145
Айтылып отырған ауданның ең ірі нысаны Бозшакӛл мысты-порфирлі
кен орны болып табылады. Ӛз қоры бойынша ол Қазақстандағы Жезқазған
мен Қоңыраттан кейін ҥшінші орынды иемденеді деп саналады.
Геологтардың
айтуына қарағанда, Бозшакӛлде кен ӛндірудің ісінің ежелгі
іздері кӛптеп байқалады. Одан басқа кӛне кәсіпкершілік нысандарының
қатарына Ескіжҧрт (Спасское), Тезекбайсор, Анненское,
Александровское,
Сарыадыр, Қазанауызды жатқызуға болады. Олардың әрбірінде бҧрынғы
кездегі игеру жҧмыстарының іздері сақталған, бірақ дәл уақытын анықтау
әзірге мҥмкін болмай отыр.
Баянауыл ТКМО-ндағы кен орынды игерудің басталғандығын жанама
тҥрде болса да айғақтайтын қола дәуірінің зерттелген жалғыз ескерткіші кӛне
металлургтердің қонысы Тағыбайбҧлақ болып табылады. Қоныс кейінгі қола
дәуірімен мерзімделінеді.
Успенск-Қарқаралы орталығы Сарыарқаның қақ ортасында, батыста
Сарысу ӛзенінен шығыста Шыңғыс тауларының ең шеткі тарамдарына
дейінгі ҧсақ шоқылардың ең биік бӛлігін алып жатыр. Успенск-Қарқаралы
орталығындағы ең ежелгі кен орындары қатарына жататыны – Успенск. Онда
Қ.И.Сатпаевтың есептеуінше, ежелгі замандарда 200000
тонна кентас
алынған. Успенск кен орнындағы тотыққан кентастардағы мыс ҥлесі 16%.
Ал Ольгинское-Алмалы және Алмалы-Ақбиік кен орындарын қамтитын
Алмалы кентас алқабынан тереңдігі 8-10 м-ге жететін 18 және 17 кӛне кен
шығарылған орындар анықталған.
Бесшоқы полиметалл кен орнынан алғаш рет кҥміс, мыс және қорғасын
кентастары бар ежелгі ҥйінділер табылған.
Успенск-Қарқаралы ТКМО-ндағы маңызды кӛне кен орындарының
қатарына ӛткен ғасырдың орта тҧсында ашылған Қызылтас тауындағы
Самомбет пен Берқара полиметалл кен орындарын жатқызуға болады. Олар
басқаларына қарағанда Қазақстан қола дәуірі
ескерткіштеріндегі металдан
жасалған жарқын бҧйымдар сериясы белгілі болған Қарқаралы қоныстары
мен Кент қонысына жақын орналасқан.
Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 70 км жерде Алтынтӛбе ежелгі кен
орны бар. Кен орны ауданынан бай металл жабдық-саймандары бар қола
дәуірінің жерлеу орындары анықталған. Қоспа-бӛлшектерге қарағанда
табылған бҧйымдардың химиялық қҧрамы кен орнынан алынған кентастар
қҧрамына ҧқсас. Бҧйымдар мен кентастар қҧрамы ӛте
бірегей екендігі
анықталды, сол себепті зерттеушілер оларды мыстың жеке химиялық тобына
бӛлді. Оған қорғасын мен висмуттың мол қҧрамда болуы, кҥшәла мен
сҥрменің аздығы, никельдің тӛмен болуы мен алтынның жоқтығы тән.
Успенск-Қарқаралы ТКМО аумағынан мыс пен қола балқытқан ӛндіріс
орталықтары кӛптеп табылып, зерттелген. Металлургиялық ӛндіріс іздері
Энтузиаст, Усть-Кенетай, Сораңғы, Зеленая Балка, Жосалы, Қомыттың-
Қарашоқысы, Қарқаралы-1-2, Упаис, Мырзашоқы, Суықбҧлақ,
Ақ-кезең,
Шортандыбҧлақ, Бҧғылы-1, т.б. қоныстардан байқалған. Олардың кӛпшілігі
кейінгі қола дәуірінің ақырғы кезіне жатады.