347
Зертеушілердің кӛпшілігі бҧл кӛзқарасқа қарама-қарсы пікірді
ҧстанады, кӛшпенділерді аздап ҧлықтап,
олардың жосын-жоралғыларын,
ҥлкендерге деген қҧрметін, қонақжайлығын, ағайынгершілігін, еркіндік
сҥйгіштігін баса кӛрсетеді. Олар тіпті ҧлы дала хандарын
халық сыйлаған,
қҧрылтайларды тек ауқатты ру ӛкілдері мен тайпа ақсҥйектері ғана емес,
қарапайым сарбаздар, батырлар маңызды рӛл атқарғандығын қайран қала
сипаттап жазады.
Бірақ-та «кӛшпелі әлемді» онымен кӛршілес
отырықшы және қала
мәдениетінен бӛліп қараған дҧрыс емес. Олардың арасында экономикалық
және мәдени байланыстар сан ғасырлар бойы қалыптасып, тығыз дамып
отырды. Сауда, мал шаруашылығы ӛнімдеріне деген сҧраныс мал
шаруашылығының дамуына әсер еткен маңызды факторлар болған еді.
Саудаға, қолӛнер мен ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛткізуге
қала мен
дала тҧрғындары ӛзара мҥдделі болған.
Әлбетте, кӛшпенділер мен жер ӛңдеушілер қатынасы ҥнемі бейбіт тҥрде
бола қойған жоқ. Кӛшпенділердің жойқын шапқыншылықтары мен
шабуылдары туралы кӛптеген тарихи дерек кӛздері сақталған, бірақ
отырықшы халықтардың билеушілері де далалықтарға
қарсы олардан кем
емес қатал жорыққа шыққандығы жӛнінде мәліметтер де бар.
Тарихта кӛшпенділер мен отырықшы халық бірлесіп сыртқы жауларға
қарсы кҥрескендігі жайлы мысалдар да жеткілікті. Айталық, VІІІ ғ. бас
кезінде тҥріктермен бірлескен Соғды, Шаш және Ферғана тҧрғындарының
коалициясы Орта Азияға басып кірген араб экспансиясына қарсы тҧрды.
Жалпы алғанда, Қазақстан мен Орта Азияның отырықшы облыстарының
дала кӛшпенділерімен тарихи заңдылықтағы
қарым-қатынастарының дамуы
тығыз экономикалық байланыстармен анықталды. Бейбіт қарым-қатынастар
кӛбіне бір мемлекет, бір экономикалық қҧрылымдағы олардың қарқынды
дамуына жағдай жасады.
Ежелгі
және ортағасырлық тарихта тҥрлі
факторлар әсерінен
кӛшпенділердің отырқшылық пен қалалық тҧрмысқа ӛтуі жиі болып тҧрды.
Достарыңызбен бөлісу: