218
Алайда, бҥкіл қорым алқабы «тҥрлі кезеңдерге
жататын обалар кешенінен,
жекелеген молалардан тҧрады, олар уақыт ӛте келе бір ҥлкен массивке
айналған» деп те кӛрсетіледі. Қазба жҧмыстары оба астындағы
катакомбаларда, оба астындағы қабірлер мен жер ҥстіндегі сағаналарда
жҥргізілген. Катакомбалар міндетті тҥрде террасаның жоғарғы жағында және
беткейдің ең жоғарғы бӛлігіне орналасады. Ал сағаналар беткейдің тӛменгі
жағында. Сағаналар орнында қалыптасқан жоталар
алып жатқан беткейдің
террасасы тӛменгі террасада орналасқан Жуантӛбе қаласына қарай
бағытталған. Катакомбада жерленген обалы қорым материалдары ерте
уақытқа жатады (б.з.б. І ғасыр – б.з. ІV ғасыры). Бӛріжар қорымы
(катакомбалы жерлеу мен сағаналарда жерлеу) Арыс ӛзенінің орта
ағысындағы Жуантӛбе мен Қараспан секілді ірі екі қаланың қорымы секілді.
Дәлізді (дромосты) катакомбалардан тоналған ҧжымдық қабірлер
тазартылған.
Керамика, сондай-ақ қҧты сауыт (фляга), темір пышақ
сынықтары, моншақтар табылған. Қыш ыдыстарына қарағанда, катакомбалар
І-ІV ғасырларға жатады. Осы уақыттарда Жуантӛбе мен Қараспан қалалық
қоныстары қалыптасқан болатын.
Сағаналарға қойылған оба астындағы қабірлер ҥстіне қҧрылыстар
салынған. Олардың жер бетіндегі жоспары тік бҧрышты тҧрпатта және де
шикі кірпішпен кҥмбезделген жабынмен жабылуы да ықимал.
№1 сағана диаметрі 20 м-дей, биіктігі 2,8 м жота астынан аршылған.
Жайылмаға қараған солтҥстік беткейі тік болып келген.
Екі жерлеу
камерасына ӛтетін жері бар бҧл сағананың негізіндегі ҧзындығы 15 м, ені 12
м. Жерлеу камералары еденінен бастап есептегендегі қабырғасының биіктігі
1,2 м, ал солтҥстік-батыс шетіндегі сыртқы бӛлігінің биіктігі 1,8 м.
Қҧрылыс кезінде, камералар еденінің деңгейінен бастап, қҧрылыс
қабырғасы кӛтерілген пахса платформа салынса керек. Оның камера ішіндегі
сыртына ірі малта тастар қаланған, ал ҥстіне саз балшық қҧйылған.
Камераларға кіретін есіктері орналасқан оңтҥстік-батыс қабырға қалыңдығы
1,3-1,25 м (1,2 м биіктік деңгейінде), 1,2 м биіктіктегі оның еңістігілігі 0,3 м.
Камераларды бӛліп тҧрған қабырға қалыңдығы 0,7 м.
№1 камера кӛлемі 2,3х2,8 м. Оған ені 0,4 м, биіктігі 0,9 м, ҧзындығы 1,5 м
жебе ҧшты арка арқылы ӛтуге болады. Тегіс еденіне алдымен тас тӛселіп,
бетіне саз балшық қҧйылғандығы анықталған. Камераға кіретін тҧс бҥйірінен
қаланған кӛлемі 50х25х10 см кірпішпен ӛрілген.
Камераның солтҥстік-батыс бҧрышынан, қазіргі жер бетінен 1,05 м
тереңдіктен қыш қҧмыраның (биіктігі 46 см) ауызы аршып алынған. Бҧл
деңгейден адам қаңқасының шашылып кеткен сҥйектері (саусақ, жамбас, тіс,
жақ сҥйек бӛлігі) кездесе бастаған. Еден астындағы қабаттан (тереңдігі 1,1-
1,25 см) шіріген және шашылып жатқан қаңқа сҥйектері ҧшырасқан.
Солтҥстік-батыс қабырғадан ірі қҧмыраның бір бҥйірімен жабылған бас
сҥйек аршылған. Қасынан басқа да қҧмыралардың
сынықтары аршып
алынған.
Сағана еденінен, шамамен орта тҧсынан басқа бір қаңқаның жамбасы мен
аяқ сҥйектері тазаланған. Қалған сҥйектері камераның еденінде шашылып
219
жатыр. Бҧл деңгейден тағы бір қаңқаның сҥйектері, соның ішінде тӛменгі
жақ сҥйегі, қабырға, иық және жамбас сҥйектері анықталған.
Сӛйтіп, №1 камерадан мҥрделер жерленген еденнің екі деңгейі (қабаты)
анық байқалған. 2,2 м тереңдіктегі алғашқы еденге ӛзен малта тас тӛселіп, саз
балшық қҧйылған. Бҧл еденнен бас сҥйегі жоқ екі қаңқа шыққан. Ол жерден
екі темір пышақ, белбеудің екі ірі айылбасы, жебе ҧштары табылған. Еденнен
20 см жоғарырақта екінші еден анықталған. Одан бас сҥйегі бар қаңқа мен екі
қыш қҧмыра шыққан.
№2 камераның ауданы 2,1х2,7 м. Камераға ӛтетін жер №1 камераға ҧқсас
болғанымен, оған шикі кірпіш ӛрілмеген.
1,1 м тереңдіктен аздап қисайып жатқан, аяқтары 1,55 м тереңдіктен
анықталған бас сҥйегі жоқ қаңқа аршылған.
Қаңқа анатомиялық тәртіппен
жатқан, бірақ бас сҥйегі, оң аяғы жоқ, сол аяғының сҥйектері тізеден тӛмен,
саусақ сҥйектері шашылып кеткен. Мойын омыртқаларының тҧсынан
алқаның сан алуан моншақтары мен жҥзік сияқты қола сырға
жинастырылған. Мҧның сағана жартылай бҧзылған кездегі кейінгі
замандарда жерленген кешен екендігі анық.
№2 камераның алғашқы едені 2,2 м тереңдікте болды. «Тҥсірілген»
қабірді алып тастағаннан кейін 1,75 м деңгейден негізінен еденде тҧрған
шашылған қаңқа сҥйектері, қҧмыра ернеулері шыққан. Бҧл қалыңдығы 0,35-
0,4 м болатын едендік қабаттан 7-ден кем емес қаңқа тазартылған. Ӛйткені
солтҥстік-шығыс және оңтҥстік-батыс бҧрыштарға ҥйілген 7 бас сҥйек пен
ҧзынша келген қҧйымшақтар табылған. Олардың арасынан 6 қыш қҧмыра
(ҥш қҧмыра, 3 кӛзе); қола айна сынығы, 8-ден кем емес жебе ҧштары (темір,
ҥш қалақты, сапты); темір айылбастар мен пышақтар; 2 қола айылбас (аяқ
киімдікі болуы мҥмкін), қола тҥйреуіш; 2 сҥрме
тас таяқшасы; 2 янтарь, 4
хрусталь моншақтар; ҥш тас ҧршықбас; шарикті-алқалы сырға; гранат
орнатылған және тҥйіршіктер жапсырылған алтын кулон аршып алынған.
№2 сағана біріншісінен оңтҥстік-шығысқа қарай орналасқан. Қазбаға
дейін ол диаметрі 8х9 м, биіктігі 1 м-дей жайылып кеткен дӛңгелек тӛбешік
тҥрінде болды. Сағана шаршы пішінді. Сыртқы контуры бойынша ӛлшемі
3х3 м, жерлеу камерасының ӛлшемі 2х2 м. Сақталған биіктігі 0,7-0,75 м.
Камераға кіретін есік оңтҥстік-шығыс қабырғаның
ортасында орналсса
керек, алайда бҧл қабырға ішінара тонаушылар тарапынан бҧзылған. Еденге
ҧсақ және орташа ӛзен малта тастары тӛселген.
Камераны тазалау барысында қазіргі жер бетінен есептегенде 0,2 м
тереңдіктен қола айылбас табылған. 0,3 м тереңдіктен қола айнаның бӛлігі
шыққан.
Қалған олжалар жерлеу камерасының еденінде шоғырланған. Бҧл жерден
екі бас сҥйек пен толық сақталған екі қаңқа аршылған. Сҥйектердің барлығы
солтҥстік-батыс қабырға жанына ҥйіліп қойылған. Сҥйектер арасынан екі
жебе ҧшы, темір пышақ сынығы, 6 қола тоғадан тҧратын белбеу жиынтығы
(екеуі «жалған айылбас») алынған.
Сағаналардағы (наустардағы) жерлеулер Сырдария ӛңірінде, зеравшанда,
Жетісуда исламға дейінгі уақыттарда кеңінен таралған болатын. Бӛріжар
220
сағаналарына ҧқсас ескерткіштер Ташкент жазирасынан және кӛршілес
Тҥркістан жазирасынан (Шаға мен Сидақ некропольдері) да
белгілі болып
отыр. Олар ерте орта ғасырлармен мерзімделінеді. Аршылған Бӛріжар
сағаналары VІ-VІІІ ғасырлармен мерзімделген.
Сағаналардың бір бӛлігі V-VІ ғасырлармен мерзімделінеді.
Достарыңызбен бөлісу: