Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет152/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Қазақстан археологиясы

Жарқыншақ – кез келген жаңқалаудан қалған ӛнім; вентраль бӛлігі сақталған. 
Соққы қырының болуы міндетті емес. 
Жерлеу ғұрпы - ӛлген кісіні ақырғы сапарға аттандыру рәсімі. Оған мҥрденің 
аяқ-қолын бҥгу, қырынан қою немесе шалқасынан жатқызу, қасына жерлеу 
саймандарын орналастыру секілді ғҧрыптық іс-әрекеттер кіреді. 
Жерлеу камерасы – қима ағаштармен немесе тас плиталарымен қабырғасы 
ӛрілген мҥрде қойылатын оба, қоршау астындағы орын. 
Жерлеу саймандары – қабірдегі мҥрде жанына қойылған заттар. 
Жертөле – жерге тереңдете қазылып, ҥсті ағаштармен жабылған баспана. 
Заттай мәдениет – қазба кезінде табылған тҥрлі технологиялар мен 
артефактілер жиынтығы. 
Зират, қорым – жерлеу кешені. Ол бірнеше обалардан, қоршаулардан, т.б. 
тҧрады. 
Зооморфты – жануар сҧлбасының бейнеленуі. 
Идол – тас, ағаш немесе сҥйек материалдардан жасалған мифологиялық 
немесе эпикалық кейіпкер, «тәңірдің» мҥсіні. 
Ингумация – мҥрдені шҧңқырда, қабірде жерлеу.
Инкрустация – бҧйымға басқа материалдар немесе асыл тастар орнатып 
дайындау. 
Кескіш – шеті ҥшкір, ҧзын келген тас тілікшесі. 
Кенотаф – алыста жҥріп қайтыс болған адамның сҥйегі қалмаған 
(табылмаған) жағдайда тҧрғызылатын еске алып тҧру обасы. 
Керуен сарай – керуендер аялдайтын, тоқтап тынығатын кешенді имарат. 
Оған саяхатшылар, т.б. жолаушылар да тоқтаған.
Кремация – қайтыс болған адам денесін ӛртеу ғҧрпы. 
Крица – қҧрамында шлагы кӛп кеуекті қатты темір массасы. 
Кромлех – жеке тҧрған ірі тастар, әдетте дӛңгелек тҧрпатта орналасады. 
Қыш ыдыстары (керамика) – саз балшықтан тҧрпаты жасалып, отқа 
кҥйдірілген бҧйым. Жалпылама тҥрде ӛндірістік, тҧрмыстық және ғҧрыптық 
болып бӛлінеді. 


390 
Леваллуа – тас ӛңдеу техникасы. Алдымен мҧқият дайындалған дӛңгелек 
пішінді ӛзектастан тас тіліктері соғылып алынады. Одан соң тас тілігінен 
қажетті қҧрал жасалған. Бір жағы дӛңестеу, келесі беті жалпақ болып келеді. 
Локализация – ҥш жақты фиксацияланған археологиялық олжалардың уақыт 
пен кеңістік аясындағы жағдайы. 
Макролит – ірітас; ірі етіп шағылған тас қҧралдары. 
Мәдени дәстүр – ҧзақ уақыт бойы ерекше қҧралдардың немесе 
технологиялардың сақталуы, ол археологиялық мәдениет жойылғаннан кейін 
де біршама уақыт сақталып қалады. 
Мәдени қабат – археологиялық олжалар кездесетін қабат. 
Мәдени эволюция – тҥрлі мәдени ҥрдістер нәтижесінде уақыт талабы 
бойынша адам мәдениеті ӛзгеріске ҧшырайды дегенді білдіретін теория.
Меандр – бҧрмаланған сызық тҥріндегі ӛрнек. Ирелеңдеп, бҧрмаланып 
ағатын Меандр ӛзенінің атымен аталған. 
Мегалиттер – ҥлкен тас блоктарынан тҧрғызылған ежелгі қҧрылыс. 
Менгирлер (сымтастар) – тігінен тҧрғызылған ҧзынша тас плиталары, кейде 
қатарласа, кейде параллель тҥрде кӛміледі.
Мешхед – мҧсылмандар мінәжат ететін бейіт. 
Миграция – бір жерден екінші жерге қоныс аудару. 
Микролитшағын тас; шағын тас трапеция, сегмент, ҥшбҧрыш 
тҧрпатындағы тас тіліктері. Кӛбіне шаруашылық қҧралдарына қыстырма, 
қондырғы ретінде қолданылған. 
Миоцен – неоген жҥйесінің тӛменгі бӛлімі. 
Наус – исламға дейінгі әулеттік мҥрдехана.
Оба – топырақтан, тастан тҧрғызылған қабір ҥсті қҧрылысы. 
Оссуарий – мҥрде қалдықтарын (кҥл, сҥйек) салатын қыш ыдыс. 
Остеологиялық материалдар – малдың, жан-жануарлардың сҥйектері. 
Ошақ – баспана ішінде, жанында от жағылған орын. Әдетте қаланған 
тастары, ошақ шҧңқыры, кҥл қалдықтары, т.б. бойынша анықталынады. 
Өзектас – нуклеус – қҧрал дайындау ҥшін арнайы ӛңделген тас. Ерте кездері 
тӛменгі палеолитте дӛңгелек, мустье дәуірінде пирамида пішіндес, жоғарғы 
палеолитте призма тәрізді тҥрлері шыққан. Тас дәуірінде олардан басқа 
бірнеше тҥрі бар. 
Пандус – қоғамдық ғимараттарға баспалдақ тҥрінде жасалған еңіс не жайпақ 
жай. 
Пектораль – кеудеге тағылған зергерлік бҧйым. 
Петроглиф – тас плиталарға, жартастарға қашап салынған суреттер. 
Плейстоцен – геологиялық бӛлім атауы. Ол тӛменгі, ортаңғы және жоғарғы 
болып бӛлінеді. Плейстоценді голоцен алмастырған.
Пышақ тәрізді тас тілік – призма пішінді ӛзектастан шағылып алынған 
ҧзынша келген еңбек қҧралдары. 
Реверс – тиынның (монетаның) сол беті. 
Саркофаг – ағаштан жасалған (діңгек, т.б.) табыт-астау. 
Соққы алаңқайы – тас қҧралдарын соғып немесе шағып тҥсіруге арналған 
жазық бӛлік. 


391 
Тагора – тағара – шылапшын, шара секілді керамикалық ыдыс. 
Тас тілік – ені ҧзындығынан кемінде екі есе кіші, ҧзынша келген тас қҧралы. 
Тас жаңқа – тасты ӛңдеу барысында оның сыртынан шағып алынған 
бӛліктері. 
Тасөзек - ядрище – тас қҧралдары шағып алынған жҧмыр тас кесегі. 
Терракота – балшықтан кҥйдіріліп жасалған мҥсіндік туынды, кейде боялуы 
да мҥмкін. 
Түзету – ретушь – ӛңделіп жатқан қҧралдың ҥстінен ҧсақ жарқыншақтар мен 
қабыршақтар алу. 
Фасад – қабырғаның сыртқы кӛрінісі. Архитектуралық ансамбльге сай 
бірнеше тҥрлерге (бас, бҥйір, кӛше, аула, т.б.) бӛлінеді. 
Хум – азық-тҥлік немесе ауыл шаруашылық ӛнімдерін сақтауға арналған 
ҥлкен қҧмыра. 
Чоппер – малтатастан дайындалған ҧзындау келген кӛлемді тас қҧралы. Екі-
ҥш соққымен бір шеті ғана ӛңделеді. 
Чоппинг – екі шеті де бірнеше соққылармен ӛңделген малтатастан жасалған 
кӛлемді тас қҧралы. 
Циста – жәшік тҥрінде жҧқа тас плиталармен қаланған қабір. 
Экофакт – адам қолымен жасалмаған, бірақ мәдениетті зерттеуде маңызы 
бар археологиялық олжалар. Мысалы, сҥйек, ӛсімдік, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет