213
балалардың қабірлері платформаға қарай шоғырланған. Сол себептен де
мҧндай кез келген қҧрылысты махалла қауымының зираты деп анықтауға
болады.
Оңтҥстік Қазақстан қалалары мен
қоныстарынан алынған қазба
материалдары тек кедей немесе тек бай махаллалардың болғандығын
кӛрсетпейді. Сонымен бірге жекелеген ҥй иеліктері ауданындағы
ӛзгешеліктер, табылған олжалар сипаты бір махаллада мҥліктік жағдайы
әркелкі дербес отбасылардың болғандығы туралы сӛз қозғауға мҥмкіндік
береді.
Таксономия, жоспарлау, еден жайы (жер бетіне немесе жерден тӛмен),
жабын сипаты, ошақтың орналасуы мен қҧрылысы секілді маңызды
принциптердің
қолданылғандығын
баспаналардың
типологиясы
да
нақтылайды. Анықтайтын негізгі белгілердің бірі ҥйді жоспарлау болып
табылады, сол себепті де баспаналар эволюциясында ең алдымен ҥйдің
бастапқы ӛзегін нақтылап, одан тҥрлі жолдар (сегментация, қосылу) арқылы
белгілі бір баспана кешендерінің қалыптасуын айқындау қажет. Бҧл ретте
баспана
сипаты әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторлар
бойынша анықталды. Архитектуралық шешім мен қҧрылыс техникасына
этникалық ӛзгешелікке барып тірелетін мәдени дәстҥршілдік ықпал етуі
мҥмкін.
Ҥйлердің ҥш тҥрі кӛзге айқын тҥседі.
Бір бӛлмелі жер бетіне салынған ҥй жоспары бойынша шаршы немесе
тік бҧрышты болып келеді. Жоспары, жиһаз-мҥлкі осындай жерге аздап кіріп
тҧрған ҥйлер де оған ҧқсас. Ошақтар ашық тҥрде, олар тікбҧрышты немесе
артқы бӛлігі дӛңгеленген, бҧл кҥлді алу ҥшін қолайлы.
Каминдер, немесе «қабырға ошақтар» қабырғаға ойып жасалған әркелкі
кӛлемдегі сфера тҥріндегі ойықтардан тҧрады. Еден бетіндегі ошақтар мен
каминдердің функционалдық мәні біркелкі емес: алғашқылары ҥйді жылыту
және тамақ жасау ҥшін қолданылды, екіншілері нан пісіруге пайдаланылды.
Хумдар, артық ӛнімдерді сақтауға арналған ыдыстар ҥйдің бҧрышы мен
сыпаларда (суфа) орналасты. Сақтау ҥшін олардан басқа кҥйдірілмеген саз
балшықтан жасалған бӛшке тәрізді және
дәл осындай шикі балшықтан
жапсырылып жасалған астау секілді ыдыстар пайдаланылды.
Ҥй иеліктерінің ауданы ӛзгеріп тҧрады: ҥлкендері – 35-тен 45 шаршы м-
ге дейін, кішілері 12-ден 20 шаршы м-ге шейін. Ауданы 20-35 шаршы м
ҥйлер бәрінен кӛп (85%). Ҥйдің кӛлемі жабын (шатыр) сипатына да әсерін
тигізді. Ҥлкен ҥйлердің жабынына тӛрт бағана-тіреу қойылды. Орташа
ҥйлерде тіреуіш ретінде бір бағана-тіреу қолданылды, оған ҧзынынан бір
немесе айқастырылған екі бӛрене тіреліп тҧрды. Кішкентай ҥйлер жабынын
тек қабырға ғана кӛтеріп тҧрса керек.
Екі бӛлмелі ҥйдегі екінші бӛлме сегментация арқылы бастапқы
шаруашылық-тҧрғынжайдан
іргелі
қабырғамен
бӛлінген.
Ҥйдегі
қоймалардың орналасуы жатын бӛлмеге қарағанда әр тҥрлі: ҥйдің ішкі
жағында, алдында (анфиладты жоспар) және бҥйірінде. Қоймалар ауданы 8
214
шаршы метрден аспайды. Мҧндай ҥйлер Кӛк-Мардан, Мардан-Кҥйік
қалаларынан аршылған.
Кӛп бӛлмелі ҥйлер ҥштен беске дейінгі бӛлмелерден тҧрады, олардың бірі
сыпасы екі немесе ҥш қабырғаны бойлай орналасқан жатын бӛлме. Едендегі
ошақ дӛңгелек немесе тік бҧрышты алаңқай секілді, оның жанындағы камин,
шаруашылық бӛлік жататын жайдың негізгі бӛлшектері болып табылады.
Қоймаларда хумдар, саз балшықтан жасалған ҥлкен ыдыстар тҧрды. Оған
Қостӛбе, Пҧшық-Мардан қалаларындағы қҧрылыстар ҥлгі бола алады.
Баспаналардың барлық аталған типтері І-мыңжылдық соңынан бастап
Оңтҥстік Қазақстан қалалары мен қоныстарында дәстҥрлі тҥрде сақталды.
Олар Алтын-Асар (Сырдарияның тӛменгі ағысы), және де кӛрші ӛңірлердегі,
мысалы VІІ-VІІІ ғасырларға жататын Гардани-Хисор қоныстарындағы
қазбаларға ӛте ҧқсас болып келеді.
Гардани-Хисордағы бір, екі, ҥш бӛлмелі
ҥйлерде П тәрізді сыпалар, дән сақтайтын ыдыстар болды. Егер бір бӛлмелі
ҥйлерді шаруашылық және жататын жайға бӛлу онша байқала қоймаса, екі
бӛлмелі ҥйлердің біреуі қойма қамбадан тҧрғандығы анық. Баспаналарды
ӛзара жақындастыратын тағы бір бӛлшектің бірі – ҥйді жылыту ҥшін, тамақ
дайындау ҥшін екі-ҥш ошақтың салынуы болып табылады. Гардан-
Хисордағы кҥмбезді ошақтар (Кӛк-Марданда каминдер) тҥбінде саз
балшықтан жасалған нан пісіретін тапалар орналасты.
Пенджикент пен Кӛк-Мардандағы тӛрт бӛлмелі ҥйлер жоспарында ортақ
белгілер бар. Оңтҥстік Қазақстандағы баспаналар Балалық-тепе, афригидтік
Хорезм, Памир, Зеравшанның жазық бӛлігіндегі кешендерге ҧқсас.
Қалалардың тҧрғын жайларынан ғҧрыптық және зайырлы сипаттағы
қҧрылыстар да бірден байқалады. Мәселен, Кӛк-Марадандағы тӛрт ҥйден
«ғҧрыптық бҧрыштар» анықталған, алайда мҧндай ҥйлердің санын сақталуы
нашар болғандықтан дәл анықтау мҥмкін болмай отыр.
Қоныстар мен
қалалардан табылған саз балшықтан және алебастрдан жасалған пҧттар
олжалары ғибадатхана секілді ғҧрыптық бӛлмелердің болғандығын растайды,
мҧндай заттар Қайрағаш усадьбасынан да анықталған.
Махаллалық
ғибадатхана тек Кӛк-Мардан қаласынан табылған.
Ғибадатхананың тікелей аналогтары жоқ, бірақ оған ҧқсас орындар Гуяр-қала
қаласындағы залдан анықталған, онда қабырғаға мҥйіз тҥріндегі
жапсырмалар орнатылған қуыс жасалынған.
Архар мҥйізді әшекейлер, пҧттар, керамикадағы зооморфты сюжеттер
табыну нысаны болған Топырақ-қала қаласындағы храмның ашылуы
Хорезмдік кушан-афригид мәдениетіне қойдың культы кеңінен тараған
сырдариялық мәдениеттің ықпалын кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: