388
Қосымшалар
Археология ғылымында қолданылатын негізгі терминдер сӛздігі
Аверс – тиынның оң беті; монетаның, медальдың беткі жағы.
Австралопитек – «оңтҥстік маймылы» - адамның
ең ежелгі және жабайы
тҥрі. Африкадан табылған. Мерзімі шамамен 5,5-1 млн. жылдар аралығында.
Айван/айуан – ҥлкен текше ойығы кҥмбезбен жабылған қасбет.
Ақинақ – екі жҥзді скиф-сақ қанжары. Ҧзындығы әдетте 40-50 см шамасында.
Аллювий (лат. Alluvіo — шайма, тосқын) — ӛзен аңғарларында тау
жыныстары ҥгінділерінің жиналуынан пайда болатын борпылдақ шӛгінділер
(малтатас, қиыршықтас, қҧм, т.б.).
Амфора – екі ҧстағышты мойынды келген ыдыс. Әдетте тҧрқы ҥлкен, бҥйірі
кең, мойыны тар болып келеді.
Ангоб – ыдысты жҧқа саз балшықпен бетін тегістеу және эстетикалық
кейіпке салу ҥшін жабу.
Антропогендік кезең —
адам пайда болып, оның шаруашылық әрекеті
табиғаттың бейнесін ӛзгерте бастаған тӛрттік дәуір.
Антропоморфты (адам бейнелі) – әлдебір тіршілік иесінің немесе
жануарлардың суреті,
онда адам кейпі, жан-жануарлардың келбеті, сҧлбасы
қосыла бейнеленеді.
Аң стилі – ерте темір дәуіріндегі жан-жануарлар,
хайуанаттар бейнелерін
шаруашылық-тҧрмыстық бҧйымдарға, т.б. салу немесе тҥсіру.
Ареал (лат. area — жер, кеңістік) — жер бетінің жануарлар мен ӛсімдіктердің
белгілі бір тҥрлері тіршілік ететін аймағы. Археологияда ежелгі адамзат
мекен еткен аймақтар мен ӛңірлерге де қолданылады.
Аридтік климат (лат. arіdus — қҧрғақ) — атмосфера ылғалдылығы
жеткіліксіз жағдайда (қуаң, шӛлді және шӛлейтті ӛңірлерде)
қалыптасатын
климат.
Артефакт — адамзат қолымен жасалған зат, бҧйым.
Археологиялық кешен – археологиялық нысандардың жиынтығы.
Ассимиляция – бір халықтың ӛзге халық тілін, мәдениетін, әдет-ғҧрпын
меңгеріп, қҧрамына сіңісіп кетуі. Археологияда кӛбіне
бір мәдениет
белгілерін басқасының ығыстырып шығаруы немесе ӛзара кірігуі.
Бадраб, бадрап – ортағасырлық қалаларда қоқыс тӛгілетін орын.
Бифас — екі шеті ӛңделген қҧрал.
Бойтұмар – зҧлым кҥштерден қорғайды, тылсым кҥшке ие деп есептелінген
қасиетті зат.
Глазурь – керамикалық бҧйымдар мен әшекейлерге жағылатын шыны тәрізді
жабын, ол заттың беріктігін арттырған, ылғалдан сақтаған.
Голоцен — геологиялық кезең. Шамамен осыдан 12-10 мыңжылдық бҧрын
плейстоценнен кейін қалыптасқан тӛрттік бҥгінгі тҥзілімдер.
Граффити – жартасқа, баспана қабырғасына,
қыш ыдыстарына салынған
фигуралар, суреттер немесе жазулар.
Дандана – қырынан бір қатар етіп қойылған кірпіш қаландысы.
Дастархан – саз балшықтан кҥйдіріліп, дӛңгелек етіп жасалынған жозы.
389
Дәнүккіш – бидайды, т.б. дақылдарды ҧнтақтауға арналған қҧрал.
Дәстүр – артефакт тҧрпатының сипатына қарай идентификациясы
жасалатын тҧрақты технологиялық немесе мәдени қҧрылым.
Денудация – тау жыныстарының бҧзылу процестерінің жиынтық атауы және
табиғи кҥштер (су, жел т.б.) әсерінен олардың тӛмен сырғуы, жылжуы.
Дефляция – тау жыныстарының табиғи кҥштер әсерінен бҧзылуы, ҥнілуі,
ӛзгерістерге ҧшырауы. Қуаң аймақтардағы ескерткіштердің жас шамасын
анықтауда палеолиттанушылар тас қҧралдарының
сыртқы қабатындағы
ӛзгерістерге сҥйенеді.
Дромос – обаға арнайы жасалған дәліз.
Дольмен – ҥсті тас плиталармен жабылған, ҥлкен тастармен тҧрғызылған
ғҧрыптық немесе жерлеу қҧрылысы.
Доместикация – жабайы жануарларды қолға ҥйрету. Кейде жабайы дәндә-
дақылдарды мәденилендіруді де осылай атайды.
Достарыңызбен бөлісу: