Дін, культ және өнер. Қола дәуірі тайпаларының ӛмірі мен жақсы
тҧрмысы табиғатқа тәуелді болды, сондықтан да адам оған табынды. Әрине,
ең алдымен кҥнге, отқа, жануарлар мен ӛсімдіктер әлеміне табынған
болатын. Кҥн қҧдай нышанын жан-жаққа шашырап тҧрған кҥн сәулесі
тҥрінде берілген әшекейлік тоға-жапсырмалардан, ыдыстардағы меандр
ӛрнектерінен кӛруге болады.
Қола дәуірі тайпаларында отқа табыну культы орын алды, мҧны осы
дәуірде кеңінен таралған мҥрдені ӛртеу ғҧрпынан кӛруге болады. Ӛртелген
сҥйек қалдықтары қола дәуірінің тҥрлі кезеңдеріндегі жерлеу орындарынан
кездеседі. От, ежелгі адамдардың тҥсінігінше, мҥрдені зҧлымдықтан
(сҧрқиялықтан) тазалады және ӛлген адамды жындардан қорғады. Қола
дәуірі тайпаларында ата-баба әруақтарының культы мен о дҥниедегі ӛмірге
сенім болды.
Қола дәуірінде қҧрбандық шалу ғҧрпы келіп шығады. Қҧрбандық
шалатын арнайы орындар қоныстардың жанында орналасты.
Кҥнге, отқа, айға, жҧлдызға, сонымен қатар қорғаушы-әруақтарға
қҧрбандық шалынды.
Адам ой-танымының дамуы оның ӛзі мен табиғат туралы тҥсінігін
кҥрделендірді, діни кӛзқарастарының қалыптасуына жағдай жасады.
Қола дәуіріндегі діни тҥсініктер мен культтар, ежелгі адамдардың ӛнері
туралы маңызды ақпаратты жартас суреттері – петроглифтер береді.
Олардың шоғарлануы рудан тайпаға дейінгі қоғамдық бірлестіктер
пайдаланған тҥрлі деңгейдегі ғибадатханаларды білдіретіндігі анықталған.
Петроглифтерде адамның әлем қҧрылымы туралы тҥсінігі жарқын кӛрініс
тапқан. Кӛптеген сюжеттер мифтермен тікелей байланысты, сондықтан да
қазіргі заман адамына оны тҥсін қою қиын. Қҧйрығынан асылған, аң
терілерін жамылған адамдардың, кҥн басты қҧдайлардың және тҥрлі жабайы
хайуанаттардың кӛптеген бейнелері кездескен. Жартастарда қолын жоғары
кӛтерген немесе жекпе-жекке шығуға даярланып тҧрған кейіптегі екі ер
адамның бейнелері жиі ҧшырасады. Андроновтықтардың жартасқа салынған
сурет ӛнері ежелгі адамның Әлем қҧрылысы жайындағы мәжусилік (пҧтқа
табынушылық) тҥсініктермен тікелей байланысты болды.
Мҧндай бейнелердің мифологиялық сипаты ең алдымен бӛлшектерді
тым асыра суреттеу бойынша анықталынады. Қазба материалдары, және де
петроглифтер бойынша шынайы ҧрыстарда қола балта, найза мен садақ
негізгі қару-жарақ тҥрлері болғанымен суреттерде соңында тас шары бар
ҥлкен кҥрзілер (шоқпарлар) кӛрсетілген. Мифологиялық сюжеттерде басты
кейіпкер пайдаланған қару-жарақтың архаикалық немесе ирреалды сипаты
әрдайым кӛрсетіліп отырады. Әдетте тек қару-жарақ қана емес, кейіпкердің
ер адамдық кҥші де айқын кӛзге тҥсерлік тҥрде беріледі. Қаһарманның
жоғарғы әлеуметтік топтағы арбалы жауынгерлер қатарына кіретіндігін
білдіретін асылып тҧрған қҧйрық суреті де жиі кездеседі.
«Арқа тҧстарын» бір-біріне беріп, зҧлымдық кҥштерімен соғысып жатқан
немесе бірігіп қандай бір қҧбыжықпен алысып жатқан екі кейіпкерді
суреттеген сюжет ӛте кең таралған. Кӛптеген зерттеушілер мҧндай
151
кӛріністерді ежелгі заманда таралған ағайынды-егіздер культымен
байланыстырады.
Қола дәуірінде кең таралған басқа тағы бір маңызды сюжет арба болып
табылады. Оларды ежелгі адамдардың тҥсінігінше тек бахадҥрлер ғана емес,
арбамен қҧдайлар да жҥрген, және де ең алдымен Кҥннің ӛзі арбаны
пайдаланған. Кейде арбалар қарапайым тҥрде бедерленді, дегенмен әрбір
терте, доңғалақ, белағаш, т.б. бӛлшегі мҧқият суреттелгендері де ҧшырасады.
Қҧрбандық шалу, би билеу, ғҧрыптық жекпе-жек, аң терісін жамылу
секілді ғҧрыптық жосын-жоралғы мен салт-дәстҥр бейнеленген кӛріністер де
ерекше қызығушылық оятады. Мҧндай сюжеттер әдетте ғибадатхананың
орталық бӛлігінде, ғҧрыптық іс-әрекеттер атқарылуы мҥмкін жазық
алаңқайлар алдында орналасады.
Орталық Азия ғибадатханаларында немесе мінәжат орындарында
ғҧрыптық жекпе-жек суреттері жиі кездеседі. Жетісуда айбалтамен жекпе-
жекке шығу кӛрінісі Таңбалы, Қҧлжабасы, Қарақыр секілді барлық ірі
ғибадатханаларда ҧшырасады. Қарақыр суреттерінде тек жекпе-жек қана
емес, сонымен қатар жеңімпазға арналаған сый да берілген сияқты. Айталық,
айқасып жатқан екі адам суреті жанында екі аттың шылбыр ҧстап тҧрған
адам бейнеленген. Сюжеттердің бҧлайша сәйкес келуі бірнеше жерлерден
ҧшырасып отырады. Бәлкім, мҧндай кҥрделі сынақтан кейін адамдар
айрықша қҧқық иемденген арбалы-жауынгерлер тобына ӛткен де шығар.
Кӛріністе бедерленген аттар мҧндай жағдайда соғыс арбасына арналды.
Жартас суреттерінде қару-жараққа қатысты басқа да ғҧрыптық іс-
әрекеттер де кездеседі. Таңбалы мен Қҧлжабасыдан айбалта ҧстап билеп
жҥрген адамдар ҧшырасатындығы белгілі. Мҧндай би кезінде билеуші адам
бірден кӛршісіне қарай қисайған, егер ол одан секіріп кетпесе, онда оған
балта тиген. Осындай ғҧрыптарды одан кейінгі уақыттарда ежелгі авторлар
сипаттап жазып кеткен.
Ӛңірдегі Қҧлжабасы мен басқа ғибадатханаларда бейбіт би билеп
жҥргендер бейнесі, қару-жарақсыз адамдардың, кейде кебенек кигендердің де
суреттері бар. Мҧндай билер мен ғҧрыптар ең алдымен қҧнарлылық
культына арналған. Хайуанаттар терісін жамылған, маска мен костюмдер
киген адамдар ежелгілердің тҥсінігінше жер асты кҥштерімен және
әруақтармен байланыстырылды. Кебенек кигендердің биі жабайы аңдар
әруақтары, жер асты кҥштері секілді тҥнек пен зҧлымдыққа қарсы
қайырымдылықтың кҥресін бейнеледі.
Ҥйлесімділік пен хаос арасындағы кҥрес жартас суреттерінде адам мен
алыптар арқылы бедерленген. Алып, дәу немесе жын әрдайым стихиялық
кҥш, оларды қаһарман жеңуі керек немесе билігін мойындатуы тиіс.
Мифологиядағы немесе шынайы тарихты бейнелейтін маңызды
қҧбылыстарды сипаттайтын кӛптеген кӛріністер сан алуан таңбалармен бірге
қосақталынып жҥреді. Әсіресе «кӛз секілді» таңбалар жиі ҧшырасады.
Мҧндай таңбалар кҥйме мен арбаны қарапайым етіп кӛрсетуден шығуы да
мҥмкін. «Кӛз секілді» таңбаның мәні қозғалыс, кеңістік не болмас уақыт
152
бойынша орын ауыстыру, яғни тірі адамдардың қҧдайлар аспаны мен жер
астындағы әруақтар әлемі арасындағы байланыс.
Петроглифтерде әлі зерттеушілерге тҥсініксіз таңба-белгілер кӛп, олар –
тор, баспана жоспары, ирек сызықтар, т.б. Доңғалақты бейнелеген таңбаның
мәні белгілі, ол дәстҥрлі тҥрде Әлемді, Дҥниені, уақыттың жҥрісін
бейнелейді.
Ғибадатханалардағы ежелгі суреттердің маңызды қабаты ӛгіз, жылқы,
тау теке, жабайы аңдарды қҧрайды. Шӛппен қоректенетін аңдарды аулау
кӛрінісі жиі кездеседі.
Қҧнарлылық символы болған жыланның (тау теке де) бейнесі де жиі
ҧшырасады. Жылан тек қҧнарлылық қана емес, сонымен қатар даналықтың,
мәңгілік ӛмірдің, қҧпия сақтаудың және де ӛлімнің символы болды. Жылан
әруақтар мен ӛлілердің жер асты әлемінде, жер бетіндегі адамдар әлемінде де
ӛмір сҥре беретіндіктен, ежелгі адамдар оны екі әлемді байланыстырушы
кҥш ретінде қабылдады. Жыланның қабығын шешіп қалдырып кетуі мәңгілік
ӛмір мен оның даналығы туралы мифтердің келіп шығуына алып келді.
Сондай-ақ, жыланның шағып алуы ӛлім әкелді, яғни адамды ол жер бетінен
жер астындағы әлемге апарды. Тау теке мен жыланның біріккен суреті мҥйізі
жылан секілді ешкі бейнесінде кездеседі. Мҧндай бейнелер Орталық
Азиядағы ғибадатханалардан, соның ішінде Саймалы-Таштан (Қырғызстан)
белгілі болған, бірақ олар Қҧлжабасы мен Қарақыр тауларынан да табылған.
«Кҥн басты» қҧдайлардың бейнесі сирек кездескенімен, олар ӛте
маңызды туынды ретінде саналады. Олар ірі ғибадатханаларда және міндетті
тҥрде орталық бӛлікте ҧшырасады. Бәрінен кӛп кездескен жері – Таңбалы,
Ешкіӛлмес, Қҧлжабасы таулары, Қарақыр ғибадатханасы.
Антропоморфты қҧдайлардың бейнесі қола дәуіріндегі адамдардың діни
тҥсініктері ӛзгеріске ҧшырай бастағандығын айғақтайды. Шаруашылық пен
жеке меншіктің дамуы әлеуметтік топтардың, ӛзіндік иерархияның, адам
қоғамындағы бағыныштылықтың қалыптасуына алып келді. Осыған ҧқсас
иерархия жоғарғы кҥштер арасында да болмай қоймайтын еді. Жоғарғы
кҥштердің тӛменгі қабатына мифтік қаһармандарды, әруақтарды, алыптарды,
ал ортаңғы қабатына қасиетті хайуанаттарды, жоғарғысына – антропоморфты
қҧдайларды жатқызуға болатын сияқты. Мҧндай ӛзіндік Әлем «қабаттарын»
бедерлеген кӛріністер Таңбалыдан анықталған, және де орталық бӛлікте
орналасқан.
Қасиетті жануарлар арасынан ең алдымен ӛгіздің бейнесін ерекше бӛліп
кӛрсетуге болады. Ӛгіз бейнесін қасиеттендіру шаруашылықтағы бҧл
жануардың маңызына, алғашқы ата-баба мен рудың қорғаушысы болған
ӛгізге қатысты тотемдік тҥсініктердің сақталуына байланысты болған еді.
Келесі бір қасиетті жануар ешкі (тау теке) болды. Бҧл жануар
қҧнарлылық символы болған еді. Қҧнарлылық әруақтары ешкі терісін киді.
Қҧлжабасы тауларынан садақпен жабайы ешкіні атып тҧрған мҥйізді ешкі
маскасын киген адам суреті табылған. Таңбалыдан ешкі терісін жамылғандар
бейнесі кездескендігі белгілі. Жетісу ғибадатханаларында жабайы ешкіні
аулап жатқан садақшылар суреттері кеңінен таралған.
153
Жетісу мен Оңтҥстік Қазақстан петроглифтерінде қос ӛркешті тҥйе
бейнесі маңызды орын алады. Бҧл жануар далалық тайпалар ӛмірінде ҥлкен
рӛл атқарды, ӛйткені дала мен шӛл арқылы алыс қашықтықтарға кӛшуге
мҥмкіншілік берді. Нәтижесінде қола дәуірінде тҥйе культы қалыптасты.
Тҥйелердің бейнелері ең кӛп кездескен Қаратау жотасы болып табылады.
Ондағы
Арпа-Ӛзен
ғибадатханасындағы
жартастарда
айналасында
жануарлардың ҧсақ суреттері бар кӛлемі 1,5-2 м тҥйе бейнелері қашап
салынған.
Егіншіліктің дамуы нәтижесінде Кҥн культы ерекше маңызға ие бола
бастайды. Осыған байланысты антропоморфты фигуралардағы жоғарғы
қҧдайлардың басы сәулесін шашып тҧрған дӛңгелек кҥн пішінінде берілуі
кездейсоқтық емес.
Қару-жарақ ҧстанған жауынгерлер мен арбалы сарбаздардың сан тҥрлі
кескіндері жауынгерлік культтың қалыптаса бастағандығын кӛрсетеді.
Арбаны жҥргізіп отырған және жалғыз ӛзі соғысып жатқан жайынгер
уақытының негізгі бӛлігін әскери іске машықтануға арнауы тиіс, сондықтан
да арбалы сарбаздар шаруашылық қызметтерден босатылды да, кәсіпқой
жауынгерге айналды. Шаруашылық қызметтерден босатылудан басқа
жауынгерлер соғыс олжасының бір бӛлігін алу, әскери кеңестерге қатысу
сияқты ӛзге де артықшылықтар иемденсе керек.
Қҧрбандық шалу культы, ең алдымен ӛгізді қҧрбандыққа шалу, сірә,
қҧнарлылықпен қамтамасыз ету және әлемдік тепе-теңдікті сақтап тҧру ҥшін
жасалған
сияқты.
Ӛгізді
қҧрбандыққа
шалу
культы
Таңбалы
ғибадатханасында ӛте айқын берілген. Кӛріністердің бірінде қозғалмай
тҧрған ӛгізді балтамен басынан ҧрып тҧрған адам бейнеленген. Адамның
арқа тҧсында солярлық таңба кӛрсетілген, бҧл болып жатқан іс-әрекеттердің
культтық мәнін кӛрсетеді. Оның жанындағы кӛрші жартасқа буаз сиыр
(ішіндегі бҧзауы да) қашап салынған, ал одан ары ӛгіз ҥстінде тҧрған
қҧнарлылық жоғарғы қҧдайы суреттелген.
Ғибадатханалардың мыңжылдықтар бойы қызмет етуін былайша
тҥсіндіруге болады: қола дәуірінде қалыптасқан негізгі культтар ӛз мән-
мағынасын келесі дәуірлерде, тіпті дамыған орта ғасырларға дейін де жойған
жоқ. Ертедегі таным-тҥсінік ҧшқындары аздап ӛзгеріске ҧшырағанымен
халық жадында ҧзақ уақытқа дейін сақталып келді.
154
Достарыңызбен бөлісу: |