Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет125/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   157
Қазақстан археологиясы

Сауда мен тауарлар. Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге 
шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан
Ҥндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен 
осынау кҥре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен 
мҧсқат жаңғағы, жень-шень мен питонның ӛті, кілемдер мен маталар, 
бояулар мен минералдық шикізат, гауһар мен яшма, янтарь мен маржандар, 
піл сҥйегі мен «балық сояулары», қҧйма кҥміс пен алтын, ҧлпандар мен 
теңгелер, садақтар мен жебелер, семсер мен сҥңгілер, т.б. кӛптеген заттар 
әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен саудаға салу ҥшін Ферғананың 
атақты «тері қан боп шығатын» сәйгҥліктері мен араб арғымақтарын, тҥйелер 
мен пілдерін, мҥйізтҧмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, 
қаршығалар мен тауықтарды, тоты қҧстар мен тҥйеқҧстарды алып жҥрген. 
Жібек жолы арқылы жҥзім, шабдалы мен қауындар, бҧрыш, қалампырлар, 
қант, кӛкӛніс пен жемістер, әртҥрлі кӛктер әлемге таратылған. Дегенмен 
сауданың ең басты жібек болған. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта да 
болды, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы 
етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен тӛлеген. Керуен жолымен 
тасылатын жібек пен басқа да тауарлардың бір бӛлегі қазақ даласының 
қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар соның айқын айғағы. 
Мәдениеттердің өзара ықпалы. Тауарларды, қолданбалы ӛнердің, сәулет 
ӛнері мен қабырға суретінің мәдени ҥлгілері мен эталондарын таратумен 


343 
бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен би ӛнері де, сахналық ойындар да 
кеңінен таратылып отырған. Шетел оркестрлері сарай қызметіндегі кісілер 
қҧрамына енгізілген. Мәселен, Сюань Изунь патша 30 мың сазгер ҧстаған. 
Тҥрік қағанының Суяб тӛңірегіндегі ордасында елшілерді қалай қабылдағаны 
жӛніндегі сипаттама сақталып қалған. «Қаған, – деп жазады сол сияпатты 
кӛзімен кӛрген будда сопысы Сюань Цзянь, – шарап әкеліп, саз ойнауға әмір 
етті... сосын бір ҥзілмей, металл сыңғырымен сҥйемелденген жатжерлік саз 
әуезі тамылжып тӛгілді де тҧрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен, 
тыңдаушылардың қҧлақ қҧрышын қандырып, жаны мен ойын жадыратып 
отырды».
Иран, соғды мен тҥрік актерлері әлем хореографиялық мәдениетіне 
кӛптеген жаналықтар енгізеді. Мәселен, Константинопольде Шығыс 
артистері жиі-жиі ӛнер кӛрсетіп тҧрады.
Жібек жолы бойынан әртҥрлі жердегі ескерткіштерді қазған кездері 
мәдениеттердің дамуын және ӛзара бірін бірі байытуын дәлелдейтін кӛптеген 
материалдық дәйектер табылған: бишілер мен биші әйелдерді, маскалы 
актерлерді, тҥйе ҥстіне жайғасып отырған музыкалық ансамбльдерді 
бейнелейтін Тан дәуірінің терракота топтамасы – осының айғағы. Мҧндағы 
кӛптеген артистердің бет бейнесінен Орта Азия халықтары ӛкілдері екені 
кӛрініп тҧр. Пенджикенттің, Варахша мен Топырақ қаланың және Шығыс 
Тҥркістанның қалаларындағы салтанат залдарында сақталып қалған 
қабырғалардағы суреттерде сазшылар мен актерлер бейнеленген. Биші 
әйелдің ағаштан қашалған таңғажайып мҥсіні Пенджикенттен табылған. 
Сырдария бойындағы Кедер қаласында қазба жҥргізген кезде X-XI 
ғасырлардағы артистің қыш маскасы кездескен. Терракота маскалар 
Қҧланнан да табылған. 
Дін соқпақтары. Жібек жолымен діни идеялар да кең таратылып 
отырған, ал кейбір миссионерлер ӛз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі 
елдерге барып таратқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Қытайға 
буддизм Ҥндістаннан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бҧл әрекет 
б.з.б. I ғасырда басталған. Шығыс Тҥркістан мен Қытайға будда дінін 
таратуда ортаазиялық діндарлар мен миссионерлер, әсіресе соғдылар
парфяндар мен кангюйлер кӛп еңбек сіңірген. Б.з. II-III ғасырларында 
буддизм белсенді тҥрде таратылған, тегі, бҧл Кушан империясының 
Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ҧқсайды. 
Ерте ортағасырларда буддизмнің негізгі миссионерлері қызметін 
соғдылар ӛз міндетіне алған. Будда дінін Орталық Азияда тарату ісінде солар 
маңызды рӛл атқарады. Шығыс Тҥркістандағы тҥріктердің будда 
мәтіндеріндегі терминдерді талдап тексергенде, олардың соғдының 
кӛмегімен алынғаны анықталды. Ҧлы Жібек жолы ҥстіндегі бірқатар 
қалалардан будда ескерткіштері табылды. 
Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып отырып, 
буддизмнен қалмай христиан діні де тараған. V ғасыр бірінші жартысында 
Шығыс Рим империясында діндар Несторий ҥмбеттерінің «дінсіз» мазһабы 
пайда болады. Несторий ізбасарларын Мария бике қҧдайды емес, адамды 


344 
туды, Христос тек «қҧдайдың шапағатынан тҥскен», оның рухының иесі ғана 
деп ҥйретеді. Оның пікірі бойынша, Мария бикені тәңірия демей, Христосты 
туушы деген дҧрыс. Атап айтқанда оның осы жаңалығы қалың кӛпті әбігер 
етіп, береке-қҧтын қашырды. Бҧл 325 жылы Никей соборында қабылданған 
дін бейнесіне қарама-қайшы келеді, ол қағида бойынша, Христос бӛлуге 
болмайтын ипостастың – адамдық және қҧдайлық киелі қасиеттің иесі болып 
есептелетін, сол себепті де оның қҧдай-әкемен біртамырлас екенін жоққа 
шығаруды ресми шіркеу барып тҧрган дінсіздік деп таниды. Несторийдің 
ілімі 431 жылы Эфес соборында айыпталып, несториандар рақымсыз 
қаталдықпен қудалана бастайды. Осындай қуғын-сҥргіннің салдарынан олар 
шарасыздықтан Иранға қашады.
VII-VIII ғасырларда несториандық ағым Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу 
қалаларында кеңінен тарайды. Кӛптеген қалаларда христиан шіркеулері 
болады. Жамҧқат пен Науакет қалаларының мазарларын қазған кезде 
олардан кҥміс және қола айқыштары (крестері) бар христиандар қойылғаны 
анықталды. Қызылӛзек қала-жҧртынан нефрит айқышының кездейсоқ 
табылғаны да елге мәлім. Шымкент музейінде Тӛрткӛлтӛбе қала-жҧртынан 
табылған, бҥйірінде христиандықтың белгісі – айқыш пен кӛгершін салынған 
келі қойылған. Таразды қазған кезде VI-VIII ғасырлар қабатынан сирия 
жазуымен «Петр мен Гавриил» деген жазуы бар қыш саптыаяқ кездесті. 
Жетісуда 
христиан 
қауымының 
болғаны 
туралы 
деректі 
қҧлпытастардағы сирия жазуларынан ғана емес, қыш ыдыстардағы, ҥлкен 
хумдардың мойындарындағы соғды жазуларынан да байқауға болады.
Жібек жолымен III ғасырда Иранда пайда болған манихейлік діні де 
тараған, ол аз уақыт ішінде жеделдетіп Италиядан Кытайға дейін жайылады. 
Тҧтас алғанда ол зороастризм мен христиан дінінің қорытылуынан туған. 
Христиан дінінен ол мессиандық идеясын, ал зороастризмнен – жақсылық 
пен жамандықтың, жарық пен қараңғының кҥресі идеясын алады. Соғдылар 
манихейлікті таратуда да жетекші рӛл атқарады. VIII-ғасырдың бас кезінде 
манихейлердің жоғарғы басшысының Самарқандта сарайы болған. 
Манихейлік дін Орта Азияда ҧзақ уақыт бойы ӛмір сҥрген, сонда оның 
пантеонына, терминологиясына, тіпті концепциясына дейін буддизм қатты 
әсер еткен. 
Манихей дінінің ӛкілдері Жетісу мен Оңтҥстік Казақстанда, ең алдымен 
отырықшы жҧрт арасында болған.
Ортағасырлардағы Казақстан қалалары тҧрғындары арасында б.з.б. VII-
VI ғасырларда ежелгі Иран аумағында туған (кейбір мамандар қола дәуірінде 
Қазақстан аумағында қалыптасқан дейді) зороастрлық діннің де ӛкілдері 
болған. Оның әдет-ғҧрпы бойынша әлемнің тӛрт нәрсесі – су, от, жер мен ауа 
киелі деп қатты қҧрметтеледі. Зороастр діні ескерткіштерін Орта Азиядан
Соғдыдан, Сырдария қалалары мен Жетісудан кездестіруге болады. Олар 
мҧнара секілді қҧрылыс қалдықтары, әдетте от мҧнараларына ҧқсайды. Олар 
Костӛбе мен Қызылӛзек қала-жҧртының топографиясында сақталған. Алайда 
Орта Азия мен Қазақстанда зороастрлықтың қағидаға айналған ҥйреншікті 
тҥрі емес, айрықша тҥрі таралған. Ол жергілікті мәжусилік байырғы дін мен 


345 
отқа, ата-бабалар аруағына, жануарларға – қойға, ат пен тҥйеге 
табынушылықпен сіңісіп, бірге ӛріліп кеткен. Осы дінге байланысты 
табылған нәрселер: мҥрдені оссуарийлерге – қыш жәшіктерге, хумдарға 
салып жерлеу, ӛлікті жер бетіндегі бейіттерге — наустарға қою, сҥйекті ҥйіп 
жерлеу сияқты болып келеді. Зороастр дініне байланысты кӛптеген 
табынудың жосын-жоралғылары Қазақстан қалаларында ислам пайда 
болғаннан кейін де сақталып қалды. Мысалы, Тектҧрмас, т.б. 
ескерткіштерден бҧл кӛрініс анық байқалады. 
Дегенмен Қазақстанда бел алған ислам бірте-бірте христиан дінін де, 
будда дінін де, зороастр дінін де, жергілікті тәңіріге табынушылықты да 
ығыстырып, ысырып тастады. Жаңа «хақ» дін Жібек жолының кӛптеген 
қалаларында біржолата орнықты.
VIII-IX ғасырлар оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтҥстік Қазақстан 
халқының жаппай ислам дініне кіргенін жазады. 840 жылы Нҧқ ибн Асад 
Испиджабты бағындырады. 859 жылы оның інісі Ахмед ибн Асад Шауғарға 
жорық жасайды. 766 жылдан бастап Жетісуға және Казақстанның оңтҥстігіне 
саяси ӛктемдігін жҥргізген қарлҧқтар мҧсылман мәдениетінің ықпалына 
ӛзгелерден гӛрі бҧрынырақ тҥседі. Олар исламды тіпті Махди халифтың 
(775-785) кезінде қабылдады деген де пікір бар. Алайда бҧл пікір олардың 
белгілі бір бӛлігі жӛнінде ғана болса керек, ӛйткені 853 жылы Исмаил ибн-
Ахмад Таразды алғанда «оның басты шіркеуін мешітке айналдырады». 
X ғасырдың бас кезінде Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатҧқ 
исламды қабылдайды, ал оның ҧлы Бограхан Харун б. Мҧса 960 жылы 
исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Жаңа дін біртіндеп кӛшпелілер 
арасына да тарайды. XI-XIII ғасырларда ислам дінінің қыпшақтар арасына 
таралғаны жӛнінде де мәліметтер бар. 
IX ғасыр мен XIII ғасыр бас кезі аралығындағы ескерткіштерге 
археологиялық қазбалар жҥргізген кездері сол аймақта мҧсылмандардың 
калалық мәдениетінің қҧрылып, қалыптаса бастағанын байқалады. Тараз бен 
Меркеде христиан шіркеулері мешіттерге айналдырылады. Исламды 
ҧстанатын халық саны кӛбейген сайын қалаларда ҥлкен мешіттер салына 
бастайды. Сӛйтіп, осы кездерден бастап Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу 
аймағында ислам мәдениеті таралды. Мҧны ортағасырлық қалалардан 
аршылған мешіттер мен медреселердің орындары да айғақтайды. 
Исламды тарату заманы кезінде Орта Азия мен Қазақстан қалаларында 
пайда болған қҧрылыстар қатарына қоғамдық моншалар да жатады. IX-X 
ғасырлардың екінші жартысында ӛлікті жер қазып қабірге қою, шикі 
кірпіштен мола жасап қою ғҧрпы ӛзгертіліп, мәйіттің басы қҧбылаға 
қаратылып қойылатын болады. Қабірге әртҥрлі заттар қойылмайтын болады. 
Мҧсылмандардың ең ертедегі қорымы Отырар кӛгалды аймағында IX-X 
ғасырларға пайда болған, ал Борана қаласындағы мҧсылмандық қорым X 
ғасырға жатады.


346 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет