87
жаққа қарайтын чумдарда тҧрған. Қоныстан жабайы бҧқаның, маралдың,
еліктің, қабанның, қҧндыздың, тҥлкінің, суырдың сҥйектері табылды. Сол
жерден сҥйектері шыққан қой-ешкі, сірә, қолға ҥйретілген болса керек.
Шығыс Қазақстан
неолитінің Оралдың сырты, Батыс және Оңтҥстік
Қазақстан неолитінен ӛзіне тән ерекше бір белгісі сол, ондағы шақпақ тастан
жасалған еңбек қҧралдарының ішінде геометриялық тҧрпатты заттар—
трапециялар, сегменттер, тағысын-тағылар мҥлде жоқ. Мҧндағы қҧралдар
кӛлемі әр тҥрлі пышақ тәрізді тас тіліктері мен жаңқалардан жасалған. Саны
он бес мыңнан асатын шақпақ тас бҧйымдарының ішінде бір немесе екі
жағынан тҥзетілген тас тіліктер, тас тіліктер
немесе тас жаңқаларына
негізделген әр тҥрлі қырғыштар, жонғыштар, сағасында ойығы бар жебе
ҧштары, ауыр тас тіліктеріндегі имек жҥзді пышақтар, найзалардың ҧштары,
кескіш, тескіш қҧралдардың, орақтардың қыстырмалары,
балталар, шоттар,
қашаулар, тоқпақшалар, балық аулайтын қармақтардың бӛлшектері бар.
Сҥйек заттар аз. Бҧлар — біздер (бігіздер), кӛзі бар инелер, ірі қҧстың
сҥйегінен жасалған, шырша тәрізді ӛрнегі бар ине қап және басқалар. Ойма
ӛрнекпен сәнделген, сабының жоғарғы жағында ойық тесігі бар қыстырмалы
сҥйек қанжар ерекше назар аударады. Қанжардың жҥзінде тҥзетілмеген ӛте
жҧқа шақпақ тас тілікшелері сақталған.
Тас саймандар кӛршілес сібірлік-алтайлық неолиттік тайпалардың
заттарына әжептәуір ҧқсас. Осының ӛзінде
Усть-Нарым қыш ыдыстары
Оңтҥстік-Батыс Қазақстанның қыш ыдыстарына және Орта Азияның
келтеминар мәдениетіне ҧқсас. Ыдыс бҥйірі тҥгел ӛрнекпен сәнделген.
Ӛрнектердің ішінде тарақ тәрізді және жҧмсақ қалыппен кӛлденең тҥсірілген
таңбалар кӛбірек кездеседі.
Усть-Нарым қонысының қыш ыдысы «андроновтан бҧрынғы» тҥрде
және сірә, б.з.б. III мыңжылдықтың екінші жартысында тіршілік еткен
адамдардан қалса керек; ол кезде Шығыс Қазақстан
тайпаларында егін егу
мен мал ӛсіру шыға бастаған болатын.
Мало-Красноярка деревнясы жанындағы неолиттік қоныс жасы жағынан
біраз ҥлкен және б.з.б. III мыңжылдықтың бірінші жартысында орнаған. Атап
айтқанда, қыш ыдысының ӛзгеше сипаты, сағасы дӛңгелек және тік келген
жебе ҧштарының неғҧрлым ертедегі тҥрлері, тас пышақтардың ежелгі бітімі
осыны кӛрсетеді. Қоныстан 200-ден аса тас бҧйымдар (тас тіліктер,
қырғыштар, жебелердің ҧштары, тескіштер, ӛзектастар, пышақтар)
және саз
балшық ыдыстардың сынықтары жиналды.
Семей жанында, Ертістің қҧмайт алаңқайындағы кездейсоқ жинауда
кӛптеген әр тҥрлі тас қҧралдар, қыш ыдыстар сынықтары шықты. Неолит
заманына жататын олжалар Семей облысы (Шығыс Қазақстан) Белокаменка
ауылынан 2-2,5 км жердегі адамдар тастап кеткен Сатшықыз ауылы
маңындағы Қызылсу ӛзенінің оң жағалауындағы екінші сӛреден шыққан. Бҧл
жерде сӛрені шақпақты сланецтер мен кварцтар жыныстары кесіп ӛтеді.
Тҧрақ биігірек телімде, кішігірім бҧлақ ҥстінде орналасқан. Жанынан, ӛзен
арнасымен қатар терең жыра ӛтеді, оның тҥбінен бҥйір шеті тҥзетілген ҥшкіл
тас тілігі мен қара-шақпақты жыныстан алынған тас жаңқа табылды. Тас
88
бҧйымдары (олардың саны 100-ден асады) жер бетінен терілген.
Заттардың
таралған алаңы 900 шаршы метрді қҧрайды. Екі жерден тҥсірілген тікқазба
(шурф) мынадай стратиграфияны анықтады: қалыңдығы 0,05 м шым, ҧсақ
тастар аралас сҧр-сары қҧмдақ, ҧсақ қойтастар мен ірі тҥйіршікті қҧмды
малта тас. Кӛтеріліп алынған материал коллекциясын ӛзектастар, садақ
ҧштары, қырғыштар,
пышақ тәрізді тас тіліктері, шағын тас тақталары мен
ӛндіріс қалдықтары қҧрайды. Ӛзектастар призма бітімді, аморфты, кӛлемі
кішігірім келген. Жҧмыс шеті доғал келген, тас
тіліктерінен жасалған шетті
қырғыштар басым. Кейбіреулрінің бҥйір жағы тҥзетілген. Жоғарғы тҧрпатты
қырғыштар да бар.
Жебе ҧштары екі жағынан ӛңделген, онша ҥлкен емес. Жебе ҧштарының
дайындамалары да ҧшырасады. Кейбір бҧйымдар кӛлемі аса ҥлкен емес, екі
немесе бір жағынан ӛңделген жҥзі моқал тас тіліктеріне негізделген.
Бҧйымдар материалы, негізінен, яшма, халцедон, опал.
Достарыңызбен бөлісу: