Стан археологиясы


Арал маңынан табылған олжалар



Pdf көрінісі
бет19/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   157
Қазақстан археологиясы

Арал маңынан табылған олжалар. Неолиттік ескерткіштердің 
жергілікті неолиттік мәдениет қҧрайтын келесі бір тобы Сырдарияның кӛне 
қҧйылмасынан белгілі. Олардың кӛбі Сырдарияның ежелгі сағасы болып 
табылатын Іңкәрдарияның қҧрғақ арнасынан, ірі қҧм жалдарын жел айдап 
әкетіп жататын қазаншҧңқырлардан табылды. Тарихи-мәдени жағынан 
алғанда бҧл ауданның ескерткіштері Орта Азияның солтҥстік далалық 
аймақтары мен Оралдың сыртқы жағынның неолиті ортасындағы аралық 
қалыпта бола отырып, келтеминарлық мәдениетке де, Оралдың сыртқы 
оңтҥстігі мен Аралдың шығыс ӛңірінің неолиттік мәдениетіне де ҧқсас. 
Жалпақ қойнауында алты тҧрақ табылды; олардан жапсырылған 
керамиканың сынықтары және кварциттен жасалған қҧралдар жиналды. 
Балшықтан жасалган ыдыстардан кӛбі — мойны анық шығарылып жасалган 
ірі қыш қҧмыралар мен дӛңгелек тостағандар. Бҧлардың екеуінің де тҥбі 
томпақ немесе жайпақ. Ыдыстардың сырты тісті қалыппен басылған және 
сызып жасалган қарапайым ӛрнекпен ажарландырылған. Кварциттік 
бҧйымдардың ішінде ҥсті мҧқалған және шеті қисайтылған қыстырмалар,
тас тілікшелері немесе тас жаңқаларынан жасалынған тескіштер кӛп. 
Қосмола-4 және Қосмола-5 тҧрақтарында шақпақ тас пен ақ кварциттен 
жасалған қҧралдар, ӛңделмеген пышақ тәрізді тас тілікшелер және 
балшықтан жасалған ӛзінше бір ҥлгідегі ыдыс жиналды. Бҧл ыдыс бҥтіндей 
ірі қҧм қосылған балшықтан жасалған, жҧқа, әжептәуір жақсы кҥйдірілген, 
тегістелген, майдаланған; ӛрнегі жоқ дерлік, мҧның ӛзі неолит ҥшін сирек 
қҧбылыс. Қыш қҧмыраның жиегі ғана қамыспен батырылып тҥсірілген 
ойықтармен, сызықшалармен сәнделген, ал оның сыртына біреуінде 
кӛлденеңнен қатар-қатар қамысты батырып ізі тҥсірілген, екіншісінде терең 
шҧңқырлы және ирек сызықты ӛрнек салынған. Қҧмыралардың бітімдеріне 
бітімдері ден қоярлық. Дӛңгелек тостағандар мен кейде ішіне қарай иілген 
мойны шығыңқы қҧмыралардан басқа, тҧрақта тӛрт-бес науаның 


83 
фрагменттері кездесті. Осыған ҧқсас кешен Әмударияның оңтҥстігіндегі 
Ақшадария қҧймасынан, келтеминар мәдениетінің Дингильдже-6 және 
Кават-7 тҧрақтарынан табылды. Олар б.з.б. IІI мыңжылдықтың бірінші 
жартысына — орта шеніне жатады. Егер Қосмола-4 және Қосмола-5 
тҧрақтарын сол уақытқа жатқызсақ, онда бҧлар Сырдария ӛзенінің кӛне 
алқабындағы қазіргі кезде белгілі ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгі 
ескерткіштер болып шығады. 
Арал тӛңірегінен табылған кейбір ескерткіштер екі хронологиялық 
дәуірді қамтиды. Мысалы, неолит пен энеолитке жатады. Сексеуіл-1, Ақеспе 
неолиттік тҧрақтарынан табылған заттардың ішінде екі жағы ӛңделген жебе 
мен сҥңгі ҧштары жоқ, бірақ оның есесіне трапеция тҧрпатындағы 
қыстырмалар, кӛптеген ҧсақ, дҧрыс қырланған, пышақ тәрізді тас тілікшелер 
бар; ыдыстардың сынықтарында тісті қалыптың таңбасы қалған немесе тҥгел 
кӛлденең ирек сызықтар сызылған. Ал Сексеуіл-2 тҧрағындағы жебелердің 
ҧштары екі жағынан қысып тҥзету арқылы мҧқият ӛнделген; олар ойықтау 
сағалы, қалақша бітімді келеді; сондай-ақ, найзалардың, сҥнгілердің ҧштары, 
кӛлемі мен бітімі әр тҥрлі қырғыштар бар. 
Керамикалық ыдыстар — негізінде ҧсақ, тҥбі жайпақ және дӛңгелек; 
мойны дҧрыс шығарылып, ҥстіңгі жағы жалпайтылған. Қҧмыраларға ӛрнек 
салу тәсілдері мейлінше әр алуан: сызықты (тік сызықты және ирек сызықты) 
тісті қалыптың танбасын тҥсіру, әр тҥрлі геометриялық фигуралар болып 
шығатын ойықшалар салу болып келеді. 
Соңғы жылдары Арал ӛңіріндегі бірқатар неолиттік ескерткіштерде 
зерттеулер 
жҥрді. 
Олардың 
арасынан 
біріккен 
Қазақстан-Ресей 
археологиялық экспедициясы ғылыми айналымға енгізген Ағеспе, Арал, т.б. 
ескерткіштерді атап кетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет