің ықпалымен байланысты да шығар. Мҥмкін, ежелгі
моңғолдар бҧл дәстҥрді тҥркілерден алған да болар.
Ат әбзелдерінен ер, жҥген, ҥзеңгі, сҥйек және темір айылбастар, жҥген
әшекейлері, сәндік қола тоғалар кӛп ҧшырасады.
Ҥзеңгілер темірден жасалынған, дӛңгелек, арка және сопақ пішінде.
Ерді еркек, әйел және жас балалар пайдаланғандығын да археологиялық
материалдар растайды. Жҥгендердің сақиналы тҥбі мен ауыздықтары болды.
Жебе ҧштары жалпақ және линза тәрізді, барлығы темірден дайындалды,
алайда сҥйектен істелінгендері де кездесіп қалады.
Садаққа сҥйек жапсырма салынды.
Негізі ағаш қабығынан жасалып, терімен қапталған қорамсақ қалдығы
табылған. Қорамсақтың ҧзындығы 72 см-ге, мойын тҧсындағы ені 12 см-ге
жеткен.
Жебе ағаштарының ҧзындығы 55-56 см.
Әшекейлер арасында сырғалардың бірнеше тҥрі (ҧштары
қосыла
қоймаған жҥзік тҥріндегі, сҧрақ белгісі немесе сегіз секілді) анықталған.
Балық бейнесі салынған, арабша тілектер жазылған қола айналар да
ҧшырасқан.
Тҧрмыстық заттар арасында «моңғол типіндегі» ӛсімдік ӛрнекпен
әшекейленген сабы кӛлденең орнатылған қола тостағандар кездескен. Тері
боқша қалдықтары, қайшы, пышақ ҧшырасқан.
Киім қалдықтарынан «боқа» деп аталған биік бас киімдер белгілі,
олардың негізі ағаш қабығынан жасалынды. Мҧндай бас киімдер моңғол
заманында кеңінен таралған болатын.
Бірқатар
археологтар бҧл кездердегі қабірлерді қыпшақтармен
байланыстырады.
Осы кездері ислам дінінің жосын-жоралғылары бойынша жерленгендер
кӛбірек тарай бастайды. Кесене-кҥмбездерде жерлеу де орын алады.
Ақсҥйектер мен бақуатты адамдардың қабірінің ҥстіне кҥйдірілген кірпіштен
кесенелер тҧрғызылды. Олар ӛсімдік және эпиграфикалық ӛрнектермен
әшекейленді.
Достарыңызбен бөлісу: